Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Аққу әйгілеген ақиқат

Аққу әйгілеген ақиқат

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Ақын жазарында белгілі бір мақсатты көздеді ме, жоқ па, білмейміз. Өйткені бір тақырыпты жоспарлап отырмаған сияқты жазуға. Ойда қорытып, жүректе тербетіп, көздеген тақырыбымен «ауыруы» мүмкін, алайда оқиғаны қиыстырып жоспарлап жатпайтынға ұқсайды.

Сурет: bilim-all.kz

Оның үстіне өлең жоба емес қой. Өзі де айтпаушы ма еді, «құлағыма сыбырлайды» деп. Әйтеуір өлеңдер ағыл-тегіл басталады да, қуатты тылсымымен баурап алады ғой. Ал мына ойдан соң мынаны айтам деп жоспарлы жазған дүниелер бірден байқалады. Бастапқы екі жолдағы ұйқас төртінші жолда түйінделетін ойға құрылады және айтарын баппен өрбіткені сонадайдан аңғарылады. Бұл әрине ондай ақындар әлсіз деген сөз емес, алайда Мұқаң бұл қатардан емес. Көп өлеңдері жоспарсыз басталады да, екпініне ертіп әкетеді.

Мына поэмасы да ағыл-тегіл құйы­лып, әртүрлі ағыс қарқынымен ала қашады. Қазанаттың үстінде қалқығандай емес, қазақ сөзінің құдіреті билеп бара жатқандай тұла бойды. Сарқырап, құлдилап, құлдыраңдап екпіндеген бала толқын, жас толқын, ана толқын құйқылжып барып басылыңқырап, қайыра қарқындайды. Аласұрған күйге келіңкірейді. Қайткенде де бірқалыпты ырғақ емес. «Мылтық алған саятшы түгілі, тірі жан маңайынан жүрмейтін», атауының өзі тағдырына көрінген Жетімкөлдің басында бір мазасыздық бары бастапқы бөлімнен-ақ білінеді. Сол мазасыздыққа оқырманды қоса тартып бара жатқанда, кілт тоқтайды да адам тағдыры қосамжарланады.

«Бала жатыр төсекте албыраған,

Әке жатыр еденде қалжыраған.

Түн күзетіп ана отыр, қос жанары,

Шарасыздан шаршаған, жаудыраған», деп манағы аққуларсыз әрі-сәрі күй кешкен Жетімкөлдің жағдайына мына отбасының тағдырын жалғап қояды. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы осылайша әрнеден секем алған жарау аттың құлағын қайшылағанындай тосын басталады да, жүйткіген жыр ағысына бірден батырады. Алты ай қыс айдынын сағынып жеткенімен, келген бойда бірден құлап қона кетпеген аққулардың өзі, одан кейін мүлде жоламай кеткені, құс түгілі кісі баласы жуи бермейтіні, сөйте тұра көл бетінің тыншымауы...

Жалпы біз қасиет дегенді қалай түсінеміз. Шығарма «Қасиет... Қасірет... Қасірет... Қасиет...» деп аяқталады ғой. Автор осылайша түйінінде бәрін айтып тастаған секілденеді. Бірақ бәрібір бір жұмбағы бүгулі қалғандай сезіледі. Өлең сөздің қасиеті де осында. Ауру меңдеген бала, шарасыз сенделген ана, дәрменсіз әке не істеу керек? Көптен ауырған жалғыз баланың өлмелі күйін көрген ата-ананың шығарда жаны. Мұндайда бір ауыз сөздің өзі дәтке қуат. Бағанағы тәуіптің «аққумен аластаңдар» деген сөзі бар ғой, сүйенерге басқа үміт қалмаса, кім де болса сөйтеді. Иә, қайтеді екен? Ақынның сұмдық шешімі осы тұс. Оқиға өмірде болды-болмады, тіпті ол жағы да маңызды емес. Автор осы шешімі арқылы ана образын көтеріп тұрған жоқ па? Туған баласы үшін, ұрпақ үшін ана қандай тәуекелге болсын барады. Баласы сонда кетіп бара жатса арыстанның аузына кіріп аман алып қалуға бар. Сіз Мағауиннің «Шақан Шерісін» еске алыңыз. Онда әке, шеше, бала шай ішіп отырғанда жапандағы жалғыз үйге гүр етіп жолбарыс кіріп келіп, үстелдің шетіндегі бес жасар баланы белден-бір-ақ қысып алып жөнелгенде, кім қандай әрекет етуші еді? Азуына ат байлайтындай қайратты Шақан, батыр Шақан қарекет қылмақ түгілі, отырған орнынан тұруға жарамай қалмай ма? Ал әйелі, жолбарыстың аузында кеткен баланың анасы ұшып тұрып, көсеуді ұстап жолбарыстың соңынан қуа жөнеледі. Сол аңырған күйінен айығыңқырап, ақылын жия бастаған Шақан орнынан тұрып есіктен шығуға жарағанда, баланы тастай сала анасына шапқан жолбарыс әйелін көз алдында жайратып кете барады. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасында оқиға басқа демесеңіз, ананың ұрпақ алдындағы жауапкершілігі мен тәуекелі бұдан бір кем түспейді. «Аққуды атпа, досыңды сатпа» дейді қазақ танымы. Тегін айтпайды ғой. Ал ана болса ұрпағын сақтап қалу үшін халық аттамаған қасиетті тәрк етеді. Мүмкін Адамды алма жеуге мәжбүрлеген Хауа ана жерге ұрпақ сүйіп, адамзаттың тұқымын көбейтуді көздеп түскен болар, кім біліпті. Баласының емі үшін аққуды атқан ананың ойы да осындай. Ауырып жатқан өз баласы ғана емес, адам деп есептеген дұрыс. Ал бір адамның өмірін сақтап қалу бар адамды құтқарып қалғанмен тең. Өлетін бала анасы аққуды атпаса да өлетін еді, әрине. Дегенмен, шығармадағы әке мен ананың диалогінде үлкен мән, адамзаттық сезімдер қылаң береді. Күйеуі бара алмаған ерлікке әйелі тәуекел еткені және табиғаттың оған қайырған жауабы... Меніңше бұл Жетімкөлде аққуды атып өлтіргенде, үйдегі баласы да жантәсілім еткен болар. Содан кейін жылқы баққан даланың адамы, оны – табиғаттың тілі деген дұрыс. «Білмеймін, cop аттың ба, бақ аттың ба? Аққуға кезенерде ырым жасап, Тым құрса саусағыңды қанаттың ба?» дей ме әйтпесе? Мұнда да неше мың жылғы қазақ танымындағы нанымдар қатталып тұр. Тәуіптің келуі, қан шығару деген сияқты.

Бағасына жетпесең қасиеттің қасіретке айналып шығуы оп-оңай екен. Бұл қазақ әдебиетінде көнеден жырланып келе жатқан тақырып болса да, ақынның осы поэмасында шырқау биігіне жеткен. «Қасиет! О, қасірет! Осындай ма ең? Сорымның қалыңдығы шашымдай ма ең?! Қасиет! Қасиеттер ұшып кетті, Қасірет! Қасымдағы досымдай ма ең! Қасиет... Қасірет... Қасірет... Қасиет...» деп аяқталады.

Өкініштісі, ана баласынан айырылса, айдын аққуынан айырылды...

Соңғы жаңалықтар

Жас жыршылар «Қырымның қырық батырын» жырлады

Мирас • Бүгін, 08:10

Бакуде ән салған Әміре

Тарих • Бүгін, 08:00

Қазақстан құрамасы Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу рәсіміне қатысты

Спорт • Бүгін, 01:41

Алина Чистякова Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальді сыйлады

Жеңіл атлетика • Бүгін, 00:55

Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды

Спорт • Бүгін, 00:25

Руслан Курбанов семсерлесуден Германиядағы әлем кубогінің жеңімпазы атанды

Спорт • Бүгін, 00:13

Қысқы Олимпиада-2026: Жарыс кестесі жарияланды

Спорт • Кеше

Алматыда жасырылған есірткі зертханасы әшкереленді

Есірткі • Кеше

Мықты теңге экономиканы неге қолдамайды?

Экономика • Кеше

Қазақстанның спорт қауымдастығы жаңа Конституцияны қолдауда біртұтас ұстанымын білдірді

Ата заң • Кеше

Мемлекет басшысы Пәкістанның Президенті мен Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент • Кеше

Кәсіподақтар федерациясы Жаңа Конституция жобасын қолдау үшін қазақстандықтарға үндеу жасады

Қоғам • Кеше

Пәкістан астанасындағы мешітте жарылыс болып, 31 адам қаза тапты

Оқиға • Кеше

Атырау облысында бұзақылық дерегімен 121 адамға сот үкімі шықты

Аймақтар • Кеше

Түркістанда Димаш Құдайбергеннің продюсерлік «Voice Beyond Horizon» жобасы басталды

Өнер • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:156
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Ақпан 2026 08:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see172

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see154

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see152

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see151

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see150

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see149

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see148

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see148

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see148

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see147

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see147

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see147

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see146

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see146

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see145

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see144

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see144

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see144

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see144

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see143
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары