Алматыдағы жігіттің жұмбақ жоғалуы жас жігіттің денесі табылды
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
25 жастағы Ерзат Егізбай 19 мамыр күні жұмысқа кеткеннен кейін жұмбақ жағдайда жоғалып кетті. Оны полиция қызметкерлері мен еріктілер іздестірді. Еріктілер ұйымдарының бірі Алматыда жас жігіттің денесі табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
25 жастағы Ерзат Егізбай 19 мамыр күні жұмысқа кеткеннен кейін жұмбақ жағдайда жоғалып кетті. Оны полиция қызметкерлері мен еріктілер іздестірді. Еріктілер ұйымдарының бірі Алматыда жас жігіттің денесі табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ерзат Егізбайды іздеуге Алматы қалалық полиция департаментінің жеке құрамы түгел жұмылдырылды. Жергілікті жерді тінтіп, бағдарларды тарату жұмыстарына "Қоғам" және "Лидер KZ" еріктілер ұйымдарының мүшелері тартылды.
"Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Осынау ауыр қайғыны еңсеруге күш-жігер мен сабыр тілейміз. Біздің іздестіру жұмыстарымыз аяқталды... Өкінішке қарай, "қара бағдармен»..." — деп жазды "Лидер KZ" тобының мүшелері Instagram-дағы парақшасында.
Бұған дейін сейсенбі күні, 19 мамырда оның әдеттегідей жұмысқа кетіп, үйіне қайтып оралмағаны белгілі болды. Туыстарының айтуынша, күндізгі сағат екіде Ерзат бастығынан дүкенге баруға сұранған. Ал өзі автобусқа мініп, Еңбекшіқазақ ауданындағы Космос ауылына қарай кетіп қалған. Оның телефоны соңғы рет дәл сол жерде қосулы болған.
Ерзаттың жұбайының сөзіне қарағанда, ол бұған дейін ешқашан ескертусіз үйден кетіп көрмеген. Ер адам бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, есепте тұрмаған.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:85
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Мамыр 2026 09:38 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















