Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

АҚШ та қатерлі ісікке қарсы вакцина сәтті сыналды Қазақстан жаңа терапияға қалай дайындалып жатыр

АҚШ та қатерлі ісікке қарсы вакцина сәтті сыналды Қазақстан жаңа терапияға қалай дайындалып жатыр

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Тамыздың ортасында АҚШ-тың екі ірі фармацевтикалық және биотехнологиялық компаниясы тері обырына қарсы жаңа вакцина сынақтарының сәтті нәтижелерін жариялады. Олардың мәліметінше, бұл препарат отадан кейін пациенттерде ісіктің қайталану қаупін азайтуға көмектескен. Бұл нәтиженің әлемдік онкология үшін маңызы қандай және мұндай терапия Қазақстанда пайда болуы мүмкін бе? Бұл сұрақтарға Tengri Health тілшісі жауап іздеп көрді.

Жаңа вакцина туралы не белгілі және ол қалай жұмыс істейді?

Компаниялар меланоманы (тері обыры) емдеуге арналған дербестендірілген мРНҚ-вакцинасы - интисмеран аутогені сынағының үшінші кезеңі сәтті аяқталғанын хабарлады.

Анықтама: Intismeran autogene (V940) - обырға қарсы эксперименттік дербестендірілген мРНҚ-вакцина. Ол иммундық жүйені қатерлі ісік жасушаларына шабуыл жасауға "үйрету" үшін әр пациентке оның ісігінің генетикалық ерекшеліктеріне негізделе отырып, жеке жасалады. Қазіргі уақытта препарат ең алдымен ісігі хирургиялық жолмен алынып тасталған меланомасы бар пациенттерде зерттеліп жатыр.

Зерттеуге бұған дейін ісігі алынып тасталған, бірақ аурудың қайталану қаупі жоғары болған мыңнан астам пациент қатысты.

Қатысушылар екі топқа бөлінді: бірінші топ тек ісікке қарсы препаратты, ал екінші топ сол препаратты дербестендірілген вакцинамен бірге қабылдады. Емдеу курсы шамамен бір жылға созылды.

Нәтижелер жаңа вакцина препаратпен біріктірілген терапияда тиімдірек жұмыс істейтінін көрсетті. Компаниялардың мәліметінше, мұндай комбинация аурудың қайталану және таралу қаупін төмендетуге көмектескен.

Бұл медицина және онкология әлемі үшін маңызды оқиға - мұндай тәсіл алғаш рет үшінші кезеңдегі ірі зерттеуде өз тиімділігін дәлелдеп отыр. Препарат нарыққа шығар алдындағы ең маңызды сынақтан өтті.

Дегенмен, әзірге "қатерлі ісікке қарсы вакцина" деп кесіп айту ерте - зерттеудің толық нәтижелері әлі де зерделенуі тиіс.

Жаңа вакцинаның айырмашылығы неде?

Біз пікір білдіруін сұраған Ұлттық ғылыми онкология орталығы басқарма төрағасының орынбасары Оксана Шатковская бұл тәсілдің, мысалы, адам папилломавирусына (АПВ) қарсы вакцинациядан айырмашылығын түсіндіріп берді.

"АПВ-ға қарсы вакцина профилактикалық болып саналада. Ол сау адамға егіледі. Қарапайым тілмен айтқанда, ол иммунитетті қатерлі ісік тудыруы мүмкін вируспен күресуге үйретеді, ал дербестендірілген мРНҚ-терапиясы иммунитетке бұрыннан бар рак жасушаларын тануға көмектеседі", - деп атап өтті маман.

Анықтама: Оксана Шатковская - Ұлттық ғылыми онкология орталығының стратегия, ғылым және білім жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары. Онколог-дәрігер, 1997 жылдан бері онкология саласында жұмыс істейді.

Яғни, инфекциялық аурулардың алдын алатын кәдімгі вакциналардан айырмашылығы - терапиялық дербестендірілген ісікке қарсы вакцина ісік хирургиялық жолмен алынғаннан кейін аурудың қайталану қаупі жоғары пациентке егіледі.

Шатковскаяның айтуынша, дербестендірілген обырға қарсы вакциналар емдеудің басқа әдістерінен де ерекшеленеді.

Онкологияда кеңінен қолданылатын үйреншікті химиотерапия қатерлі ісік жасушаларына ғана емес, сау жасушаларға да әсер етеді.

Иммунотерапия ағзаның қорғаныс жүйесін қатерлі ісікпен күресуге белсендіреді. Ал дербестендірілген вакцина иммундық жүйені нақты бір адамның ісігінен анықталған мутацияларға бағыттап шабуыл жасауға үйретуі тиіс.

Неге бұл онкология үшін маңызды?

Оксана Шатковская аталған зерттеу нәтижелерін заманауи онкология үшін маңызды деп санайды, бірақ толық талдауды күтуге шақырады.

"Алғаш рет дербестендірілген мРНҚ-неоантигендік терапия үшінші кезеңдегі ірі зерттеуде оң нәтиже көрсетті. Егер толық нәтижелер мәлімделген тиімділікті растап, терапия реттеуші органдардың мақұлдауынан өтсе, бұл меланоманы ғана емес, басқа да ісік түрлерін емдеудің жаңа бағытын ашуы мүмкін", - дейді дәрігер.

Маман бұл обырға қарсы терапиялық вакцина жасаудың алғашқы талпынысы емес екенін атап өтті. Мұндай тәсілдер бұрыннан зерттеліп келеді, бірақ әзірлеушілер алғаш рет осындай деңгейдегі зерттеулерге қол жеткізіп отыр.

Оксана Шатковскаяның пікірінше, заманауи онкология біртіндеп "бірдей диагнозы бар барлық пациентке бір препарат" тұжырымдамасынан бас тартып, анағұрлым дербестендірілген емдеу әдісіне көшіп жатыр.

"Сондықтан біз Қазақстанда да мұндай зерттеулерді мұқият қадағалап отырмыз", - деді спикер.

Бұл Қазақстан үшін нені білдіреді?

Ұлттық ғылыми онкология орталығы мәліметінше, егер вакцина тіркеліп, алдымен халықаралық, кейін ұлттық клиникалық хаттамаларға енгізілсе, болашақта оны отадан кейін обырдың қайталану қаупін азайтудың бір жолы ретінде пайдалану мүмкін болады.

Бірақ емнің жаңа түрін енгізу үшін "тек препаратты сатып алу" жеткіліксіз - бұл технологияларды қолдануға мүмкіндік беретін арнайы медициналық инфрақұрылым қажет.

Дәрігерлер пациенттің ісік үлгісін алып, оны молекулалық-генетикалық деңгейде зерттеп, ерекшеліктерін анықтауы тиіс. Содан кейін осы мәліметтер негізінде жеке препарат жасалып, заманауи иммунотерапия жүргізілуі керек.

"Бүгінде Қазақстан үшін молекулалық диагностиканы, тиімдірек препараттарды табуға мүмкіндік беретін ісік жасушаларының ДНҚ-сын зерттейтін ісіктерді геномдық профильдеуді, генетикалық деректердің ауқымды көлемін талдауға жол ашатын биоинформатиканы дамыту және орталықтарымыздың халықаралық клиникалық зерттеулерге қатысу мәселесі әлдеқайда ауқымды болып отыр", - дейді Оксана Шатковская.

Астанадағы Ұлттық ғылыми онкология орталығында бұл бағыт дамып келеді. Қазір онда молекулалық-генетикалық зерттеулер бойынша заманауи референс-орталық құрылып жатыр. Оның міндеттерінің бірі - Қазақстанда қатерлі ісікті диагностикалау мен емдеуге дербестендірілген тәсілді дамыту.

Бұған дейін қатерлі ісікке қарсы қазақстандық дәрі 2027 жылы пайда болуы мүмкін екенін жазған болатынбыз. Қазір препарат пациенттерге клиникалық сынақтың екінші кезеңінен өтіп жатыр, кейін ол тіркеледі. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.

Тағы оқыңыз: Қазақстан қатерлі ісік тудыратын вирусқа қарсы жаңа вакцина сатып алды: оны кімдер тегін алады?

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

қатерлі ісік

науқастар

Зерттеу

АҚШ

Қазақстан

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:103
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Тамыз 2026 16:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see140

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see136

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see134

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see131

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see129

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see128

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see124

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see123

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see123

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see123

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see122

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see121

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see121

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see118

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see118

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see117

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see117

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see116

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары