Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

Ақтөбе облысының 500 ден астам тұрғыны кәсіп ашу үшін грант алды

Ақтөбе облысының 500 ден астам тұрғыны кәсіп ашу үшін грант алды

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Биыл Ақтөбе облысының 500-ден астам тұрғыны кәсіп ашу үшін грант алды. Мемлекеттік қолдаудың бұл түрін әлеуметтік осал санаттағы азаматтар ие болды. Олар берілген қаражатқа кондитерлік цех, автокөлік жөндеу бекеттері және тігін шеберханаларына қажетті жабдықтар сатып алып жатыр.

Саламат Сламов 10 жыл бойы сымтемірден тор өреді. Алайда тиісті құрал-сайманның жоқтығынан тек шарбаққа арналған тор тоқып келді. Ал биыл 1,5 млн-нан астам теңге қайтарымсыз грантқа бірнеше дәнекерлеу станогын сатып алды. 

Саламат Сламов, кәсіпкер:

- Әр станок әр түрлі шығарады. Мысалы двухконтактный станок күніне 300 тор  шығарады. Үлкен тордан да 300 тор шығаруға болады. Жалпы сұраныс бар, тапсырыс бар. Бұл қалау жұмыстарына арналған тор кез келген құрылыс нысанында пайдаланылады. Балабақша, мектеп, аурухана, тұрғын үй құрылыстарында көптен пайдаланылады. 

Апатқа ұшыраған көліктерді қайта жөндеп, мұнтаздай етіп бояйтын шебер Серік Қонысбеков те кәсіпкер атанды. Мемлекеттік бағдарлама аясында бөлінген  қайтарымсыз грантты қажетті құрал-жабдықтарға жұмсады. 

Серік Қонысбеков, кәсіпкер:

- Жұмысым өте жеңілдеді. Бұрын бір машина біраз уақыт жасалатын еді. Қазір 2-3 күн уақыт кетсе, бұрын бір жеті уақыт алатын. 10 күндей уақыт кететін болған. Қазіргі таңда біраз жұмыс жеңілдеді. Жұмыстың көлемі ұлғайды.

Мемлекеттік гранттан үмітті жандардың бәрі кәсіпкерліктің негізін тегін курстарда үйренеді. Олар бизнес-жоба құру, құжат рәсімдеу, қаржы мен салық саласынан хабардар болуы тиіс. Себебі үкіметтен бөлінетін қаражат қайтарымсыз болғанымен жауапкершілігі де жоқ емес. 

Венера Орымбаева, Еңбек мобильділігі орталығының директоры:

- Үкімет тарапынан беріліп жатқан ақша міндетті түрде тексеріледі. Ақша берілгеннен кейін үш айдан кейін міндетті түрде мониторинг бір жыл бойы жүргізіледі. Қаржыны мақсатсыз жұмсаған жағдайда акт жасалып сот шешімі арқылы үкіметке қайтарылады.

Биыл мемлекеттік гранттардың басым бөлігі әлеуметтік осал топтағы жандарға бұйырды. Бұл мақсатта бюджеттен 891 млн теңге бөлінді. 

Авторлары: Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков, Айбек Даутов

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:122
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қазан 2025 15:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see162

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see159

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see154

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see152

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see150

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see144

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see144

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see143

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

20 Қыркүйек 2026 22:21see136

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see136

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

20 Қыркүйек 2026 22:21see133

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

20 Қыркүйек 2026 22:21see129

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

20 Қыркүйек 2026 22:22see126

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

21 Қыркүйек 2026 12:41see121

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

21 Қыркүйек 2026 10:06see118

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

20 Қыркүйек 2026 22:21see117

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

21 Қыркүйек 2026 13:04see117

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

21 Қыркүйек 2026 12:42see114

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

20 Қыркүйек 2026 22:18see112

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

21 Қыркүйек 2026 15:55see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары