Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Ақмола облысында ойын алаңын өз қаражатына тұрғызған кәсіпкер айыппұл арқалады

Ақмола облысында ойын алаңын өз қаражатына тұрғызған кәсіпкер айыппұл арқалады

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

АЛМАТЫ, 13 шілде – Sputnik. Ақмола облысы Аршалы ауданы Волгодоновка ауылында өз қаражатына ойын алаңын орнатқан кәсіпкер Станислав Кругов 1 млн 250 мың теңге айыпұл төлейді. Дау неден шықты, кәсіпкер мен баласы ойын алаңында құлаған отбасының уәжі қандай, Sputnik Қазақстан сұрап білді.
Осыдан төрт жыл бұрын Станислав Кругов ойын алаңын орнатуға кіріскен. Одан бұрын ауылдағы бос жатқан алаңдарды жергілікті әкімдік тазартып, арнайы балаларға арналған алаң салуды жоспарланған. Алайда бел шешіп кірісіп, балаларды қуанышқа бөлеген ешкім бола қоймайды.

© Photo : Кәсіпкер Станислав Круговтың жеке архивіненАқмола облысында ойын алаңын өз қаражатына тұрғызған кәсіпкер айыппұл арқалады

Ақмола облысында ойын алаңын өз қаражатына тұрғызған кәсіпкер айыппұл арқалады

© Photo : Кәсіпкер Станислав Круговтың жеке архивінен

"Әкімдікке барып осы жерге ойын алаңын салу туралы рұқсат сұрадым, олар берді. Үш жылға жалғасты. Қанша ақша кетті ол жағын білмеймін де, есептемедім де. Демалып отыратын арнайы орындарды қолдан жасадым, кейбірі ақшаға жасалды. Мәселе қанша ақша жұмсағанымда емес, мен оны мақсат тұтпадым", - дейді Станислав Кругов.

Былтыр жазда сол ойын алаңында 8 жастағы қыз құлаған.

"Сот материалына сәйкес, қыз мектеп жанындағы лагерьге барған. Бірақ бала тізімде болмаған. "Бала тізімде жоқ, сол себепті жауап бермейміз" деп лагерь тәрбиешілері алдын ала ескертіпті. Бірақ тізімде бары, тізімде жоғы бар барлық бала сол ойын алаңында ойнаған. Сотта естігенім, бір қыз сырғанақтан төмен түсіп келе жатқанда, жәбірленуші қыз керісінше сырғанақта жоғары шығып бара жатқан. Сол кезде сырғанаған қыз қағып, мына қыз құлаған", - дейді алаңды салған кәсіпкер.

Айтуынша, қыздың анасы бір жыл бойы қызының жағдайы нашарлай бергенін айтып, талап қоя берген.

© Photo : Кәсіпкер Станислав Круговтың жеке архивіненАқмола облысында ойын алаңын өз қаражатына тұрғызған кәсіпкер айыппұл арқалады

Ақмола облысында ойын алаңын өз қаражатына тұрғызған кәсіпкер айыппұл арқалады

© Photo : Кәсіпкер Станислав Круговтың жеке архивінен

"Бірақ қызы ылғи осы ойын алаңында ойнап жүрді. Мектеп дәрігері қараған, сосын анасы аудандық, содан қаладағы ауруханаға қаратқан. Қандай диагноз қойылғанын да білмеймін. Әу баста қылмыстық іс қозғалған, кейіннен азаматтық іске ауыстырды", - дейді кәсіпкер.

Сот алдында төрт тарап жауап берген: Аршалы аудандық білім бөлімі, ауылдық әкімдік, мектеп және Станислав Кругов. Бір жылға созылған сот нәтижесінде кәсіпкер Кругов пен мектеп кінәлі деп таныған.
"Бұл оқиғадан кейін ойын алаңын жинап тастадым. Өйткені ертең тағы бір бала жарақат алса, тағы мен кінәлі боламын. Сол кезде көрші ауылдағы балабақша өтініш жасап, ойын алаңын өздеріне беруімді сұрады. Ақшалары жоқ, "бірнәрсе етіп жинап береміз" деді. Мен көк тиын да алмастан сол кісілерге бердім. Айтпағым, мұндай келеңсіз жайттар қайтарымсыз жақсылық жасауға деген құлшынысыңды кетіріп, ниетіңді өзгертеді. Жақсылық жасайсың, сол үшін жазаланасың", - дейді айыпты болған кәсіпкер.

Sputnik Қазақстан тілшісі ойын алаңында құлаған баланың анасы Мадина Бирюковамен тілдесті. Ол анасы қайтыс болып, ауыр сырқаттанғандықтан жауап бере алмайтынын, орнына "Халық үміті" қорының директоры Виктория Емцова жауап беретінін айтты.

Виктория Емцованың айтуынша, кәсіпкер ешбір заң талаптарына сай келмейтін жолмен ойын алаңын орнатқан.

"Қазіргі уақытта қызға шетелде ота жасау керек, өйткені қазақстанда емдеуге жүрексініп отыр. Қызға мүгедектік қойып отыр, болашағы қалай болары белгісіз. Сот үкімі әділ деп ойлаймыз. Балаларды ойын алаңына апарған мектеп те, ойын алаңын салған кәсіпкер де тікелей жауапты", - дейді ол.

Виктория Емцованың айтуынша, кәсіпкерді қолдаған қоғам қыздың анасына буллинг жасап жатыр.
"Қыздың анасына онсыз да оңай емес, түсіністікпен қараңыздар. Ол баласының денсаулығын жақсартуы керек. Баласын қорғаған кез келген ана осылай істер еді. Ал кәсіпкер өз кінәсін мойындап, қызға көмектессе деймін. Мейлі кім қайырымдылық жасаса да заң талаптарына сай жасау керек", - дейді "Халық үміті" қорының директоры.
Сот үкімімен құлаған жеткіншектің анасына 2 миллион 500 мың теңге өтемақы төлеу туралы шешім шыққан. Оның жартысын кәсіпкер, жартысын мектеп төлейтін болды.
Ал әлеуметтік желі қолданушылары бұл оқиғаға қатысты пікір айтып, кәсіпкерге қолдау білдіріп жатыр.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:115
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Шілде 2026 19:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see145

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see141

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see137

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see136

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see132

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see126

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see124

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see124

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see117

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see115

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see115

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see114

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see114

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see113

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see113

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see113

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see112

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see111

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see110

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары