Әлеуметтік желі мен мессенджерлердегі жеке чаттар бақылауға алынғаны рас па
Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Орталық таратқан мәліметтерге қарағанда, іс жүзінде Агенттік ұсынған интернеттегі тыйым салынған контенттің таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі Қағидалар тек ашық әрі жалпыға қолжетімді деректерді (қаржы пирамидаларын жарнамалауға, онлайн-казинолар мен заңсыз лотереяларды насихаттауға қатысты жарияланымдар мен репосттарды) мониторингілеуге бағытталған.
Аталған Қағидаларда азаматтардың жеке хат алмасуына ешқандай мониторинг жүргізу көзделмеген. Бұл туралы Агенттіктің өзі де бірнеше рет ресми түсініктеме берген болатын.
- Осылайша, жеке хабарламаларды «бақылау» туралы мәлімдемелер шындыққа жанаспайды және қоғамды әдейі жаңылыстыру болып табылады, - делінген хабарламада.
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы БАҚ өкілдері мен цифрлық контент авторларын ақпаратты жариялауда жауапты болуға, фактілерді бұрмаламауға және азаматтардың шынайы ақпарат алу құқығын құрметтеуге шақырады.
Осыған дейін Конституция жобасына қатысты жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылғаны туралы жаздық.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:85
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Наурыз 2026 11:06 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















