Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Әр іске жауапкершілікпен қарап, оны сапалы орындауды ұлттық дағдыға айналдыруымыз керек Индира Рыстина

Әр іске жауапкершілікпен қарап, оны сапалы орындауды ұлттық дағдыға айналдыруымыз керек Индира Рыстина

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетінің бас редакторы, белгілі ақын, публицист Бауыржан Бабажанұлына берген кең көлемді сұхбаты жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Осыған байланысты ЕҰУ-дың сапаны қамтамасыз ету және ішкі бақылау жөніндегі проректоры – басқарма мүшесі Индира Рыстина өз пікірін білдірді.

"Президенттің жыл басындағы сұхбаты ел дамуының жаңа кезеңіндегі басты талапты айқын көрсетеді. Бұл – реформалардың сапалы орындалуы.

Мемлекет көптеген бағыт бойынша институционалдық негізді қалыптастырды, ендігі кезеңде сол негіздің нақты нәтижеге айналуы шешуші мәнге ие.

Бұл сапа логикасы барлық салаға ортақ.

Экономикада – әділ ережелер мен жауапты салық саясаты, әлеуметтік салада – атаулы әрі тиімді қолдау, цифрландыруда – қызмет сапасы мен деректер қауіпсіздігі, білім мен ғылымда – мазмұн, нәтиже және адалдық.

Президент сұхбат барысын бірнеше рет атап өткен «Заң мен Тәртіп» қағидаты осының барлығын біріктіретін өзек ретінде қарастырылған. Тәртіп пен жауапкершілік жоқ жерде сапа да орнықпайтыны айтпаса да белгілі дүние.

Алдағы референдум мен Конституциялық өзгерістер де басқару жүйесінің сапасын арттыруға бағытталған. Бұл қадам өкілді биліктің тиімділігін күшейтіп, қабылданатын шешімдердің кәсібилігі мен салмағына деген талапты арттыруды көздейді.

Парламенттің рөлі де дәл осы сапа өлшемімен бағалануы тиіс, яғни, заң шығару үдерісінің мазмұны, қоғамдық диалогтың деңгейі және жауапкершілік мәдениеті шешуші мәнге ие болуы керек.

Білім беру саласында да сапа мәселесі ерекше өзекті. Өйткені дәл осы сала болашақтағы мемлекеттік аппараттың, экономиканың, ғылым мен қоғамдық институттардың кадрлық негізін қалыптастырады.

Соңғы жылдары мемлекет білім-ғылым саласын дамыту үшін нақты қадамдар жасады. 2025-2026 оқу жылына 93 мыңнан астам білім беру гранты бөлінді, «Келешек» бірыңғай жинақтау жүйесі іске қосылып, онда 130 мыңнан астам салым ашылды, студенттерге арналған жатақханалар салу қарқыны артты. Бұл – мемлекеттің өз міндетін орындап отырғанының айқын дәлелі.

Алайда жаңа кезеңде басты өлшем – білімнің сапасы. Университеттерде оқыту мазмұнының өзектілігі, әділ бағалау, академиялық адалдық, студенттің нақты құзыреттері мен еңбек нарығына дайындығы реформалардың шынайы нәтижесін көрсетеді.

Бұл талап, әсіресе стратегиялық салалар үшін маңызды. Мәселен, атом энергетикасын дамыту туралы шешімдер қабылданған жағдайда, әңгіме тек инфрақұрылым туралы емес, жоғары білікті, жауапкершілігі жоғары инженерлік кадрларды даярлау туралы болуға тиіс. Мұндай салаларда сапа – қауіпсіздік пен ұлттық мүдденің тікелей кепілі.

Ғылым саласында да мемлекет тарапынан жүйелі қолдау көрсетіліп отыр.

2025 жылы ғылыми жобаларды коммерцияландыру бойынша 62 жаңа шарт жасалып, жалпы 267 жоба іске асырылу сатысында, жеке инвестициялар көлемі 20,4 млрд теңгеге жетті. Сонымен қатар  2024-2025 жылдары 576 жас ғалымға тұрғын үй кілті табысталды.

Ендігі міндет – осы қолдауды сапалы ғылыми нәтиже мен нақты қолданбалы әсерге айналдыру.

Президент сұхбатында тарих ғылымына қатысты айтылған ойлар да сапа ұғымымен тікелей байланысты. Тарихты танымалдық үшін бұрмалау – қоғамның интеллектуалдық деңгейін әлсіретеді. Сондықтан, тарих дерекке, ғылыми әдіске және кәсіби жауапкершілікке сүйенуге тиіс. Бұл талап ең алдымен университет пен ғылыми ортада берік орнығуы қажет.

Дәл осы тәсіл туризм саласына да қатысты. Туризмді дамыту тек келушілер санын арттырумен өлшенбеуі керек. Негізгі міндет – сапалы туристік маршруттар, мазмұнды мәдени және тарихи бағыттар, сервистің деңгейі мен қауіпсіздігі. Туризм кәсіби, ойластырылған, ұзақмерзімді стратегия арқылы ғана экономиканың нақты драйверіне айналады.

Цифрландыру мен жасанды интеллект мәселесі де дәл осы сапа тұрғысынан қарастырылды.

Мемлекет басшысының 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялауы – технологияны жаппай енгізу үшін ғана емес, оған саналы, жауапты және сапалы түрде дайындалу үшін берілген уақыт. Жасанды интеллектіні ойланбай қолдану үлкен тәуекелдерге әкелуі мүмкін. Соның кесірінен сыни ойлау қабілеті әлсіреп, дайын жауапқа үйренген, өз бетінше ойлай алмайтын ұрпақ қалыптасу қаупі бар. Сондықтан басты міндет – барлық деңгейде ИИ құралдарын дұрыс пайдалану мәдениетін қалыптастыру, оны адамның ойлауын алмастыратын емес, дамытатын құралға айналдыру.

Біз озық ойлы ел боламыз десек, әр іске жауапкершілікпен қарап, оны сапалы орындауды ұлттық дағдыға айналдыруымыз керек!

Қорытынды біреу: мемлекет бағытты белгіледі, реформаларды бастады, ресурстарды бөлді. Енді барлық салада қойылған міндеттерді сапалы орындау қажет. Сапалы білім, сапалы ғылым, сапалы заң, сапалы технология және сапалы кадрлар ғана елдің орнықты дамуын қамтамасыз ете алады", –  дейді ол.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:211
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қаңтар 2026 15:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see145

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see141

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see137

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see136

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see132

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see126

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see124

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see124

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see117

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see115

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see115

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see114

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see114

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see113

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see113

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see113

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see112

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see111

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see110

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары