Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қ. Тоқаев Индонезия президенті мен Таиландтың премьер министріне көңіл айтты

Каспий құбыр Консорциумына қарасты нысанға шабуыл жасалды

Семейде полицейді қағып кете жаздаған жүк көлігі жүргізушісі ұсталды

Қазақстандағы Airbus ұшақтарының кешігуі: мәселе бүгін шешілетіні айтылды

“Құдай жазалады“: мүгедек жандар туралы ауыр сөз айтқан шенеунік кешірім сұрады

Абу Дабидегі дзюдодан Grand Slam турнирі өз мәресіне жетті. Қазақстан қоржынында тек бір медаль!

Қытайда тоқ өндірудің тың тәсілін тапты

Елімізде таяқ тарту ойыны дамып келеді

Елімізде Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды

ЖАСҰО өкілі “Назарбаев“ университеті студенттерімен кездесті

Волейбол: Жетісу клубы Ақтөбені камбэкпен жеңді

Дәстүрлі әншілер сайысы

Қатал күйеу Алланың сыйы : белгілі коучтың сөзі қызу талқыға түсті

UFC жауынгері Арман Царукян өзінің неге титулдық жекпе жексіз қалғанын айтты

Асқабақтан қайық жасаған АҚШ фермері

Қазақстан Швейцария: әйгілі сағаттар, ірімшік пен шоколадтың отаны Астанаға несімен қызық

Арнаулы салық режиміне енгендер ЖК тіркемей ақ 4 пайыздық төлем арқылы жұмыс істейді

Калифорниядағы балалар мерекесінде болған атыстан төрт адам қаза тапты

Шұғыл хабар! Енді Ресей Байқоңырдан зымыран ұшыра алмайды

Airbus рейстерінің кешегуі: бағдарламалық жасақтаманы жаңарту қашан аяқталады

Ақмола агросекторының жетістігі көп

Ақмола агросекторының жетістігі көп

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Алайда соңғы жылдары өңір ауыл шаруа­шы­лық дәнді-дақылдарын ғана өсіретін классикалық егіншілікпен шектелмей, аг­ро­өнер­кәсіптік кешенді әртараптандыру, жаңа тех­нологияларды енгізу және қайта өңдеуді кү­шейту бағытында да жүйелі өзгерістерге тү­бегейлі бет бұрды. Бұл өзгерістер ауыл шаруа­шылығы өнімдерінің көлемін ғана емес, оның са­пасын, нарықтық құнымен қоса өңір эко­но­ми­касына да сүбелі үлесін қосып келеді...

Облыс әкімі Марат Ахмет­жа­нов аймақтың эко­но­ми­ка­лық тың табыстарын бри­финг барысында айтты. Ол ай­мақта барлық салада алға ілгері­леу­шілік бар екенін нақты де­рек­термен баяндап өтті. 

Аграрлық әлеует: кешегі мұра бүгінгі серпін

Ақмола облысының агро­сек­торына көз салсақ, бұл өңір­дің жылдар бойы қалып­тас­қан астықты аймақ ретін­де­гі мәртебесі тек мол өнім­нің көлемімен емес, сонымен қа­тар табиғи-климаттық әлеуе­тімен, шаруалардың тә­жі­­рибесі мен еңбегінің нәти­же­сімен өлшенеді. Дегенмен ХХІ ғасыр талаптары ауыл ша­руашылығын дәстүрлі тә­сіл­дермен ғана жүргізуге мүм­кіндік бермейді. Ауа райының құбыл­малы болуы, ресурстар құ­нының өсуі, жаһандық бә­се­­кенің күшеюі, цифрлық тех­­нологиялардың дамуы – мұ­ның бәрі ауыл шаруашы­лы­ғын жаңа деңгейге көтеруді мін­­деттеп отыр. Ақмола об­лы­сы соңғы бес жылда осы та­лаптарға сәйкес, егіншілікті цифр­ландыруды, мал шаруа­шылығын индустриялан­дыру­ды, қайта өңдеу көлемін арт­тыру­ды, суармалы жерлерді кө­­­­бейтуді, кластерлік модельді ен­гізуді негізгі стратегиялық ба­ғыт ретінде таңдады. Мақсат – өңір­ді қарапайым шикізат өн­дірушіден жоғары қосылған құн қа­лыптастыратын заманауи аг­роөнеркәсіптік орталыққа ай­налдыру болып отыр.

Егіншіліктегі жаңғыру: құр­ғақ технологиялардан Smart алаңдарға

Соңғы жылдары Ақмола об­лы­сының егіншілік саласы «ақыл­ды технологиялардың» белсенді енгізілуімен түбегейлі өз­геріп келеді. Бүгінде 3,5 млн гек­­тардан астам егістік алқап то­­лық цифрлық бақылауға алын­­ған. GPS-навигация, спу­т­никтік мониторинг, дрондар ар­қылы алқапты зерттеу, топы­рақ­тың биохимиялық құрамын анық­тау – бұл шаруалар үшін қа­лыпты жұмыс процесіне ай­налды. Ұсынылған деректерге сәй­кес, мұндай технологиялар шы­ғынды азайтып қана қой­май, өнімділікті арттырады: жа­нар-жағармай 15 пайызға дейін үнемделеді, тыңайтқыш 20-25 пайызға қысқарады, жал­пы өнім көлемі орта есеппен 10-20 пайызға көбейеді. Кли­мат­тық өзгерістерге бейімделу мақ­сатында құрғақшылыққа тө­зімді бидай мен арпаның жаңа сорттары енгізіліп, Zero Till, Strip Till секілді техно­ло­гия­лар бұрын тек ірі шаруа­шы­лықтарға тән болса, бүгінде ор­та шаруаларға да қолжетімді бо­лып отыр. Бұл тәсілдер то­пы­рақ­тағы ылғалды сақтап, шы­ғын­ды азайтуға мүмкіндік бер­мек. 

Ұсынылған деректерге сен­сек, аймақтағы ауыл шаруа­шы­лы­ғы саласын цифрландыру Ақ­мола облысының дамуының аса маңызды бағытына айнал­ған. Тың технологиялық жоба­лар­дың арқасында аймақта мал ша­руашылығын кеңейту мақ­са­ты қойылған смарт-ферма­лар, автоматтандырылған жем­деу жүйелері, GPS-бақылау, аг­­­­­­роботтар мен датчиктік жүйе­лер пайда болған. Жасанды ин­­теллект пен цифрлан­дыру­дың соңғы жетістіктерінің кө­ме­гімен жүзеге асырылған мұн­дай жобалар енді тек ірі ке­­­­­шендерде емес, орта шаруашылықтарда да ен­гізіліп жатқанын атап өткен жөн.

Цифрлық техно­ло­гия­лар­дың артықшылықтарының ар­қа­сында аймақта жанар-жағар­май, тұқым, тыңайтқыш сияқты ди­қан қауымының басты қа­жет­тіліктерінің шығынын азай­ту, өнім түсімділігін нақты бол­жау, сонымен қатар тәуекелдерді бас­қару және еңбек өнімділігін арт­тыру сияқты аса маңызды істер оңтайлы жүзеге асырыла бас­таған. Өңір агрокә­сіп­орын­дары цифрлық шешімдерді ен­гізу арқылы халықаралық стан­дарттарға жақындап, экс­порттық бәсекеге қабілеттілікті арттырып отыр. 

Мал шаруашылығын­дағы өрлеу: индустриялық өңдеу дәуірі

Өңірде мал шаруа­шы­лы­ғы­ның да қарқыны артып келеді. Ең бастысы – облыс тек ет пен сүт өндірумен шектелмей, өң­деу­ді тереңдетіп, экспорттық әлеует­­ті арттыруға ден қойған. Соң­ғы жылдары әлемдік стан­дарт­тармен жабдықталған он­да­ған индустриялық сүт фер­ма­сы да іске қосылған. Ав­то­­мат­тан­дырылған сауу зал­дары, малдың саулығын бақы­лай­­тын датчик­тер, рационды дәл есептейтін смарт жүйелер өн­­діріс мәде­ние­тін түбегейлі өз­­гертіп отыр. Көп­­теген шару­а­шылықта әр сиыр­­дан жылына 8-10 мың литр­­ге дейін өнім алу көр­­сет­кіші қалыптасқан. Ет өн­­дірісі де екпін алып, Қытай, Иран, Сауд Арабиясы, БАӘ на­рық­тарына экспорт көлемі арт­ты. Асылтұқымды мал басы 40 пайыз­ға өсіп, бордақылау алаң­дарының қуаты жылына 120 мың басқа жетіп жығылған.

Өңдеу секторы: экономиканың жүрегі

Қай елдің дамуын алсақ та, оның экономикалық қуаты те­рең қайта өңдеу арқылы баға­ла­нады. Ақмола облысында бұл бағытта да айтарлықтай серпін бай­қалады. Бұрын өңір аты тек ас­тық экспортымен белгілі бол­са, бүгінде макарон, кеспе, жар­ма, нан-тоқаш өнімдері, мал азы­ғы сияқты тауарлар шыға­ры­латын өндірістер көбейген. Ең маңыздысы – бидайды терең өң­деу саласының дамуы: крах­мал, глютен, биоэтанол өндіре­тін кәсіпорындар іске қосылып, ауыл шаруашылығы шикіза­ты­ның құны бірнеше есеге артты. Соң­ғы үш жылда енгізілген өн­­дірістік кешендер агро­сек­тор­дың жаңа индустриялық кел­бетін қалыптастырды.

Құрғақ климатты аймақ үшін су – стратегиялық ресурс екені сөзсіз. Осыны ескерген өңір басшылығы суармалы алқаптарды ұлғайтуға ерекше ба­­сымдық беріп отыр. 2025 жыл­­ға қарай суармалы жер көлемін 60 мың гектарға жеткізу жоспарланған. Жаңбырлатып және тамшылатып суару әдіс­тері мал азығы өндірісін кү­шей­тіп, сүт және ет шаруашылық­та­­ры­ның тұрақты жемшөп қо­­­рын қалыптастыруға жол аша­­ды. Сонымен қатар топырақ эрозиясын азайту, жайылымды қал­пына келтіру, көлдер жүйе­сін сақтау бағытында да эко­логия­лық және аграрлық ғы­лыми жобалар жүзеге асырылу­да.

Шаруаға қолайлы жағдай: жаңа кәсіпкерлік толқыны

Өңірде агробизнестің да­муы­на қаржылық және инф­ра­құ­ры­лымдық қолдау да ай­тар­лықтай әсер еткен. «Ауыл ама­наты», 2,5 пайыздық несие, мик­рогрант­тар сияқты мемлекеттік бағ­дар­ла­малар арқылы жүздеген жаңа ша­руа қожалығы құрылып, ауыл­­дағы кәсіпкерлік белсен­ді­лігі өсті. Кооперативтер құру ар­­­қылы сүт жинау, ет тапсыру, тех­­ника жалдау, жемшөп сатып алу жүйелері шаруалар үшін тиім­­ді механизмге айналып отыр.

Агросектордағы ірі жобалар өңір экономикасының жаңа тынысын ашты. Облыс әкімінің мә­ліметінше, соңғы бес жылда 100-ден астам жоба іске қосы­лып, 400 млрд теңгеден астам ин­вестиция тартылған. Ет өң­деу зауыттары, сүт фермалары, жы­лыжай кешендері, құс фаб­ри­калары, логистикалық орта­лық­тар – мұның бәрі өңірдің аг­­роөнеркәсіптік инфра­құры­лы­мын сапалы деңгейге көтеріп отыр. 

Агроөнеркәсіптік кластер құру тенденциясы

Өңірде бірыңғай аг­ро­өнер­кә­сіптік кластер қалыптастыру идея­сы да соңғы жылдары жиі тал­қыланып келеді. Сала ма­ман­­дарының айтуынша, мұн­дай кластердің бірнеше басты ар­тықшылығы бар. Атап айт­қан­да, бір жерде өндіру, өнді­ріл­ген өнімді қайта өңдеу, сақ­тау және көлік логистиканың кө­мегімен экспорт шығару тіз­бегі қалыптасады. Сонымен қа­тар өндіріс шығындары тө­мен­деп, ауыл кәсіпкерлері ар­а­сында кооперациялар күшейе түс­пек. Ал ең бастысы, бүгінде аса өткір мәселелердің бірі жаңа жұмыс орындары пайда бо­лады.

– Кластерлік модельге өту­дің басты шарты – ауыл кәсіп­орын­дарының өзара сенімі, на­рық­тық бағдарлығы және тех­­­­­нологияны қабылдауға дайын­­дығы екені сөзсіз. Қазір­дің өзінде бірқатар ауданда кооперативтер мен интег­ра­циялық жобалар іске қосылып, ұжымдық өндіріс мәдениетінің қалыптасып келе жатқаны бай­қалады, – дейді облыс әкімі Марат Ахметжанов.

Экспорт географиясын кеңейту – стратегиялық міндет

Брифинг барысында ай­тыл­ған деректерге жүгінсек, соңғы жыл­дары Ақмола облысының ауыл шаруашылығы экспорты жаңа нарықтарға бағыттала бас­таған. Бұрын өнімнің басым бө­лігі дәстүрлі бағыттарға жібе­ріл­се, қазір Түркия, Қытай, Иран, Еуропалық одақ елдері сияқ­ты нарықтарға шығу мүм­кіндіктері кеңейе түскен. Мә­се­лен, эстондық Muga Grain Terminal терминалымен мемо­ран­думға қол қою арқылы өңір­ге Еуропа порттарына тікелей шығу мүмкіндігі ашылып отыр. Мысалы, жуырда ғана аталған ке­лісім арқасында Италия, Бель­гия және Эстонияға 209 мың тонна астық жеткізілген. Бұған аймақта сапа сертифи­кат­­тары жаңартылып, халық­ара­лық талаптарға сәйкестік кү­шейтіліп, логистикалық инф­­рақұрылым жаңартылуы се­бепкер болыпты. Сондай-ақ шаруашылық серіктестіктердің астық сақтау және өңдеу қуат­тары ұлғая бастаған.

Экспортты әртараптан­дыру жер­гілікті шаруашы­лық­тарға тұ­рақты табыс беріп қа­на қой­май, өңірдің эконо­ми­калық тәуел­сіздігін нығай­та түскен.

Аграрлық даму ауыл тұр­ғын­дарының тұрмыс сапасымен ті­ке­лей байланысты. Өңірде соң­ғы жылдары 300-ге жуық ауы­лішілік жол жөнделіп, он­да­ған мектеп жаңартылды, жаңа фельдшерлік пункттер ашылды, ин­тернет қолжетімділігі кеңей­ді. «Дипломмен – ауылға!» жо­ба­сы арқылы жас мамандарды тар­ту ісі жүйелі жалғасуда.

P.S. 

Ақмола облысының аграрлық секторы бүгінде жаңару кезеңіне аяқ басқан. Егіншілік пен мал шаруашылығының технологиялық жаңаруы, қайта өңдеу саласының күшеюі, кластерлік модельге көшу және экспортты кеңейту өңірдің ауыл шаруашылығын сапалы өсімге жетелеп келеді. Бұл өзгерістер тек ауыл экономикасына емес, бүкіл өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін берері сөзсіз. Аймақтағы соңғы жылдары жүзеге асқан өзгерістер агросекторды жаңартудың жаңа философиясын қалыптастырған. Өңір дәстүрлі егіншілік аймағынан инновациялық, технологиялық, жоғары бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешенге айналу жолына түсті. 

Ендігі міндет – осы қарқынды тұрақты үрдіске айналдырып, Ақмола облысын еліміздің ғана емес, бүкіл Еуразия кеңістігінің жетекші аграрлық орталықтарының біріне жеткізу болып отыр...

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:65
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қараша 2025 14:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қ. Тоқаев Индонезия президенті мен Таиландтың премьер министріне көңіл айтты

29 Қараша 2025 20:57see111

Каспий құбыр Консорциумына қарасты нысанға шабуыл жасалды

29 Қараша 2025 23:22see111

Семейде полицейді қағып кете жаздаған жүк көлігі жүргізушісі ұсталды

29 Қараша 2025 21:18see110

Қазақстандағы Airbus ұшақтарының кешігуі: мәселе бүгін шешілетіні айтылды

29 Қараша 2025 12:09see107

“Құдай жазалады“: мүгедек жандар туралы ауыр сөз айтқан шенеунік кешірім сұрады

29 Қараша 2025 15:14see107

Абу Дабидегі дзюдодан Grand Slam турнирі өз мәресіне жетті. Қазақстан қоржынында тек бір медаль!

30 Қараша 2025 18:05see105

Қытайда тоқ өндірудің тың тәсілін тапты

29 Қараша 2025 23:22see105

Елімізде таяқ тарту ойыны дамып келеді

29 Қараша 2025 14:55see105

Елімізде Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды

30 Қараша 2025 03:20see103

ЖАСҰО өкілі “Назарбаев“ университеті студенттерімен кездесті

29 Қараша 2025 19:14see103

Волейбол: Жетісу клубы Ақтөбені камбэкпен жеңді

30 Қараша 2025 18:48see103

Дәстүрлі әншілер сайысы

29 Қараша 2025 12:44see102

Қатал күйеу Алланың сыйы : белгілі коучтың сөзі қызу талқыға түсті

29 Қараша 2025 14:39see102

UFC жауынгері Арман Царукян өзінің неге титулдық жекпе жексіз қалғанын айтты

29 Қараша 2025 13:09see102

Асқабақтан қайық жасаған АҚШ фермері

29 Қараша 2025 14:06see101

Қазақстан Швейцария: әйгілі сағаттар, ірімшік пен шоколадтың отаны Астанаға несімен қызық

29 Қараша 2025 10:08see101

Арнаулы салық режиміне енгендер ЖК тіркемей ақ 4 пайыздық төлем арқылы жұмыс істейді

29 Қараша 2025 10:09see101

Калифорниядағы балалар мерекесінде болған атыстан төрт адам қаза тапты

30 Қараша 2025 18:49see100

Шұғыл хабар! Енді Ресей Байқоңырдан зымыран ұшыра алмайды

29 Қараша 2025 18:03see100

Airbus рейстерінің кешегуі: бағдарламалық жасақтаманы жаңарту қашан аяқталады

29 Қараша 2025 13:01see99
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары