Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Антибиотиктер сатылымы 68% артты

Антибиотиктер сатылымы 68% артты

24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қазақстандықтар антибиотиктерді жиі қолдана бастады, деп хабарлайды 24KZ. Өткен жылы препараттарды тұтыну көрсеткіші 68% артып, дәрілерді маманның нұсқауынсыз қабылдау деректері жиілеген. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы хабарлады. Ал ақ халаттылардың сөзінше, антибиотиктерді бақылаусыз пайдаланудың кері әсері көп.

Ақерке Оспанова бірінші қалалық аурухананың клиникалық фармакологы. Антибиотик сырқатты емдеуге қауқарсыз болған жағдайда науқасқа тиімді ем тәсілін дәл осы маман таңдайды. «Әдетте сәл ауыра қалса, көпшілік препараттарды өз бетінше қабылдап алуға асығады», – дейді маман. Ал кері салдарын сәл кеш байқап жататын көрінеді. Себебі дәрінің жиі қолданудың өзі ағзаға айтарлықтай зиян екен.

Ақерке Оспанова, Республикалық МСАК орталығының клиникалық фармакологы:

- Қазіргі таңда антибиотиктердің шығарылуы азайғандықтан, көптеген бактерия, олар тірі ағза болғандықтан, төзімділігін сақтап қалған. Сол себептен қазір бізге инфекциялық ауруларды емдеу қиын. Тек қана Қазақстан емес, бұл бүкіл әлем бойынша.

ДДҰ дерегінше, 2050 жылға қарай антибиотиктерге төзімділік жылына 10 млн адамның өліміне әкелуі мүмкін. Ресми статистика бүгіннің өзінде микробқа қарсы тұрақтылықтан жыл сайын 5 млн адам ажал құшатынын көрсетеді. Мұның жарты млн-ға жуығы Еуропа мен Орталық Азияда тіркеліп отыр. Қазір  антибиотиктерге төзімділік жаһандық 10 қауіп-қатердің қатарына еніп отыр. Себебі препараттарды шамадан тыс қолдану шипадан гөрі кеселге жақындататын көрінеді. «Салдарынан жұқпалы ауруларды емдеу қиындай түседі, ауруханаға жатқызу мерзімі ұзарады, медициналық шығындар көбейеді», – дейді маман.

Ақниет Жарылқасын, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының бас маманы:

- Антибиотиктерге төзімділік дегеніміз, қарапайым тілмен айтқанда, микробтардың дәрі-дәрмектерге қарсы тұруы немесе керісінше әсер етпеуі болуы мүмкін. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің протоколына сәйкес антибиотиктерді дәрігерлер тағайындау керек. Егер оған сәйкес дәрілерді қабылдамаса, адамдарда төзімділік үйлесімді пайда болуы мүмкін.

Ауырған жағдайда антибиотик тағайындау туралы шешімді тек дәрігер қабылдау керек. Мамандар нұсқаулығынсыз айығамын деп асқындырып алу әбден мүмкін. Ал мұндай заңбұзушылықтар үшін дәріханалар өте сирек жауапқа тартылады. Биыл еліміз бойынша бар-жоғы 46 жағдай анықталды. 7,5 млрд теңге айыппұл салынған. Мұның қатарында препараттарды заңсыз сату фактілері де бар.

Еркебұлан Байтубаев, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Фармацевтикалық қызметті жоспардан тыс бақылау басқармасының басшысы:

- Өткен жылы тексеру іс-шараларының қорытындысы бойынша дәрі-дәрмектерді рецептсіз сатуға байланысты 40-қа жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Биылғы жылы 46 факті тіркеліп отыр. Бұл жерде айта кеткен жөн, біздің құзіретте дәріханаларды тексеру жоспар бойынша және азаматтардың жеке шағымдары түскен жағдайда ғана іске асады.

Жыл басынан бері фармацевтика нарығында антибиотикке деген сұраныс артыпты. Баға саясатында өзгеріс айтарлықтай. Дерекке сүйенсек, препараттардың сатылымы өткен жылмен салыстырғанда 68% артқан. Көрсеткіш соңғы 3 жылдағы рекордтық деңгейге жетіпті. Денсаулық сақтау министрлігі: «дәрі-дәрмекті маманның рецептсіз сатылмауын қадағалау қажет», – дейді.

Авторлары: Кәмшат Мұхамеджан, Асхат Қарақойшиев

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:159
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қараша 2025 17:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see136

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see135

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see133

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see131

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see128

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see125

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see123

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see123

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see113

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see112

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see111

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see111

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see110

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see110

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see108

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see107

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see105

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see105

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see105

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары