Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Алматыда аллергология және пульмонология бойынша құзырет орталықтары құрылады

Алматыда аллергология және пульмонология бойынша құзырет орталықтары құрылады

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Алматыда аллергиялық және тыныс алу мүшелерінің созылмалы ауруларының таралуы артып отыр. Сол себепті №1 қалалық клиникалық аурухана базасында аллергология және пульмонология бағыттары бойынша екі құзырет орталығын құру жоспарланған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, бұл құрылымдар халық денсаулығын қорғау жүйесінде маңызды рөл атқарады, өйткені №1 ҚКА – осы бейін бойынша арнаулы жалғыз медициналық ұйым.

2025 жылы №1 ҚКА стационарында аллергиялық аурулармен 1 926 пациент емделді. Дәрігерлер ауруханада жатып емделгендер санының артқанын тіркеп отыр: 2024 жылы бейінді бөлімшеде 927 науқас ем қабылдаған.
Бір жыл ішінде аурухананың қабылдау бөліміне 26 059 адам жүгінген. Оның шамамен 15 мыңы жедел аллергиялық реакциямен, ал 3 мыңға жуығы тыныс алу мүшелерінің ауруларымен түскен. Пациенттердің басым бөлігі ауыр жағдайда шұғыл түрде жеткізіліп, жедел медициналық көмек пен стационарлық емді қажет етеді. Ауруханаға жатқызу құрылымында жас және орта жастағы әйелдер басым.

Аллергология және пульмонология бойынша құзырет орталықтары қаладағы медициналық ұйымдарға әдістемелік қолдау көрсетеді. Бұл пациенттерді бағыттаудың бірыңғай жүйесін құруға, көпбейінді стационарлар мен емханалардың жұмысында заманауи тәсілдер енгізуге және Алматының әр ауданында арнаулы көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Аллергология бойынша құзырет орталығы аллергиялық ауруларды ерте анықтауға, заманауи аллергодиагностика және емдеу әдістерін енгізуге, асқынулар мен ауруханаға жатқызу санын азайтуға, сондай-ақ пациенттердің өмір сапасын жақсартуға бағытталады. Тиімділік көрсеткіштері ретінде арнаулы көмекпен қамтуды кеңейту, шұғыл жағдайды азайту және созылмалы ауруларды бақылауды жақсартады.

Пульмонология бойынша құзырет орталығы бронхиалды астманың, оның ішінде ауыр түрлерін, өкпенің созылмалы обструктивті ауруларын, интерстициалды өкпе ауруларын, ковидтен кейінгі жағдайды және тыныс алу жеткіліксіздігін емдеуге жоғары технологиялық көмек көрсетуге басымдық береді. Мұнда клиникалық хаттамалар енгізіліп, кеңестік қолдау көрсетіліп, күрделі клиникалық жағдай қарастырылады. Жұмыстың тиімділігі ауыр асқынулар мен өлім-жітімді азайту, ауруханаға жатқызу мерзімін қысқарту және ауруы бақылауда болатын науқастар үлесін арттыру арқылы бағаланады.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов екі апта ішінде пульмонологиялық және аллергологиялық қызметті дамыту жөніндегі Жол картасын әзірлеуді тапсырды. Қазіргі уақытта №1 ҚКА-да Алматыдағы жалғыз бейінді бөлімшелер жұмыс істейді: 30 орындық аллергология бөлімі, жалпы қуаты 100 орын болатын үш пульмонология бөлімі, 90 орындық медициналық оңалту және 15 орындық кеуде бөлігінің хирургиясы бөлімшелері. Стационардың жалпы қуаты – 425 орын. 2025 жылы ауруханаға 16 198 науқас жатқызылған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,5 пайызға көп.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.   

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:106
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Ақпан 2026 13:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары