KPI зауытында жоспарлы алдын алу жұмыстары басталды
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

2026 жылғы 28 тамызда Атырау облысындағы Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. (KPI) зауытында жоспарлы алдын алу жөндеу жұмыстары басталды.
Бұл шара ҚР «Азаматтық қорғау туралы» заң талаптарына және Энергетика министрлігі бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырылуда. Жөндеу жұмыстарының басты мақсаты – жабдықтардың сенімділігін арттыру, технологиялық процестердің тұрақтылығын қамтамасыз ету және өндірістік тиімділікті күшейту.
Жоспарға сәйкес, 82 жылу алмастырғыш құрылғы техникалық куәландырудан өтеді, ал 56 құбыр желісі тексеріледі. Ірі іс-шаралардың қатарында пропанды дегидрлеу реакторларындағы катализаторларды ауыстыру, негізгі компрессорларды және регенерациялық ауаны қыздыру пешін қызмет көрсету бар.
Жөндеу жұмыстарына 765-ке жуық маман мен 27 арнайы техника тартылған. Компания басшылығы еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігіне ерекше назар аударылатынын атап өтті.
Бұл жоспарлы алдын алу шаралары зауыттың үздіксіз әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.
Кеше, 14:17
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:54
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Тамыз 2026 21:14 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















