Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Қасым Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты Алтын қыран орденімен марапаттады

Әлемдік БАҚ тағы Қазақстан: Шайдоров, палестиналықтарға стипендия, көлік қозғалысын шектеу, мұнай өңдеу межесі

Әлемдік БАҚ тағы Қазақстан: Шайдоров, палестиналықтарға стипендия, көлік қозғалысын шектеу, мұнай өңдеу межесі

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Nova News: Тоқаев палестиналықтарға қаржылай қолдау мен 500 стипендия берілетінін мәлімдеді

Қазақстан алдағы бес жыл ішінде Бейбітшілік кеңесіне қомақты қаржы бөліп, палестиналық студенттерге 500 стипендия бермек. Бұл туралы 19 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев хабарлады. Жаңалықты Nova News бөліскен.

Ұйымның құрылтай отырысында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы АҚШ президенті Дональд Трамптың ұсыныстарын қолдайтынын жеткізді. Оның сөзінше, Бейбітшілік кеңесі бұрын-соңды болмаған құбылыс және «жасампаздық арқылы бейбітшілік» қағидатына негізделген.

Алайда Тоқаев «құр уәделерге толы конференциялар» емес, «батыл әрі прагматикалық әрекеттер» қажет екенін атап өтті. Ол үшін Астана Бейбітшілік кеңесінің жұмысына үлес қосуға ниетті әрі Газа секторын қалпына келтіру мен қайта жаңғыртуға үлес қосатын болады. Соның ішінде беделді халықаралық компанияларды тарту арқылы жобаларды қолдауға дайын.

Негізінен Қазақстан үкіметі Газадағы инфрақұрылым, тұрғын үй, мектеп, аурухана және өзге де азаматтық нысандардың құрылысына қатысты жобаларды қаржыландырады. Тіпті қираған аумақтарды тазартуға атсалысуы мүмкін.

Қасым-Жомарт Тоқаев Газа мен дағдарысқа ұшыраған өзге өңірлердегі азық-түлік қауіпсіздігін нығайту үшін гуманитарлық көмек көрсетуге бейіл екенін растады. Бұдан бөлек алдағы бес жыл ішінде палестиналық студенттерге қазақстандық жоғары оқу орындарында білім алу үшін 500 стипендия беруді қарастырып отыр. Сондай-ақ Қазақстан электронды үкімет пен халықаралық цифрлық шешім саласындағы деңгейде мойындалған тәжірибесін бөлісуге ниетті.

Президент қауіпсіздік мәселесіне де тоқталды. Айтуынша, Қазақстан Халықаралық тұрақтандыру күштеріне (ISF) әскери бөлімшелерді, соның ішінде медициналық бөлімдерді жіберуге мүдделі. Азаматтық-әскери үйлестіру орталығына бақылаушы жіберу арқылы көмек беруге әзір.

Сөзінің соңында Мемлекет басшысы Қазақстанның «Ибраһим келісіміне» қосылуын Бейбітшілік кеңесінің миссиясымен байланыстырып, бұл бастамалардың Таяу Шығыста тұрақтылықты сақтауға негіз болатынын айтты. Оған қоса Астана тарапы Бейбітшілік кеңесінің отырысын өткізуге дайын екенін жеткізді.

The Times of Central Asia: Қазақстан көлік қозғалысына Бейжің үлгісі бойынша шектеу енгізуі мүмкін

Ел Үкіметі ауа райы қолайсыз күндері автокөліктердің қозғалысын «жұп және тақ күн» қағидаты бойынша шектеуді қарастырып жатыр. Демек, жайсыз метеожағдай қалыптасқан күндері көшеге шығуға көліктің мемлекеттік тіркеу нөміріндегі соңғы санға қарай ғана, яғни жұп немесе тақ күндері рұқсат берілуі мүмкін. Жаңалықты The Times of Central Asia таратты.

Бұл шара 2026-2028 жылдарға арналған атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын әзірлеу аясында қарастырылып отыр. Әкімдіктерге тиісті тапсырманы Экология және табиғи ресурстар министрлігі берген. Ведомство дерегінше, 2025 жылы «Қазгидромет» мәліметтері бойынша еліміздің 11 қаласында ауа ластануы жоғары деңгейде тіркелген.

Экологиялық жағдайы күрделі қалалардың қатарында Алматы, Өскемен, Қарағанды, Теміртау және Ақтөбе бар. Бұл қалаларда желсіз күндері түтін тарамайды. Ауа сапасы күрт төмендейді. Мысалы, Алматыда шығарындылардың 60 %-ы көлікке, ал 12%-дан астамы жеке үйлер мен шағын қазандықтарға тиесілі. Осындай жағдай Өскеменде және басқа да ірі қалаларда байқалады.

Үздік халықаралық тәжірибені енгізу мақсатында министрлік өкілдері Қытайға барып, ауа сапасын басқарудың кешенді тәсілі енгізілген Бейжің қаласының тәжірибесімен танысқан көрінеді. ҚХР экология және қоршаған орта министрлігінің өкілдерімен кездесу кезінде көлікті электр тартымына ауыстыру, көлік және өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін нормативтерді қатаңдату, экологиялық аймақтар мен шаңды бақылау жөніндегі ұлттық стандарттарды енгізу (PM 2.5) мәселелерін зерттеген.

Нәтижесінде 2026-2028 жылдарға арналған атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі қағидаларда бірнеше бағытқа басымдық беріледі:

· субсидиялау және ынталандыру шараларымен жеке секторды газдандыру;

· қоғамдық тамақтандыру мекемелерінде және шағын қазандықтарда қатты отынды пайдалануға тыйым салу;

· объектілерді орталықтандырылған жылумен жабдықтауға қосуды ынталандыру;

· қоғамдық көлік пен таксидің электр тартқышы мен газға ауысуы;

· қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде қозғалысты «Жұп-Тақ күн» жүйесі бойынша шектеу және экологиялық аймақтарға бөлу;

· өнеркәсіптік аймақтардың айналасында жасыл белдеулер құру.

Айта кетейік, алдағы уақытта қалалар экологиялық аймақтарға бөлінеді. Кей аумақтарға экологиялық класы төмен көліктер кірмеуі мүмкін.

Report: Мұнай өңдеудің жылдық қуаты 40 млн тоннаға дейін артады

Қазақстанның мұнай өңдеу қуаты 2033 жылға қарай жылына 40 млн тоннаға дейін өседі. Үкіметтің хабарлауынша, мұнай өңдеу зауыттарын жоспарлы түрде кеңейту 2030 жылға қарай дизель отынының тапшылығын жоюға мүмкіндік береді. Ал 2033 жылы төртінші зауытты іске қосу авиакеросинге деген қажеттілікті толық өтейді және К5 стандартындағы жоғары сапалы мұнай өнімдері экспортқа шығарылады. Ақпаратты Report хабарлады.

Қазір Қазақстандағы мұнай өңдеу қуаты жылына – 18,4 тонна. Көрсеткішті көтеру үшін 2026-2033 жылдары жаңа МӨЗ салып, мұнайды қайта өңдеу қуатын жылына 40 млн тоннаға жеткізу көзделген. Жоба соңына қарай жұмыс істеп тұрған зауыттарда қайта өңдеу үлесі 94%-ға дейін өседі.

– Кеңейту жобалары мұнай өнімдерінің тапшылығын кезең-кезеңімен азайтуға мүмкіндік береді. 2033 жылы төртінші зауыт есебінен авиакеросин тапшылығы жойылып, көрші елдерге ЖЖМ экспорты басталады, – деді Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев.

Сонымен қатар Қашаған кен орнында газ өңдеу қуатын арттыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2026 жылдың соңында ГӨЗ-1-дің іске қосылуы жылына 2,5 млрд текше метр тауарлық газ өндіруді қамтамасыз етеді.

CGTN: Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров балаларды шабыттандыруда

Михаил Шайдоров Milano Cortina Winter Olympics ойындарында ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанау финалында жеңіске жетті. Ол Қазақстанға осы спорт түрінен тұңғыш алтын медальды сыйлады. Сонымен қатар бұл оқиға кейінгі 32 жылдағы Қазақстанның қысқы Олимпиададағы алғашқы жеңісі саналады. Жақында CGTN Sports Scene тілшісі Грег Лаффради спортшымен сұхбаттасты.

Шайдоров тілшіге тарихи жеңісінен кейінгі екі күн бойы ұйықтай алмағанын айтқан. Оның сөзінше, мұндай айтулы жетістікке жетіп, еліне қуаныш сыйлағаны үшін бойын мақтаныш сезімі кернеген көрінеді.

Олимпиада чемпионы Миландағы жетістік балалардың мәнерлеп сырғанаумен айналысуына шабыт береді деген ойда. Әсіресе, Қазақстандағы осы спорт түрін дамыту – мансабындағы басты мақсаттың біріне айналмақ.

Сонымен қатар сұхбат барысында жанкүйерлердің қолдауы, әріптестерімен ара-қатынас, жарысқа дайындық барысы, бұған дейін Қытайда өткен салалық сайыстар туралы әңгіме өрбіген.

Еuronews: Қазақстан инклюзивті қоғамды қалай қалыптастырады?

Қазақстан мүгедектігі бар адамдардың өмір сапасын жақсартуға тырысып келеді. Елде ресми тіркелген 750 мыңға жуық мүгедектігі бар азамат бар екенін ескерсек, ұзақ мерзімді шешімдерге деген қажеттілік барған сайын арта түсуде. Осы орайда Еuronews қазақ қоғамындағы инклюзивті орта қалыптастыру процесіне шолу жасады.

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі адамдардың денсаулығын бақылап, қоғамға сіңісуіне көмектесетін ондаған оңалту орталықтары жұмыс істейді. Аладғы уақытта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 12 ірі оңалту орталығын салуды жоспарлап отыр, оның төртеуі қазірдің өзінде пайдалануға берілген. Сонымен қатар, бейімдеу жабдықтарымен қамтамасыз ету және ата-аналарды оқыту, үйде көмек көрсету бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда.

– Кез келген бағдарламаны әзірлеу барысында мүмкіндігі шектеулі адамдардың жағдайын ескеру назарда болады. Біз олардың құқы мен қажеттілігін толық қамтамасыз үшін көп сараптама жасаймыз, – дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі Захира Бегалиева.

Бұл жұмысты жүйелеу үшін 2025–2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы бекітілді. Оның мақсаты – медициналық-әлеуметтік модельден әлеуметтік-құқықтық модельге көшу.

– Мүгедектігі бар адам — құқық иесі. Яғни, олардың Қазақстанның басқа азаматтарымен тек құқы мен мүмкіндігі бар. Ешқандай стигматизация, кемсіту болмауы керек, – деп атап өтті Бегалиева.

Оның айтуынша, тұжырымдама әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды күшейтеді және мүгедектікті тіркеу рәсімін жеңілдетеді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:99
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Ақпан 2026 10:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see143

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see138

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see137

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see135

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see132

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see132

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see128

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see121

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see120

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see119

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see117

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see116

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see116

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see115

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see113

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see111

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see110

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see110

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see110

Қасым Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты Алтын қыран орденімен марапаттады

06 Қазан 2026 15:57see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары