Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Ақтөбе облысында тас жолда көлік өртеніп кетті

Ақтөбе облысында тас жолда көлік өртеніп кетті

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облысында жолда келе жатқан көлік өртеніп кетті.

Жанып жатқан автокөліктен шыққан қара түтін алыстан көрінді, деп хабарлайды "Диапазон".

Оқыс жағдай Ақтөбе – Астрахань тас жолында, Қандыағаш қаласына жақын жерде болған. Ақтөбе облыстық ТЖД мәліметінше, аудан орталығынан оқиға орнына екі автокөлікпен 8 өрт сөндіруші, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жіберілген.

"Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", — деді Ақтөбе облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:137
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Ақпан 2026 21:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары