Алматыда жаңа медициналық кешен салынады
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жаңа медициналық кешеннің іргетасына естелік капсула қою рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі өзінің Instagram парақшасында жариялады.
Оның айтуынша, жаңа медициналық кешен «Шығыс қақпасы» полиорталығында орналасады. Нысанның жалпы аумағы 45 мың шаршы метрді алмақ.
– Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында қала тұрғындарының тұрғылықты жеріне жақын маңда сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек алуына жүйелі түрде жағдай жасап келеміз. Жаңа медициналық нысандардың заманауи озық стандарттарға сай болуына, қаланың бүгінгі қажеттілігін ғана емес, алдағы даму талаптарын да қанағаттандыруына баса мән береміз.
Жаңа медициналық кешен «Шығыс қақпасы» полиорталығында орналасады. 250 орынға арналған көпбейінді аурухана мен бір ауысымда 350 адамды қабылдайтын консультативтік-диагностикалық орталық стационарлық, алғашқы және мамандандырылған медициналық көмектің, оның ішінде онкологиялық науқастарға көрсетілетін көмектің қолжетімділігін арттырады, – ДЕП ЖАЗДЫ ОЛ.
Қала әкімі заманауи медициналық технологияны енгізуге, құрал-жабдықтардың сапасына және медициналық үдерістерді цифрландыруға ерекше көңіл бөлінетінін жеткізді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:33
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2026 08:12 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















