Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

Президент ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматты марапаттады

Қазақстандағы Рамазан 2027: оразаның басталуы, Қадір түні және Ораза айт күндері аталды

Президент азаматтық қорғаныс саласының айрықша маңызын атады

Жүйелі түрде ұрып соққан: Аягөзде ерекше балаларды күтуші санитарлар күдікке ілінді

Давид Дегтярев екі дүркін Азия чемпионы атанды

Republic Day: Астанада жеңілдіктер онкүндігі басталды

Республика күніне орай Саған кітап арнадым акциясы басталды

Өз елдерінде іздеуде жүрген 62 шетелдік Қазақстан аумағында жасырынған

Елена Рыбакина Нинбо турниріне оралуы туралы айтты

Жиын терін маусымының жетістігі мол

Әкем ренжіді : әнші Бүркіт отбасы құрған кезін еске алды (видео)

Қазақстан Балтық теңізі порттары арқылы мұнай мен көмір экспортын арттырмақ

7 градусқа дейін үсік, көктайғақ екпінді жел: қай өңірлерде ескерту жасалды

Әйел денсаулығы: үнсіз қауіп, өзекті мәселе

Концерттен кейін таныстық: Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы әншіні алғаш көрген кезін еске алды (видео)

Күзгі демалыс уақыты белгіленді: оқушылар 26 қазанда каникулға шығады

Паспорт пен жеке куәлікті терминал арқылы рәсімдегенде нені ескеру керек

Атырау облысында Жайық жағалауын нығайту жұмыстары жүріп жатыр

Кимешекке көмкерілген тарих

Алматыда Республика күні қарсаңында Адал қоғам зияткерлік AI боттарын әзірлеу бойынша байқау өтті

Алматыда Республика күні қарсаңында Адал қоғам зияткерлік AI боттарын әзірлеу бойынша байқау өтті

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Алматыда Республика күні қарсаңында «Адал қоғам» жобасы аясында зияткерлік AI-боттарын әзірлеу бойынша байқау өтті. Іс-шараны Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы мен Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті бірлесіп ұйымдастырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Байқау барысында студенттер мен магистранттар жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы «Адал қоғам», «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» сияқты қоғамдық маңызы бар жобалар туралы мәлімет беретін AI-боттарын таныстырды. Қатысушылар өздерінің технологиялық шешімдерін ұсынып, олардың функционалдық мүмкіндіктерін, қолдану ерекшеліктерін және қоғамға тигізер пайдасын көрсетті. Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы КММ директорының орынбасары Әл-Фараби Нұрбекұлы Болатжан байқаудың мақсаты мен әзірленетін боттардың негізгі міндеттеріне тоқталды.

«Іс-шараның атауы байқағаныңыздай, бұл – AI-боттарды әзірлеу. Бұл қандай AI-боттар? Бұл боттар біздің республикамыздың, еліміздің ішкі саясатындағы және идеологиялық жұмыстарының негізгі бағыттары туралы, құндылықтары мен қағидаттары туралы жүйелі түрде ақпарат бере алатын бот», – деді Әл-Фараби Нұрбекұлы.

Оның айтуынша, байқау аясында әзірленетін цифрлық өнімдер азаматтарға қоғамдық жобалардың мақсаттары мен міндеттерін түсінуге, қажетті мәліметтерді қолжетімді форматта алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жасанды интеллектіні қоғамдық бастамалармен ұштастыру жастардың технологиялық әлеуетін іске асыруға жол ашады.

Байқаудың ережесіне сәйкес, қатысушылар 2-4 адамнан құралған командаларға бірігіп, үздік AI-бот әзірлеу бойынша өзара бақ сынады. Жалпы, байқауға 31 команда қатысты. Жобаларды әзірлеу барысында OpenAI, Gemini, Llama және басқа да ірі тілдік модельдерді (LLM) пайдалануға мүмкіндік берілді. Сонымен қатар әзірленген боттардың қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істеуі міндеттелді. Бұл талаптар цифрлық өнімдердің қолжетімділігін арттыруға, әртүрлі тілде сөйлейтін пайдаланушылардың сұранысын ескеруге және қоғамдық маңызы бар ақпаратты кең аудиторияға ұсынуға бағытталды. Қатысушылар өз жобаларын әзірлеу барысында жасанды интеллект құралдарын тәжірибе жүзінде қолданып, ақпаратты өңдеу, пайдаланушы сұранысына жауап беру және цифрлық платформалардың мүмкіндіктерін жетілдіру бағытында жұмыс істеді.

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің Тәрбие және әлеуметтік жұмыс департаменті директорының орынбасары Азиз Дінмұхаммедұлы жасанды интеллект технологияларының қазіргі қоғамдағы маңызына тоқталып, байқаудың жастар мен жалпы қоғам үшін өзектілігін атап өтті.

«AI технологиялар қазіргі таңда қоғамымыздың дамуына көптеген мүмкіндіктерін көрсетіп жатыр. Сондықтан бүгінгі байқау тек жастарға емес, жалпы қазақ қоғамына, қазақ еліне деген пайдасы зор», – деді Азиз Дінмұхаммедұлы.

Байқау қорытындысы бойынша, 3 үздік команда жеңімпаз атанып, арнайы жүлде қорына ие болды. Қатысушылардың жобалары жасанды интеллект технологияларын қоғамдық міндеттерді шешуге қолданудың түрлі мүмкіндіктерін көрсетті. Сондай-ақ сайыс жастардың цифрлық құзыреттерін дамытуға, командалық жұмыс тәжірибесін жетілдіруге және инновациялық идеяларын нақты өнім түрінде ұсынуына мүмкіндік берді. Байқау жеңімпаздарының бірі – «Адал кеңесі» тобы. Команда мүшелері өздерінің платформасы болашақта әртүрлі санаттағы азаматтарға қолжетімді болып, қазақ және орыс тілдерінде ақпарат алуға мүмкіндік беретініне үміт білдірді.

«Біздің платформамыз туралы айтатын болсақ, AI-ботымыз болашақта бүкіл Қазақстан халқына, одан қоса жағдайлары шектеулі адамдарға да, орысша сөйлейтін азаматтарға да, қазақша сөйлейтін азаматтарға да бәріне де пайдасын тигізеді деп үміттенеміз», – деді «Адал кеңесі» тобының өкілі.

Команда өкілдерінің айтуынша, платформаның басты ерекшеліктерінің бірі – ақпаратты әртүрлі тілде ұсыну арқылы пайдаланушылардың қажеттіліктерін ескеру. Алдағы уақытта мұндай цифрлық шешімдер жетілдіріліп, қоғамға қажетті мәліметтерді іздеу мен алуды жеңілдетуге ықпал етуі мүмкін. Жалпы, «Адал қоғам» аясында ұйымдастырылған байқау жасанды интеллект технологияларын қоғамдық құндылықтарды насихаттау мен азаматтарға қажетті ақпаратты ұсыну бағытында қолданудың маңызын көрсетті. Жастардың бастамалары цифрлық технологияларды дамытуға, инновациялық жобаларды қолдауға және қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған жаңа идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Іс-шара Республика күні қарсаңында жастардың технологиялық әлеуетін танытып қана қоймай, заманауи цифрлық құралдарды қоғам игілігіне пайдалану мәселесіне де назар аударды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:66
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қазан 2026 17:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

19 Қазан 2026 08:32see137

Президент ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматты марапаттады

19 Қазан 2026 14:28see132

Қазақстандағы Рамазан 2027: оразаның басталуы, Қадір түні және Ораза айт күндері аталды

19 Қазан 2026 12:32see132

Президент азаматтық қорғаныс саласының айрықша маңызын атады

19 Қазан 2026 13:35see131

Жүйелі түрде ұрып соққан: Аягөзде ерекше балаларды күтуші санитарлар күдікке ілінді

19 Қазан 2026 18:07see131

Давид Дегтярев екі дүркін Азия чемпионы атанды

19 Қазан 2026 12:39see128

Republic Day: Астанада жеңілдіктер онкүндігі басталды

19 Қазан 2026 12:22see128

Республика күніне орай Саған кітап арнадым акциясы басталды

19 Қазан 2026 16:30see127

Өз елдерінде іздеуде жүрген 62 шетелдік Қазақстан аумағында жасырынған

19 Қазан 2026 17:07see126

Елена Рыбакина Нинбо турниріне оралуы туралы айтты

19 Қазан 2026 07:21see124

Жиын терін маусымының жетістігі мол

20 Қазан 2026 06:15see123

Әкем ренжіді : әнші Бүркіт отбасы құрған кезін еске алды (видео)

19 Қазан 2026 22:42see119

Қазақстан Балтық теңізі порттары арқылы мұнай мен көмір экспортын арттырмақ

19 Қазан 2026 19:44see116

7 градусқа дейін үсік, көктайғақ екпінді жел: қай өңірлерде ескерту жасалды

19 Қазан 2026 21:47see116

Әйел денсаулығы: үнсіз қауіп, өзекті мәселе

20 Қазан 2026 05:05see113

Концерттен кейін таныстық: Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы әншіні алғаш көрген кезін еске алды (видео)

19 Қазан 2026 21:23see110

Күзгі демалыс уақыты белгіленді: оқушылар 26 қазанда каникулға шығады

20 Қазан 2026 17:30see109

Паспорт пен жеке куәлікті терминал арқылы рәсімдегенде нені ескеру керек

20 Қазан 2026 17:38see109

Атырау облысында Жайық жағалауын нығайту жұмыстары жүріп жатыр

20 Қазан 2026 17:30see109

Кимешекке көмкерілген тарих

20 Қазан 2026 07:00see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары