Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Жалақым жоғары, қолға тигенде неге аз?

Жалақым жоғары, қолға тигенде неге аз?

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

– Ресми түрде жұмыс істейтін әр азаматтың жалақысынан бірнеше міндетті төлем ұсталады. Оның ішінде міндетті зейнетақы жарнасы, медициналық сақ­тан­дыру, жеке табыс салығы бар. Бұл қаражаттың бір бөлігі адамның өзіне кейін қайтады, ал бір бөлігі мемлекеттік бюджетке түсіп, әлеуметтік мақсаттарға жұмсалады. Мысалы, мектеп, аурухана, балабақша салуға, әлеуметтік төлемдерге, медицина жүйесіне, құқық қорғау және әскери салаларды қаржыландыруға бағытталады.

Егер адамның жалақысы 400 мың теңге болса, алдымен айлықтың 10 па­йызы міндетті зейнетақы жарнасы ретінде ұсталады. Яғни 40 мың теңге Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке шотына түседі. Бұл ақша болашақта зейнетке шыққанда төленетін зейнетақы үшін жиналады. Қазір азаматтар осы жинақтың бір бөлігін «Отбасы банк» арқылы ипотека ресімдеуге немесе емделуге пайдалана алады. Бірақ мұнда да шектеу бар. Мемлекет ең төменгі жалақының 50 рет еселенген мөлшерінен аспайтын соманың 10 пайызын ғана аударуға мүмкіндік береді. Қазіргі ең төменгі жалақы – 85 мың теңге. Яғни бір жұмыс орнынан ең көбі 425 мың теңге көлемінде зейнетақы жарнасы аударылады. Егер адам екі жерде жұмыс істесе, екі жұмыс орнынан да осы шекке дейін төлем жасай алады. І және ІІ топтағы мерзімсіз мүгедектігі бар адамдар, әскери қызметкерлер, арнаулы мемлекеттік орган өкілдері, құқық қорғау саласының қызметкерлері мен зейнеткерлер міндетті зейнетақы жарнасын төлемейді.

Одан кейін айлықтан міндетті әлеу­меттік медициналық сақтандыру ұста­лады. Бұл – жалақының 2 пайызы. 400 мың теңгенің 2 пайызы – 8 мың теңге. Бұл ақша азаматтың медициналық сақтандыру жүйесіндегі шотына түседі де кейін ауру­хана, емхана секілді медициналық ұйымдарға жіберіледі. Соның арқасында адам мемлекеттік емханаларда тегін ем қабылдай алады. Мұнда да шекті мөлшер бар. Ең төменгі жалақының 20 еселенген мөлшерінің 2 пайызынан артық төлем ұсталмайды. Яғни ай сайынғы ең жоғары төлем – 34 мың теңге.
Медициналық сақтандырудан да босатылатын санаттар бар. Олардың қатарында зейнеткерлер, студенттер, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, жұмыссыздар, атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, декреттегі аналар және сотталған адамдар бар. Бұлар үшін медициналық сақтандыру қаржысын мемлекет төлейді. Бірақ декретте отырған әйелдің жеке кәсіпкерлігі болса немесе табыс тауып отырса, онда ол сақтандыру жарнасын төлеуден босатылмайды.

Келесі ұсталым – жеке табыс салығы. Бұл салық мемлекет бюджетіне түседі. Бірақ ол бірден толық жалақыдан есеп­тел­мейді. Алдымен жалақыдан зейнетақы жар­насы мен медициналық сақтандыру со­масы алынады. 400 мың теңгеден 40 мың теңге зейнетақы жарнасын, 8 мың теңге медициналық сақтандыруды алып тастасақ, 352 мың теңге қалады. Одан кейін мемлекет 30 АЕК көлемінде жеңіл­дік береді. 2026 жылы бұл – 129 750 теңге. Сонда салық салынатын табыс 222 250 теңге болады. Оның 10 пайызы, яғни 22 225 теңге жеке табыс салығы ретінде ұсталады.

Демек, жалпы ұсталым көлемі – 70 225 теңге. Яғни қызметкердің қолына шамамен 329 775 теңге тиеді. Бірақ көпшілік ескере бермейтін тағы бір мәселе бар. Қызметкердің жалақысынан бөлек, жұ­мыс беруші де мемлекетке бірнеше төлем жасайды. Мысалы, жұмыс беруші өз қаражатынан қызметкер үшін 3,5 пайыз міндетті зейнетақы жарнасын аударады. 400 мың теңге жалақы үшін бұл – 14 мың теңге. Бұл қаражат қызметкердің шарт­ты зейнетақы шотына түседі. Бірақ мұ­ны жұмыс беруші тек 1975 жылдан кейін ту­ған қызметкерлер үшін ғана төлейді.

Сонымен қатар жұмыс беруші меди­ци­налық сақтандыруға жалақының 3 пайы­зын аударады. 400 мың теңгеге бұл – 12 000 теңге. Бұдан бөлек, әлеуметтік ауда­рым бар. Оның мөлшері – 5 пайыз. Бұл қаражат адамның жұмысқа жарамсыз болып қалуы, асыраушысынан айырылуы, жүктілік пен босану немесе бала күтімі дема­лысына шығуы сияқты жағдайларда әлеу­меттік төлем төлеуге пайдаланылады. 400 мың теңге жалақы үшін әлеуметтік ауда­рым көлемі шамамен 17 600 теңге болады.

Тағы бір маңызды төлем – әлеуметтік салық. Ол қызметкердің жалақысынан емес, жұмыс берушінің өз қалтасынан төленеді. Әлеуметтік салықты есептеу кезінде де жалақыдан қызметкер төлейтін зейнетақы жарнасы мен медициналық сақтандыру сомасы алынып тасталады. Яғни 400 мың теңгеден 40 мың және 8 мың теңгені алып тастағанда 352 мың теңге қалады. Соның 6 пайызы – 21 120 теңге. Бұл мемлекетке әлеуметтік салық ретінде төленеді.

Дайындаған –
Елігімай ТӨҢКЕР,
«Egemen Qazaqstan»

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:111
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Маусым 2026 10:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see133

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see131

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see131

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see127

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see127

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see127

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see125

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see124

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see123

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see123

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see121

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see121

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see120

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see120

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see120

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see119

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see118

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see118

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see117

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары