Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Ақмолалықтар жаппай Қара жорға билеп, рекордтар кітабына енді

Ақмолалықтар жаппай Қара жорға билеп, рекордтар кітабына енді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Бір мезетте «Қара жорға» биін жаппай орындау және «бес асық» ұлттық ойынын қатар ойнау бойынша екі бірдей жетістік Қазақстан рекордтар кітабына енді. Сонымен қатар, қалада 50 тақырыптық киіз үйден тұратын бірегей жоба жүзеге асырылды.

Ең әсерлі сәттердің бірі — «Қара жорға» биінің жаппай орындалуы болды. Бір алаңда 2 мыңнан астам ер азамат — ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері, еңбек ұжымдары, әскери қызметшілер, спортшылар мен жастар бір ырғақта би биледі. Ұлттық шапан киген қатысушылардың үйлесімді қимылы ұрпақтар сабақтастығының символына айналып, қоғамдық бірліктің жарқын көрінісін көрсетті.

Фото: Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы

Сонымен қатар өңір тағы бір рекорд орнатты: 1500 мектеп оқушысы бір уақытта «бес асық» ойынын ойнады. Бұл ауқымды шара жас ұрпақтың ұлттық дәстүрлер мен мәдени мұраға деген қызығушылығының артып келе жатқанын айқын көрсетті. Екі жетістік те ресми түрде Қазақстан рекордтар кітабына тіркеліп, ұйымдастыру деңгейінің жоғары екенін және тұрғындардың белсенді қатысуын дәлелдеді.

Фото: Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы Фото: Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы

Мерекелік шаралар 50 киіз үйден құралған этноауылмен жалғасын тапты. Әрбір киіз үй жеке мәдени кеңістікке айналып, қонақтарға халық қолөнері, салт-дәстүрлер, ұлттық тағамдар мен әдет-ғұрыптарды таныстырды. Сонымен қатар интерактивті шеберлік сабақтары мен ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Ерекше назар Көкшетаудың тарихи жолы мен бүгінгі дамуын көрсететін тақырыптық көрмелерге аударылды.

Фото: Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов наурыз мейрамының біздің халқымыз үшін маңызын айтып, құттықтау лебізін білдірді.

— Қасиетті Ақмола жері — қашанда елдіктің туы тігілген, бірліктің бесігі болған, асыл өнерді бағалаған дарынды тұлғалар мекені. Бүгін алты жасар баладан алпыс жастағы кəріге дейін ер азаматтарымыз «Қара жорға» биінің керемет үлгісін, халқымыздың рухани байлығын, рухын паш етіп отыр. «Қара жорға» биі — ұлттық бірегейлігіміздің айғағы. Бұл би — тек қимыл-қозғалыс емес.Ол — аттың жүрісін, даланың еркіндігін және халықтың көңіл-күйін суреттейтін өнер туындысы. Ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан халқымыздың киелі өнерін құрметтеп, жаңғырту, оны кейінгі жас ұрпақтың санасына сіңіру — біздің міндетіміз, деді ол.

Фото: Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы

Осылайша, Көкшетауда өткен Наурыз мерекесі ұлттық дәстүрлер мен ортақ құндылықтар аясында өңір тұрғындарын біріктірген, ұрпақтар сабақтастығын дәріптеген маңызды оқиғаға айналды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:180
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Наурыз 2026 15:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары