Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

AMANAT : Ерекше күтім қажет бала саны екі есе өсті

AMANAT : Ерекше күтім қажет бала саны екі есе өсті

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Ерекше қажеттіліктері бар балаларға уақтылы және сапалы көмек көрсету мәселесі «AMANAT» партиясы жанындағы Мүгедектігі бар адамдардың инклюзиясы жөніндегі республикалық кеңестің отырысында қаралды.

Жиында талқыланғанған негізгі бағыттардың бірі – ерте араласу жүйесін дамыту. Бүгінде елімізде «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында ашылған 200-ден астам орталық жұмыс істейді. Бұл орталықтардың міндеті – баланың даму ерекшеліктерін ерте кезден анықтап, кешенді қолдау көрсету.

Осы ретте партия хатшысы Шолпан Каринова білім және денсаулық сақтау салалары арасындағы өзара нәтижелі жұмыстың жеткіліксіздігі салдарынан жүйенің тиімділігі төмендегенін атап өтті.

«Білім және денсаулық сақтау ведомстволары арасында өзара жұмыс жүйелі жүргізілмегендіктен, балалар қажетті көмекті уақытында ала алмай отыр. Біз әр балаға балабақшадан бастап мектепке дейін және одан кейін де жеке қолдау көрсету жүйесіне көшуіміз керек. Кем дегенде пилоттық режимде қолданысқа енгізу керек. Сонда ғана әр баланың әлеуметтік бейімделуін және жеке тұлға ретінде дамуын байқай аламыз», – деді ол. 

Өз кезегінде Мәжіліс депутаты, Кеңес төрағасының орынбасары Наталья Дементьева ата-аналардан келіп түсетін шағымдардың көп екенін атап өтті.

«Маған Көкшетау тұрғыны жүгінді. Ол өз қаласында 17-18 жастағы, әсіресе ауыр формадағы аутизмге шалдыққан жасөспірімдерге арналған оңалту орталығы жоқ екенін айтты. Мұндай балалардың ата-аналары не істемек? Олар кәмелет жасын келгенімен, әлі ересек өмірге бейімделе алмайды. Ал Маңғыстау облысының Шетпе ауылында ерекше балаларға арналған мектеп ғимараты дайын болғанымен, облыстық әкімдік лицензия бермей отыр. Соның салдарынан оқу процесі тоқтап тұр. Бұл – кәдімгі бюрократияның кесірі. Соның кесірінен ата-аналар да, ерекше қажеттіліктері бар балалар да тағы да назардан тыс қалып отыр», – деді депутат. 

Бұл балалардың кәмелет жасына толғаннан кейінгі тағдыры – әлі де шешімін таппаған мәселе. «Шанс» оңалту орталығының басшысы Василий Шиманскийдің айтуынша, еліміздегі барлық оңалту бағдарламалары тек 18 жасқа дейінгі балаларға арналған. Ал Қазақстанда әзірге мүмкіндігі шектеулі адамдардың жеке қажеттіліктеріне сай білім беру бағдарламаларын бейімдеуге мүмкіндік беретін кәсіби мамандықтар тізімі жоқ. Сол себепті, кәмелет жасына жеткеннен кейін мұндай балалар қолдау таппай отыр.

«Германияда ауыр диагнозы бар, психоневрологиялық немесе аутизм диагнозы анықталған балалар үшін өндірістік шеберханалар жұмыс істейді. Онда оларды кәсіпке үйретіп, бейімдейді. Бұл бағыттағы негізгі қаржыландыру көзі мемлекеттен емес, бизнес тарапынан қамтамасыз етіледі. Біз жиі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы айтамыз, бірақ бұл тек сөз жүзінде қалып отыр. Ерекше қажеттіліктері бар балалар білім алғаннан кейін жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болуы тиіс. Алайда бүгінде олар үшін арнайы жұмыспен қамту жүйесі жоқ», – деді ол.

Бұл ретте «Bolashak Charity» қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Динара Гаплан менталдық бұзылыстары бар жасөспірімдерге кәсіптік білім беру бүгінде аса маңызды әрі өзекті мәселе екенін атап өтті. Өйткені 9-сыныптан кейін олардың басым бөлігі оқуын жалғастыра алмайды – колледждердегі бағдарламалар мұндай балалардың ерекшеліктерін ескермейді. Бұған қоса, бюрократиялық кедергілер де көп: Денсаулық сақтау министрлігінің №188 бұйрығына сәйкес, менталдық бұзылыстары бар адамдар дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысын ала алмайды.

«Сондықтан қор біз серіктестермен бірлесе отырып, колледждер базасында оқу-өндірістік комбинаттардың моделін жүзеге асырдық.  бірге колледж базасында оқу-өндірістік комбинаттар аштық. Онда ерекше қажеттіліктері бар жасөспірімдер мен ересектер практикалық мамандықтарды меңгере алады. Бір жарым жылда шамамен 70 адам білім алды», – деді ол. Менталдық даму ерекшелігі бар адамдарға кәсіптік білім беруді дамыту үшін біздің үлгі бойынша техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын бейімдеу маңызды. Яғни оқу бағдарламаларын практикаға бағыттап, теориялық бөлімін қысқарту қажет», – деді ол.

Жалпы елімізде мүмкіндігі шектеулі адамдардың жұмыспен қамтылу деңгейі 30 пайыздан аспайды. Қазақстанда барлығы шамамен 740 мың ерекше қажеттілігі бар адам болса, олардың 414 мыңы еңбекке қабілетті. Алайда соның тек 119 мыңы ғана тұрақты жұмыспен қамтылған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай атап өткендай, белгіленген квотаға сәйкес, еліміздегі барлық кәсіпорындар мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа қабылдауға міндетті. Бірақ оларды еңбек нарығына бейімдеуге бағытталған арнайы бағдарламалар әлі де жоқ.

«Қазір арнайы білім беру бағдарламалары әзірленіп жатыр. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан кәсіптік даярлық және сервис колледжінде психоневрологиялық диагнозы бар, соның ішінде аутизм спектріндегі бұзылысы немесе менталдық даму ерекшелігі бар студенттер оқиды. Колледж фермерлік шаруашылықтармен бірлесіп жұмыс істейді, бұл түлектердің жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді. Осындай тәжірибені кеңінен енгізу қажет», – деді ол.

Сонымен қатар отырыста медициналық оңалтуды жетілдіру мәселесіне ерекше назар аударылды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы бес жылда бұл салаға бөлінетін қаржы шамамен 140 пайызға артқан. Қызмет ауқымы да кеңейіп, дәрі-дәрмекпен емдеу мен когнитивтік тренингтерден бастап, роботтандырылған құрылғылар, вертикализаторлар, логопед және психолог көмегіне дейінгі түрлі бағыттар енгізілген. Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова атап өткендей, ерекше балалардың болашағы, ең алдымен, ерте диагностика мен жүйелі қолдауға байланысты. 

«Бүгінде біз скрининг жүйесін енгіздік. Ол нәресте дүниеге келген сәттен бастап алты жасқа дейін жүргізіледі. Бұл тәсіл дамуындағы ауытқуларды ерте анықтап, баланы дер кезінде оңалтуға мүмкіндік береді. Мұндай балаларға имплантация оталары, есту аппараттары, физиотерапия және сенсорлық интеграцияның заманауи әдістері қолжетімді. Алайда тек емдеу емес, үйрету де маңызды. Мысалы, Еуропада аутизмі бар балаларға арналған бағдарламалар мультфильмдер, визуалды бейнелер мен мемдер арқылы жасалады, себебі бұл тәсіл ақпаратты жақсы қабылдауға көмектеседі. Сондай-ақ онда кәсіби бағдар беру жүйесі де жолға қойылған: әр баланың бейімін анықтап, ол аспаздықты ұната ма, гүл өсіруге қызыға ма – соған қарай үйретеді. Біз де осындай тәжірибені енгізіп, өзіміздің кеңестік кезеңдегі оқу-өндірістік комбинаттар тәжірибесін жаңғыртуымыз керек. Сонда балалар мектеп қабырғасынан-ақ қолжетімді кәсіптерді меңгеріп, болашақта еңбекке араласуға нақты дайын бола алады», – деді ол.

Отырыстың қорытындысы бойынша Кеңес ерекше балаларды қолдаудың қолжетімді түрлерін дамыту жөнінде бірқатар ұсыныстар айтты. Атап айтқанда, оңалту орталықтарына балама ретінде психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің желісін кеңейту, аутизм спектріндегі балаларға арналған күндізгі бейімдеу мүмкіндігін қарастыру, білім беру бағдарламаларын жетілдіру және мінез-құлық талдаушысы мамандығын енгізу ұсынылды. Сонымен қатар қатысушылар қазақ тіліндегі оқу-әдістемелік материалдардың тапшылығын және шағын жеке орталықтардың қаржылық тұрақсыздығын да көтерді. Барлық ұсыныстар жинақталып, «AMANAT» партиясы тарапынан бақылауға алынды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:202
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қазан 2025 09:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see166

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see158

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see151

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see150

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see147

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see145

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see143

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see141

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see140

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see139

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see136

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see121

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see120

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see118

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see117

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see117

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see115

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see114

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see112

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары