Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Әлемдік БАҚ тағы Қазақстан: Мұнай танкеріне шабуыл, Орта дәлізге бөлінген қаржы, кәсіптегі әйелдер

Әлемдік БАҚ тағы Қазақстан: Мұнай танкеріне шабуыл, Орта дәлізге бөлінген қаржы, кәсіптегі әйелдер

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

ТАСС: Қара теңіздегі танкерлерге дрондар арқылы шабуыл жасалды

13 қаңтарда Украина Қара теңіздегі Каспий құбыр консорциумы (КҚК) маңында тұрақтағы екі таңкерге шабуыл жасады. Бұл танкерлер Қазақстаннан келетін мұнайды күтіп тұрған болатын. Қазақстан тарапы әуе соққысынан кейін ресми мәлімдеме жасап, жағдайға қатысты алаңдаушылық білдірген. Ресми мәліметтерді ресейлік ТАСС ақпарат агенттігі таратты.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, шабуылға ұшыраған Matilda және Delta Harmony танкерлері Мальта мен Либерия туларымен жүзген. Онда Қазақстан мұнайы болмаған, сондықтан елдің энергетикалық ресурстарына ешқандай зиян келген жоқ. Сондай-ақ экипаж мүшелері де дін аман.

Көп өтпей, Каспий құбыр консорциумының терминалындағы оқиғаға қатысты ҚазМұнайГаз мәлімдеме жасады.

«MATILDA кемесін ҚазМұнайГаздың еншілес ұйымы («Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС) жалға алған. Каспий Құбыр консорциумының терминалында тұрған танкерге Қазақстан мұнайын тиеу жұмыстары 2026 жылғы 18 қаңтарға жоспарланған. 13 қаңтарда танкерге ұшқышсыз ұшатын аппараттар шабуыл жасады. Шабуыл салдарынан жарылыс болды, бірақ өрт шықпады. Экипаж арасында зардап шеккендер жоқ. Алдын ала бағалау бойынша танкер теңізде жүзуге жарамды, бірінші тексеру кезінде кеме құрылымының айтарлықтай зақымдану белгілері анықталмады. Залал көлемін бағалау жүріп жатыр», – деп мәлімдеді ҚМГ.

The Times of Central Asia: Қазақстан 2027 жылы энергетикалық тапшылықты жойып, электр энергиясын экспорттамақ

Қазір Қазақстан өзге елдерден электр энергиясын импорттауды азайтқысы келеді. Энергетика министрлігінің болжамына сәйкес, 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай ішкі сұраныс толық қамтамасыз етіліп, ал 2029 жылға қарай электр энергиясын экспорттауы мүмкін. Үкіметтің маңызды мақсатын The Times of Central Asia жазды.

Апта ішінде Премьер-министр Олжас Бектенов электр энергетикасы саласын дамыту мәселелері бойынша жиын өткізді. Шара барысында Энергетика министрі қазіргі ахуалға қатысты біршама дерек айтқан. Мысалы, 2025 жылы 124,6 млрд кВтсағ тұтыну деңгейінде электр энергиясын өндіру 123,1 млрд кВтсағ-қа жетті. Бір жыл ішінде жалпы белгіленген қуат 25,3 ГВт-тан 26,7 ГВт-қа дейін өскен. Генерацияның негізгі көздері – бұрынғыша көмір стансалары (51,4%), алайда газ генерациясының үлесі (25,6%) мен ЖЭК (13,5%) өсуде.

Соңғы екі жылда нарықты ырықтандыру нәтижесінде күрделі жөндеуге 902 млрд теңге тартылған екен, нәтижесінде технологиялық ереже бұзу 27%-ға төмендеп, 9 ЖЭО-ны «қызыл» аймақтан шығаруға мүмкіндік туды. Бұл ретте компаниялардың иелеріне дивиденд төленген жоқ, барлық қаражат тек станса жабдықтарын реконструкциялауға және жаңартуға бағытталып келеді.

Ерлан Ақкенженов алдағы үш жылда негізінен реттеу қуатының тапшылығын жабуға және Бірыңғай энергетикалық жүйенің икемділігін арттыруға бағытталған маневрлі генерация сегментін іске қосу жоспарланып отырғанын айтты.

– Қазіргі жұмыс жүргізіліп жатқан нысандарды іске қосу 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай экономиканың электр энергиясына деген қажеттілігін толығымен жабуға және Қазақстанды энергиядан тапшылық көріп отырған елдер қатарынан шығаруға мүмкіндік береді. 2029 жылға қарай электр энергиясының, реттеу қуатының тұрақты профицитіне қол жеткізілмек, бұл еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға жағдай туғызады, – деді энергетика министрі Ерлан Ақкенженов.

Report: Қазақстан Орта дәлізді дамытуға 300 млн доллар тартты

Шетелдік қаржы ұйымдары Орта дәлізді дамыту үшін «Қазақстан темір жолына» 300 млн доллар бөлді. Report агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы IFC басқарушы директоры Махтар Диоп әлеуметтік желіде жазған.

Белгілі болғандай, Қазақстанға бұл қаражатты Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC), Инвестицияларға кепілдік беру жөніндегі көпжақты агенттік (MIGA), Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АИИБ) және Standard Chartered (швейцар франкімен баламада) бөлген.

М.Диоптың айтуынша, қаражат Алматы қаласын айналып өтетін ұзындығы 130 шақырым болатын электрлі теміржол айналма желісін салуға бағытталады.

«Шығыс Азия мен Еуропаны жалғайтын Орта дәліздегі теміржол тасымалы күшейеді. Жобаны іске асыру Алматы маңындағы жүктемені 40%-ға азайтып, жүк жеткізу мерзімін 24 сағатқа дейін қысқартады», – деп жазды ол.

Қаржыландыру құрылымына келсек, IFC – 50 млн доллар инвестиция, АИИБ – 150 млн доллар несие, Standard Chartered ұйымы MIGA кепілдігімен – 100 млн доллар кредит берген.

Еске сала кетейік, 2027 жылға қарай Орта дәліздің жүк өткізу қабілеті жылына 10 млн тоннаға жетуі мүмкін, ал 2030 жылға қарай 11,4 млн тоннаны құрауы тиіс.

Синьхуа: Қазақстан халқы толықтай таза ауыз сумен қамтамасыз етілді

Қазақстандағы елді мекендердің таза ауыз сумен қамтылу деңгейі 100%-ға жетті. Аталған ақпаратты Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов айтқан. Ресми мәлімдемені Синьхуа ақпарат агенттігі бөлісті.

Вице-министрдің айтуынша, Мемлекет басшысы 2025 жылдың соңына дейін халықты толық ауыз сумен қамту туралы тапсырма берген. Осы мақсатта 2021 жылдан бастап 1,6 мыңнан астам жобаны жүзеге асыруға бюджеттен 835 млрд теңге бағытталған. Қазір 90 қала мен 6087 ауыл орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылған. Ауыл халқының 96 пайызы орталықтандырылған ауызсу жүйесін пайдаланса, қалған бөлігі блок-модульді су тазалау құрылғылары, жеке ұңғымаларын пайдаланып отыр.

Қазақстанда сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін жаңғырту жұмыстары 2025–2029 жылдарға арналған «Энергетика және коммуналдық секторларды модернизациялау» ұлттық жобасы аясында жалғасатын болады. Бұл мақсатқа 1,9 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланған. Жоба сәтті жүзеге асса, 2030 жылға дейін сумен жабдықтау желілерінің тозуы 33%-ға, ал кәріз желілерінің тозуы 41%-ға төмендейді деген болжам бар.

Еuronews: Әйелдер басқаратын шағын және орта бизнес экономиканы қалай өзгертіп жатыр

Қазақстандағы шағын және орта бизнестің (ШОБ) жартысына жуығы әйелдерге тиесілі, яғни ЖІӨ-нің 30–40%-ын нәзік жандылардың кәсібіне тәуелді. Қазір әйелдер басқаратын бизнес көбінесе қызмет көрсету, бөлшек сауда және білім беру саласында шоғырланған, агробизнес пен креативті индустрияда үлес артқан. Бұл үрдісті Еuronews арнасы жан-жақты талдады, мақаланың ықшамдалған нұсқасына назар аударайық.

Бүгінде Үкімет екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдетілген несиелік бағдарламаларын кеңейтіп, ұзақ мерзімді кредиттер ұсынуда. Әйелдер басқаратын кәсіпорындар мемлекеттік гранттар, стартап байқаулар, жеңілдетілген кредиттер мен акселерациялық бағдарламаларға қатысып келеді.

Әйелдер басқаратын бизнесті дамытуда ең тиімді қолдау құралдарының бірі – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры. Ұйым жеңілдетілген несие бағдарламасы арқылы демеу шараларын жасап келеді: 2007 жылдан бері қор 7,6 млрд еуро көлемінде қаржы бөліп, 110 000-нан астам жобаны қолдады.

– Бұл қолдау арқасында әйел кәсіпкерлер өз бизнесін кеңейтіп, қосымша жабдықтарға инвестиция салуға және тек ішкі нарықта ғана емес, шетелде де дамуға мүмкіндік алды, – деді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Әйел кәсіпкерлер комитетінің төрайымы Лейла Куленова.

Қазақстандық әйелдер цифрлық экономиканы белсенді меңгеріп келеді. Әйелдер басқаратын стартаптардың саны 2023 жылы 179 болса, биыл 300-ге жетті. Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық технопарк және инновациялық кластер – Astana Hub әйел кәсіпкерлерді қолдап, оларға цифрлық дағдыларды үйренуге, жобаларын дамытуға көмектеседі. Бұл қолдау білім беру бағдарламалары мен инвестициялық жобалар арқылы қолға алынған.

Ауыл аймақтарында кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бастамалардың бірі – «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасы. Жапондық даму философиясына негізделген бағдарлама әр өңірдің ерекше және құнды өнімдерін анықтап, оны жергілікті әрі халықаралық нарықта жылжытуға көмектеседі.

Соңғы онжылдықта әкімдіктер экономикалық қиындыққа тап болған әйел кәсіпкерлерге 8 000 еуродан астам мемлекеттік грант тағайындады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:205
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қаңтар 2026 10:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see134

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see134

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see132

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see128

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see128

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see128

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see126

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see125

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see124

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see124

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see123

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see122

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see122

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see121

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see121

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see120

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see119

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see119

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see119

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары