Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Алтын отызжылдықтың жаңа кезеңі: Қазақстан мен Қытай қандай келісімге келді

Алтын отызжылдықтың жаңа кезеңі: Қазақстан мен Қытай қандай келісімге келді

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Тараптар жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын, қазақ-қытай ынтымақтастығын одан әрі нығайту перспективаларын, оның ішінде сауданы дамыту, инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту, АӨК, көлік-логистика және басқа да салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

ҚР Премьер-министрі Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын атап өтті. Жалпыұлттық референдум қорытындысы бойынша қабылданған Конституцияда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстан құруға бағытталған бастамалары бекітілген. Атап айтқанда, "Заң және Тәртіп" қағидаты аясында шетелдік инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, инвестициялық ортаның тұрақтылығын қамтамасыз ету және заң үстемдігі кепілдіктерін арттыру жөніндегі шаралар күшейтілді.

"Қазақстан мен Қытайды өзара құрмет пен қолдауға негізделген достық және ынтымақтастық байланыстырады. Бүгінде екіжақты қатынастар мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестік рухында дамып, жаңа "алтын отызжылдық" кезеңіне қадам басты. Мемлекеттеріміздің көшбасшылары Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Си Цзиньпин арасындағы берік сенімге негізделген сындарлы диалог серіктестіктің үлгілі моделіне айналған мемлекетаралық қатынастардың орнықты дамуының негізгі қозғаушы күші болып отыр", — деп атап өтті Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов.

ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цян стратегиялық өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтіп, екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.

"Кейінгі жылдары екі ел арасында жоғары деңгейде тығыз байланыс орнады, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайын кездеседі. Бүгінде Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік өзара қолдау мен тату көршілік үлгісіне айналып, ұдайы тереңдей түсуде. Қазіргі халықаралық жағдайда екі ел сенімді серіктестер ретінде ортақ дамудың игілігі жолында бірлесіп жұмыс істеу үшін өзара үйлестіруді нығайтуы қажет. Қытай тарапы саяси өзара сенімді нығайтуға, даму стратегияларын үйлестіруге және екі ел халқының игілігі үшін көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын", — деп атап өтті Ли Цян.

Қытай Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі саналады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі $48 млрд-тан асты, ҚХР-дан тартылған тікелей инвестиция көлемі – $2,8 млрд.

Агроөнеркәсіп кешендегі екіжақты сауда көрсеткіштері тұрақты өсім көрсетуде. 2025 жылдың қорытындысына сәйкес, аталған бағыт бойынша тауар айналымы 36%-ға өсіп, $1,9 млрд-тан асты. Көлік-логистика саласында Қазақстан Қытай мен Еуропа арасындағы құрлық тасымалында шешуші рөл атқарады: республика аумағы арқылы жүк ағынының 85%-дан астамы өтеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен ҚХР арасындағы теміржол тасымалы 11% өсіммен 35,6 млн тоннаға жетті.

Далянь қаласында Премьер-министр "Бір белдеу, бір жол" бастамасына арналған сессияға қатысты. Отырыста сөз сөйлеген Олжас Бектенов Еуразия жүрегінде орналасқан Қазақстан шамамен 1,7 млрд тұтынушысы бар нарыққа қолжетімділікті қамтамасыз ететінін атап өтті. Соңғы 7 жылда көлік-транзит инфрақұрылымын дамытуға $35 млрд-тан астам қаржы жұмсалды, Ақтаудағы контейнерлік хаб, Сиань құрғақ порты, "Достық – Мойынты" теміржолының екінші жолдары секілді ірі жобалар жүзеге асырылды.

"Бір белдеу – бір жол" бастамасын одан әрі дамытудың бес басым бағытына назар аударылды. Олар: инфрақұрылымдық өзара байланысты нығайту, цифрлық орта дәлізді қалыптастыру, "жасыл" күн тәртібін ілгерілету, сондай-ақ сауданы, инвестицияларды және қаржы тетіктерін кеңейту.

""Бір белдеу, бір жол" бастамасы өзара байланыстардың кеңеюі жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын айқын көрсетті. Бүгінде Қазақстан мен Қытай осының жарқын мысалы болып отыр. Жібек жолы әрдайым ашықтық, сенім және күш-жігер біріктіруге дайын болудың арқасында өркендеп келеді. Қазақстан осы қағидаттарға берік. Біз өзімізді Қытайдың сенімді серіктесі әрі өңірлерді байланыстыратын маңызды көпір ретінде көреміз. Сонымен қатар осы көзқарасты бөлісетін барлық серіктеспен өзара тиімді әрі ауқымды жобаларды жүзеге асыруға ашықпыз. Түптеп келгенде, өзара байланыс инфрақұрылым ғана емес, бұл – адамдардың әл-ауқаты мен ортақ прогресс", — деп атап өтті Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов.

Сессия жұмысына сондай-ақ бірқатар елдің үкімет басшылары, сараптамалық және ғылыми қоғамдастық өкілдері қатысты. "Бір белдеу, бір жол" бастамасын одан әрі ілгерілету перспективалары, оның қатысушы елдердің экономикалық дамуына әсері, сауда бағыттары мен жеткізу тізбектерін қайта құру, цифрлық инфрақұрылым мәселелері және бастаманың 2040 жылға дейінгі келешегі талқыланды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Маусым 2026 13:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see136

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see133

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see130

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see130

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see130

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see129

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see128

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see128

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see126

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see126

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see126

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see126

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see126

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see125

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see124

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see124

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see124

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see123

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see123

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see123
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары