Ақтауда жұмыссыз азаматтар президентке үндеу жолдады
Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Видеодан алынған стоп-кадр
Маңғыстау облысы Ақтау қаласының бір топ жұмыссыздары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына үндеу жолдады.
"Біз, Ақтау қаласының жұмыссыз жүрген адамдары Сізден көмек сұраймыз. Бүгінде шамамен 5700 жұмыссыз бар. Алайда облыстағы Мансап орталығы ұсынған жұмыстармен келіспейміз, еңбекақысы мардымсыз, болмаса уақытша жұмыстарды ұсынады", - делінген Президенттің атына жолданған хатта.
Үндеу авторларының айтуы бойынша, Ақтау қаласының айналасында ірі компанияларға вакансия бөлінбейді.
"Бұл жөнінде Маңғыстау облысы әкімдігі, Ақтау қаласының әкімдігі, облыстық Мәслихатқа, прокуратураға, "AMANAT" партиясына ұжымдық хат та жолдадық. Осыдан кейін бірнеше рет кездесулер болғанымен мәселе шешілген жоқ" - дейді наразылық танытушылар.
Жұмыссыз жүрген азаматтардың қойып отырған талабы - Ақтау қаласының айналасында орналасқан ірі компанияларға жұмысқа орналасу үшін вакансия бөлу және себепсіз жұмыстан шығармау.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Бүгін, 15:35
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:88
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2025 16:37 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















