Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Бюджетке түскен батпан

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

Алтын Орда тарихы туралы қате түсініктерді жоятын кез келді Жақсылық Сәбитов

Алтын Орда тарихы туралы қате түсініктерді жоятын кез келді Жақсылық Сәбитов

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Тарихшы қазіргі оқулықтарда әлі күнге дейін XIX ғасырдан қалған қателер барын айтады.

Фото: Ризабек Нүсіпбек

Мәселен, 1830 жылдары Ресей ғылым академиясы Алтын Орда тарихы туралы ең үздік кітап жазуға байқау жариялаған. Байқауға жалғыз қатысушы австриялық шығыстанушы Йозеф фон Хаммер-Пургшталь болған.

— Ол орыс жылнамаларын білмеген, бірақ шығыс дереккөздерін жақсы меңгерген. Алайда оның еңбегін ресейлік тарихшылар сынға алған, — дейді Ж. Сәбитов.

Фото: Ризабек Нүсіпбек

Хаммер-Пургшталь Ақ Орда Жошы ұлысының шығысында, яғни қазіргі Қазақстан аумағында орналасқан деп есептеген. Ал ресейлік ғалымдар ол жерде Көк Орда болғанын алға тартқан.

— Бұл дауға Шоқан Уәлиханов араласып, мұндай тартыстың мәні жоқ екенін жазған. Шын мәнінде, Ақ Орда мен Көк Орда резиденциялар еді. Біз әлі күнге дейін осы қате деректер енген оқулықтарды оқып келеміз. Ал бұл қатені Шоқан Уәлиханов екі жүз жыл бұрын түзетіп кеткен, – деді тарихшы.

Жақсылық Сәбитов қазіргі уақытта Алтын Орда тарихын зерттеумен айналысып жүр. Жақын уақытта Алтын Орда туралы қысқа, бірақ мазмұнды ғылыми кітап жазуды жоспарлап отыр.

— Ғылыми формат халыққа күрделі, себебі ондағы терминдер мен оқиға желісін түсіну үшін белгілі бір дайындық, білім қажет. Ал бұл жаңа кітаптың мақсаты - қарапайым оқырманды Алтын Орда тарихымен толықтай таныстыру. Оны оқығанда адам мүлде білмейтін деңгейден бастап, соңында бұл тақырыпты терең түсінетін дәрежеге жетуі керек, - дейді тарихшы.

Бұл бағытта тек кітап жазу ғана емес, жалпы Алтын Орда тақырыбын кеңінен таныту мәселесі тұрғанын айтады.

— Қазір ғалымдар жаңа «Қазақстан тарихының академиялық басылымы» аясында үшінші томды Алтын Орда кезеңіне арналған бөлек еңбек ретінде жазып жатыр. Сонымен қатар тек Алтын Орда тарихына арналған бірнеше томдық іргелі жоба да қолға алынды.

Деректер мен нумизматикалық материалдарға қарасақ, Алтын Орда дәуірінде шамамен жүзге жуық хан билік еткен. Үш ғасыр, 1206 жылдан 1502 жылға дейінгі кезеңді қамтитын бұл тарих оқиғаларға аса бай. Егер осы кезең бойынша көркем сериал түсіретін болсақ, кемі сегіз маусымға жететін туынды шығады. Әр маусымның өзіне тән саяси шиеленісі мен оқиғалары бар. Тіпті сюжет саны мен күрделілігі жағынан «Игра Престолов» сериалымен салыстыруға болады.

Мысалы, Берке ханның өмірін алсақ, нағыз көркем фильмге лайық оқиға. Оның өмірбаянында сценарий жанрының барлық заңдылығы бар. Әр ханның тағдырында осындай сюжеттер жетерлік. Сондықтан фильмдерден бөлек, комикстер, тіпті үстел ойындарын жасауға болады. Мәселен, Бату мен Берке туралы тарихи комикс жастар үшін тамаша формат болар еді, - дейді ол.

Қазіргі таңда Жақсылық Сәбитов тобы жасанды интеллект көмегімен тарихи бейнероликтер жасауды да қолға алып жатыр. Бірақ оның айтуынша, бұл бағытта кәсіби мамандардың араласуы аса қажет.

— Бізде тарихты терең білетін мамандар мен тарихтан хабары аз қоғам бар. Бірақ ғалымдар мен сол қоғамның арасында алтын көпір жоқ. Сондықтан тарихты түсінікті әрі тартымды етіп жеткізуді осы кітаптан бастағымыз келеді. Қазір мемлекет ғылымды қаржыландыра бастады, бірақ тарихты танымал ету, кең насихаттау жағы әлі кемшін тартып тұр. Подкастар бар, бірақ бізге көркем форматтағы, әсерлі жобалар керек, - дейді ол.

Айта кетейік, тарихшымен кездесуді MARWIN/Meloman дүкендер желісі ұйымдастырды. Жыл сайын мыңдаған оқырманды біріктіретін BOOKFEST биыл да ауқымды бағдарлама ұсынып отыр:

— үздік кітаптар жеңілдікті бағамен;

— сыйлықтар мен тосынсыйлар ұтыстары;

— отандық және шетелдік авторлармен кездесулер;

— танымал кәсіпкерлермен ашық сұхбаттар;

— шеберлік сағаттары, дәрістер және автограф-сессиялар.

Фестиваль аясында әртүрлі жастағы, түрлі қызығушылықтағы адамдарды біріктіретін үлкен әдеби алаң қалыптасады. Оның басты мақсаты – оқырмандарды әлемдік әдеби жауһарлармен таныстыру, оқу мәдениетін күнделікті өмір салтына айналдыру және отандық авторларды қолдау. Шара аталған дүкен желісі бар қалалардың бәрінде 31 қазанға дейін жалғасады.

Жақында осы жоба аясында белгілі қаламгер Баянғали Әлімжановтың балаларға арналған «400 тәтті тақпақ» атты тақпақтар жинағының таныстырылымы өткен болатын.

Камила Мүлік

Фото: Ризабек Нүсіпбек
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:189
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Қазан 2025 08:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see146

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see145

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see143

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see142

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see141

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see141

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see140

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see140

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see140

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see139

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see139

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see136

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see133

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see128

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see124

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see122

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see120

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see120

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see113

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

09 Қыркүйек 2026 10:31see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары