Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Сауда серіктестігіне серпін

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Ынтымақтастықты жандандырған жол

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Апта ішіндегі кадрлық тағайындаулар

Апта ішіндегі кадрлық тағайындаулар

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Атап айтқанда, Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Мұстабеков Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды. Ол бұған дейін Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметін атқарған. 

Қорғаныс министрінің коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі – ресми өкілі қызметіне Әйгерім Ағылтаева кірісті. 

Әйгерім Ағылтаева журналистика саласындағы кәсіби білімін Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде және КИМЭП университетінде (магистратура) алған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітіріп, саясаттану ғылымдарының магистрі дәрежесін иеленген.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында Нью-Йорк киноакадемиясында «Продюсерлік» мамандығы бойынша білім алып, АҚШ-тағы Джорджия университетінде мультимедиалық журналистика бағытында тағылымдамадан өткен.

Еңбек жолын КТК телеарнасында тілші болып бастаған. Әр жылдары «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясында тележүргізуші және редактор, продюсер, «31 арнада» бағдарламалық менеджер, «Алматы» телеарнасының бас редакторы - департамент директоры, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің модераторы, «Жетісу» телеарнасы бас директорының орынбасары, сондай-ақ Жетісу облысы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы – баспасөз қызметінің жетекшісі қызметтерін атқарған.

Алматы полиция департаментінің жаңа басшысы болып полиция генерал-майоры Айдын Қабдулдинов тағайындалды. 

Айдын Қабдулдинов 1998 жылы Алматы заң институтын бітірген. Ол ішкі істер органдарында қызметін Өскемен қаласы ІІБ-нің тергеушісі лауазымынан бастаған.

2000 жылдан бастап Алматы қаласының ішкі істер бөлімдерінде қызметін жалғастырды. 2004 жылдан бастап Алматы қаласы ІІД-нің өзіндік қауіпсіздік басқармасында жұмыс істеп, әр жылдары тергеуші, жедел уәкіл және бөлім бастығы болды.

2012 жылдан бастап басқарманың орынбасары лауазымына тағайындалса, 2017 жылдан бастап сол басқарманы басқарған. Сонымен қатар ол Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының басшысы лауазымында да қызмет атқарған.

2020 жылғы 23 сәуірде Айдын Қабдулдинов Алматы полиция департаментінің орынбасары болып тағайындалды.

Ал 2022 жылғы қаңтардан бастап Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің басшысы қызметін атқарды. 

Сонымен қатар Полиция генерал-майоры Айдос Рысбаев Ішкі істер министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Ол бұған дейін Көліктегі полиция департаментін басқарған.

Полиция генерал-майоры Мұрат Кабденов Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы қызметінен ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы қызметінен Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы болып ауысты.

Полиция полковнигі Абай Жүсіпов Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы қызметінен Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Полиция генерал-майоры Қайыркен Әлиев Ұлытау облысы полиция департаментінің бастығы қызметінен Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы лауазымына ауысты.

Полиция генерал-майоры Нұрхат Оразбаев Атырау облысы полиция департаментінің бастығы қызметінен Ұлытау облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Полиция генерал-майоры Оңал Бекиев ІІМ Аппаратының басшысы қызметінен Атырау облысы полиция департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды.

Руслан Өскенәлі «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы қызметіне кірісті.

Руслан Өскенәлі 1984 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша тәмамдаған, сондай-ақ Woodbury University жоғары оқу орнында MBA дәрежесін алған.

Коммерциялық және өнеркәсіптік құрылымдардың басқарушылық қызметінде тәжірибеcі мол. Әр жылдары «Қазақмыс» корпорациясы, Alstom және General Electric сынды ірі халықаралық және ұлттық компанияларда басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

2024 жылдың наурыз айынан бастап Qarmet компаниясында жабдықтау жөніндегі директор қызметін атқарып, сатып алу функциясын стратегиялық дамытумен және жабдықтау процесін оңтайландырумен айналысты.

Сондай-ақ басқарма мүшесі ретінде компанияның жалпы басқарушылық мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға қатысқан.

Жалпы алғанда, оның кәсіби жолы ірі кәсіпорындардың активтері мен операциялық қызметін басқару тәжірибесін, сондай-ақ стратегиялық жобаларды іске асыруды қамтиды.

Руслан Өскенәлі тиімділіктің жоғары стандарттарына адалдығымен, корпоративтік мәдениет құндылықтарын құрметтеуімен және ұйым ішіндегі кадрлық потенциалды дамытуға ұмтылуымен ерекшеленеді.

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы қызметіне Нұржан Насанов тағайындалды. 

Қазақстан бокс федерациясынан мәлім еткеніндей, Нұржан Нишанұлы 1975 жылы дүниеге келген. 2016 жылы жаттықтырушы мансабын бастаған. 2024 жылдың тамыз айынан ұлттық құраманың жаттықтырушысы.

Екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай және тағы басқа боксшыларды тәрбиелеген.

Ал Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды.

Бақыт Абдрахманұлы 1981 жылдың 29 қарашасында дүниеге келген. 2008 жылы Бейжің Олимпиадасының чемпионы атанса, 2006 жылы Қатар астанасы Доха қаласында Азия ойындарының жеңімпазы, үш дүркін Азия чемпионы болды.

Тәжірибелі маман 2024 жылдың желтоқсан айынан еліміздің 22 жасқа дейінгілер арасындағы құрамасының аға бапкері қызметін атқарған еді. Федерация бұл жоба жұмысын тоқтататынын мәлімдеді. Онда шеберлігін шыңдаған боксшылар енді ұлттық құрама сапына қосылады. 

Азиз Анарметов Екінші лигада бақ сынайтын «Тараз» жастар командасының бас бапкері лауазымына тағайындалды.

1982 жылы дүниеге келген Азиз Абдрашитұлы Тараз қаласының тумасы. Футболшы ретінде кәсіби мансабында «Тараз», «Қайсар», «Оқжетпес», «Лашын», «Қызылжар» командаларында ойнаған.

Ал 2021 жылы «Тараз» жастар командасының бас бапкері болып қызмет жасады.

Сондай-ақ, негізгі команда бас бапкерінің ассистенті ретінде бірнеше жыл еңбек етті.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:163
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Қаңтар 2026 16:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see140

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see132

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see131

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see131

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары