Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

Ақ Олимпиадада айбын көрсете аламыз ба?

Ақ Олимпиадада айбын көрсете аламыз ба?

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Байрақты бәсекеге әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады. Әзірге ел қоржынында үш түрінен 23 жолдама бар. Жауапты министрліктің мәліметінше, лицензиялық турнирлер әлі де жалғасып жатыр.

Жолдама қалай бөлінеді?

Туризм және спорт министрлігінің хабар­лауынша, қазір спортшылар қысқы Олим­пиада жолдамасын сарапқа салып жатыр. Алда бірнеше халықаралық жарыс пен Әлем кубогі кезеңдері өтетіні тағы бар. Жол­дама сол жарыстағы нәтижелер мен жинаған ұпай санына қарай беріледі. Қазақстан қор­жы­нын­да әзірге 23 лицензия бар. Айталық, алғашқы жолдама мәнерлеп сырғанаушылар Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкинаға тиесілі. 

Жақында шорт-тректен ұлттық құрама әлемдік турды аяқтады. Тәжірибелі маман Петр Гамидев баптайтын ұжым 9 лицензия жеңіп алды. Бапкер БАҚ-қа берген сұхбатында жолдаманы қалай бөліске салғанын баяндап берді. 

«Шорт-тректен барлық іріктеу жарысы аяқталды. Біз Әлемдік турдың төрт кезеңіне қатыстық. Оның екеуі Канадада өтсе, біреуін Польша қабылдады. Ал соңғы кезең Нидер­ландта ұйымдастырылды. Нәтижесінде, тоғыз квота жеңіп алдық. Олимпиада ойындарында төрт спортшы өнер көрсетеді. Дайындыққа келсек, қазір біз Астанадамыз және жаттығу процесі жүріп жатыр. Әрине, бұл дайындық маусым басындағы жаттығулардан өзгеше болады. Себебі іріктеу жарыстары – бір бөлек, ал Олимпиада – мүлде басқа деңгей. Қаңтар айында да Астанада дайындаламыз, айдың соңына қарай Нидерландқа бейімделу мақса­тында оқу-жаттығу жиынына қатысуды жоспарлап отырмыз. Сол жақтан тікелей Олимпиадаға аттанамыз», – деп түйіндеді ұлттық құраманың бас бапкер Петр Гамидов. 

Осылайша, Конькимен жүгірушілер одағы Миланға аттанатын шорт-трекшілер тізімін жариялады. Денис Никиша (500 және 1000 метр, аралас эстафета), Абзал Әжіғалиев (500 метр, аралас эстафета), Ольга Тихонова (500, 1000, 1 500 метр, аралас эстафета), Яна Хан (500 және 1 500 метр, аралас эстафета) ел на­мысын қорғайды. 

Ал конькимен жүгіру спортшылары 5-7 желтоқсанда Нидерландтың Херенвен, 12-14 желтоқсанда Хамар қаласында өтетін Әлем кубогі кезеңдерінде өнер көрсетті. Аталған жарыстың қорытындысы бойынша, Қазақ­стан құрамасы 12 лицензия жеңіп алды. Сөй­тіп, қысқы Олимпиадада конькимен жүгіру­ден ел намысын 5 спортшы қорғайды. Олар: Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Ели­завета Голубева, Надежда Морозова, Арина Ильященко. 

Фристайл-могулдан 4 желтоқсаннан 2026 жылдың 18 қаңтарына дейін Финляндия, Канада және АҚШ-та Әлем кубогі және Франциядағы FIS халықаралық турнирі өтеді. Сол жерде жолдама тағдыры талқыға түсері белгілі. Спортшылардан сүйінші хабар күтетініміз тағы бар. Сондай-ақ фристайл-акробатика өкілдері 6 желтоқсаннан 2026 жылдың 18 қаңтарына дейінгі бес Әлем кубогі кезеңіне қатысады. Жарыстар Финляндия, Қытай және АҚШ-та (үш кезең) өтеді. 

Биатлоншылар болса алты Әлем кубогі кезеңі мен алты IBU аясындағы халықаралық турнирге қатысуы қажет. Әлем кубогі кезең­дері Швеция, Аустрия, Франция, Германия (екі кезең) және Чехияда өтсе, халықаралық тур­нирлер Аустрия, Италия, Швейцария, Гер­мания, Словения және Норвегияда ұйым­дастырылады.

Шаңғышылар Финляндия, Норвегия, Швейцария және Италияда өтетін бес Әлем кубогі кезеңінде бақ сынаса, шаңғымен трам­плиннен секірушілер 12 Әлем кубогіне, екі құрлықтық, екі FIS кубогіне, екі Аустрия-Германия турниріне және бір құрлықаралық жарысқа қатысады. Аталған жарыс 20 қарашадан 2026 жылдың 18 қаңтарына дейін жоспарланған. Әзірге отандастарымыз екі Әлем кубогіне қатысып үлгерді.

Тау шаңғысы спортшылары тоғыз Әлем кубогі кезеңінде бақ сынайды. Қазір үш кезең аяқталды, ал алдағы алты кезең 12 желтоқсан мен 2026 жылдың 25 қаңтарында Швейцария, Франция, Аустрия және Чехияда өтеді.

Шаңғы қоссайысында алты Әлем кубогі бар. Бірінші кезең Финляндияда өтсе, кейін­гілері Норвегия, Аустрия және Германияда ұйымдастырылып, 4 желтоқсаннан 2026 жылғы 1 ақпанға дейін жалғасады.

«Қысқы Олимпиадаға қатысатын ұлттық құрама тізімі мен лицензия саны қаңтар айының соңында өтетін Әлем кубогі кезеңдері аяқталғаннан кейін анықталады. Бүгінде Қазақстанда қысқы олимпиадалық спорттың 13 түрі дамып келеді. Елде қысқы спортпен 139 мыңға жуық адам шұғылданады. 1 838 жаттық­тырушы жұмыс істейді. Қысқы спорт инфра­құрылымын дамыту және кадр даярлау жұ­мыстары Жамбыл облысынан басқа барлық өңірде жүргізілуде», – деп жазылған министрлік хабарламасында. 

Ту тұғырдан түспесін

Тәуелсіз Қазақстан тарихында спортшы­ларымыз ақ Олимпиададан сегіз медаль еншілесе, соның біреуі – алтын. Оны 1994 жылы Лиллехаммерде Владимир Смирнов ал­­ған. Аталған бәсекеде қос күміс жүлде ал­ғаны тағы бар. Норвегиядағы додада еліміздің туын трамплиннен секіруші, төрт дүркін чем­пионы, ТМД елдері кубогінің иегері Қайрат Биекенов ұстап шықты. Олимпиадада ол 90 метрлік трамплиннен секіруде 48-орын­нан, ал 120 метрлік трамплиннен секіруде 58-орын­нан көрінді.

1998 жылы Жапонияның Нагано қаласын­дағы қысқы Олимпиадада Көк туды ұстау мәртебесі Лиллехаммерде Қазақстан қоржы­нына үш жүлде салған шаңғышы Владимир Смирновқа бұйырды. Владимир Смирнов Наганода да жүлдегерлер қатарынан көрініп, Олимпиаданың қола жүлдесін иеленді.

2002 жылы АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында ұйымдастырылған XIX қысқы Олимпия ойындарында Қазақстан байрағын конькимен жүгіру өкілі Радик Бикчентаев ұстап шықты. 1 500 және 5 000 метрге жарыста отандасымыз 19-орыннан көрінді.

2006 жылы Италияның Турин қаласындағы Олимпиадада еліміздің көк Туын хоккейші Александр Корешков ұстады. Туриндегі шай­балы хоккей бәсекесінде Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде «В» тобында сынға түсіп, алты құраманың ішінде екі ұпаймен бесінші орын алды. Ал Олимпиаданы 9-орынмен қо­рытындылады.

2010 жылы Канаданың Ванкувер қала­сында өткен қысқы Олимпиадада Қазақ­станның Туын биатлоншы Диас Кенешев алып шықты. Эстафета сайысында құрамында Диас Кенешев бар ел құрамасы мәреге 18-ші болып жетті.

2014 жылы Сочи Олимпиадасында көк Туды шаңғышы Ердос Ахмадиев ұстап шықты. Ту ұстаған спортшымыз 50 шақырымдық қашықтықта сынға түсіп, мәреге 48-ші болып келді.

2018 жылғы Пхенчхан Олимпиадасында Қазақстанның көк Туы шорт-трекші Абзал Әжіғалиевке табысталды. Әжіғалиев Оңтүстік Кореядағы ойындарда 500 метрге жарыста мәреге 9-шы болып жетті.

2022 жылы Бейжіңдегі қысқы Олимпиадада Қазақстанның байрағын шорт-тректен Әлем кубогі кезеңдерінің жеңімпазы әрі жүлдегері Абзал Әжіғалиев және конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионы Екатерина Айдова ұстады. Қытайдағы додада Абзал 500 метрге жарыста 4-орын алған еді. Ал Екатерина Айдова 1 500 метр жарыста 18-орыннан кө­рінді. Айтпақшы, биыл Абзал Әжіғалиев төртінші Олимпиадасына аттанады. Бұдан бұрын жүлдеге бір қадам қалғанда шегінген еді. Милан төрінде жұлдызы жанатын кез жеткен сыңайлы. 

Айзат АЙДАРҚЫЗЫ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:137
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 14:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

05 Қараша 2026 23:13see139

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

06 Қараша 2026 19:55see138

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

06 Қараша 2026 17:53see134

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

06 Қараша 2026 17:51see134

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

06 Қараша 2026 21:45see133

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

06 Қараша 2026 01:33see132

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

06 Қараша 2026 17:03see132

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

06 Қараша 2026 14:29see130

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

06 Қараша 2026 14:34see128

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

07 Қараша 2026 09:53see125

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

07 Қараша 2026 07:15see123

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

06 Қараша 2026 17:20see122

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

06 Қараша 2026 14:33see121

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

07 Қараша 2026 01:50see120

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

06 Қараша 2026 14:35see118

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

06 Қараша 2026 18:08see117

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

07 Қараша 2026 16:27see117

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

06 Қараша 2026 16:46see116

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

07 Қараша 2026 16:55see115

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

06 Қараша 2026 15:20see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары