Ақтөбеде жолды кесіп өтпек болған студентті көлік қағып, көз жұмды
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, BMW автокөлігінің жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 17 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.
— Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайлары анықталады. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Жүргізуші ешқайда қашқан жоқ, оқиға орнында болды, — деді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Ақтөбеде әкесінің көлігін айдап кеткен жасөспірім жол апаты кезінде көз жұмды. Оқиға Ақтөбе қаласы Бауырластар тұрғын алабында болды. 13 жастағы жасөспірім ауруханаға жеткізілгенімен, өмірін аман алып қалу мүмкін болмады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:112
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қараша 2025 18:40 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















