Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Арктикада Қазақстанның ұлттық мұрасы қалай қорғалып жатыр

Арктикада Қазақстанның ұлттық мұрасы қалай қорғалып жатыр

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Бұл оқиға цифрлық дәуірде мемлекеттілік, ұлттық болмыс пен тарихи жадты қалай сақтауға болатыны жөнінде қоғамның қызығушылығын арттырды. Осы тақырыпты тереңірек зерттеу мақсатында Kazinform агенттігі Арктикалық дүниежүзілік архив өкілдерімен сұхбаттасып, Қазақстанның ұлттық рәміздері Арктикада қандай жағдайда сақталып жатқанын, не себепті дәл осы аймақ таңдалғанын және алдағы уақытта Орталық Азия елдерінің мұрасын архив қорына қосу жоспары бар-жоғын анықтады.

Қазіргі таңда Арктикалық дүниежүзілік архивте Қазақстан мен Орталық Азия елдерінен қандай деректер сақтаулы? Бұл материалдар архивке қандай жолмен тапсырылды? Ұлттық архивтер, музейлер, университеттер немесе жекеменшік ұйымдар арқылы ма?

Бүгінде Арктикалық дүниежүзілік архив адамзаттың ортақ жадысын сақтауға арналған бірегей қор болып саналады. Қазіргі уақытта мұнда әлемнің 30-дан астам елінен 85-тен аса мекеме тапсырған 100-ден астам депозит бар. Олардың қатарында Ватикан кітапханасы, Еуропалық ғарыш агенттігі, сондай-ақ әртүрлі мемлекеттердің ұлттық архивтері, кітапханалары мен музейлері бар.

Фото: arcticworldarchive.org

AWA-ның қорғалған қоймасы Арктика аймағындағы Шпицберген архипелагында, мәңгі тоңның қойнауындағы таудың ішінде орналасқан. Бұл аумақ Солтүстік Мұзды мұхиттың ортасында, Норвегияның солтүстігі мен Солтүстік полюс аралығында жатыр. Адамзаттың цифрлық мұрасын табиғи және техногендік апаттар қаупі күшейген заманда келешек ұрпаққа аман жеткізу мақсатында құрылған. Қысқасы, архив өкілдері «сақтықта қорлық жоқ» деген қағидаға сүйенген болуы керек.

Арктикалық архивте сақтаулы деректер Республикамыздың мемлекеттік рәміздерінің цифрлық нұсқаларынан тұрады. Бұл материалдар Қазақстан Республикасының Норвегиядағы өкілетті елшісінің Шпицбергенге жасаған ресми сапары барысында архивке арнайы тапсырылған.

Аталған материалдар өңірдің тарихи немесе мәдени мұрасын айқындайтын құжаттар мен цифрлық жинақтарды, мысалы, қолжазбалар, архивтік фотосуреттер, әдеби шығармалар немесе ғылыми зерттеулерді қамти ма?

Арктикалық дүниежүзілік архив цифрланған немесе бастапқыда цифрлық форматта жасалған, әлем, аймақ, мемлекет, мекеме мен ұйымдар, сондай-ақ жеке адамдар үшін айрықша маңызы бар құнды ақпарат пен тарихи жадты сақтауға арналған.

Қазақстан тарапынан тапсырылған материалдар елдің тарихи әрі саяси негізін айқындайтын маңызды құжаттарды қамтиды. Атап айтқанда:

● Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы;

● Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы;

● Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны;

● Қазақстан Республикасының Конституциясы;

● 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң.

Фото: arcticworldarchive.org

— Материалдар архивке жіберілер алдында Piql компаниясының ұзақ мерзімді сақтауға арналған арнайы технологиясы арқылы цифрландырылып, мұқият архивтелген/сақталған. Табиғи ерекшеліктері жағынан теңдесі жоқ бұл қойма толықтай экологиялық тұрғыдан орнықты әрі уақытпен шектелмейтін сақтау мүмкіндігін береді. Бұл технология уақыт сынынан сүрінбей өтуді көздейді. Мұнда деректерді сақтау үшін энергия көздері қажет емес, сондықтан олар ғасырлар бойы, тіпті мыңжылдықтар бойы бүлінбей сақтала алады, — деді архив өкілдері.

AWA жұмысының негізі саналатын Piql технологиясы архивке тапсырылған деректерге «мәңгілік ғұмыр» сыйлайды. Оның басты артықшылықтары:

● Деректерді көшіруді, басқа да құрылғыларды қажет етпейтін формат;

● Арктика жағдайында 2000 жылға дейін сақталу мүмкіндігі;

● Кибершабуылдар мен цифрлық қауіптерге төзімділік;

● Деректердің өзгертілмей және өшірілмей сақталуы;

● Электронсыз және магнитсіз тасымалдау форматы;

● Электромагниттік және радиациялық ықпалдарға төзімділік.

● Деректердің автономды, офлайн режимде сақталуы және қажет жағдайда қысқа мерзімде қолжетімді болуы;

● Сақтау мерзімі бойы қоршаған ортаға зияны аз, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз.

Фото: arcticworldarchive.org

Архив қорында Орталық Азия халықтарының дәстүрлі мәдениеті мен тілдеріне қатысты сирек немесе бірегей материалдар бар ма? Алдағы уақытта Қазақстан мен Орталық Азия мұрасын архивке енгізу жоспарланып отыр ма?

Қазіргі таңда Арктикалық дүниежүзілік архивтегі Орталық Азияға қатысты жалғыз депозит — Қазақстанның мемлекеттік рәміздері. Дегенмен, AWA ынтымақтастыққа әрдайым ашық екенін және болашақта Қазақстан мен Орталық Азия халықтарының мәдени, тарихи және құжаттық мұрасын сақтауға қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін Қатар ұлттық мұражайында қазақша аудиогид іске қосылғанын жазған едік.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:168
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қаңтар 2026 20:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see158

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see148

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see148

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see147

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see146

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see144

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see143

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see139

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see139

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see136

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see133

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see130

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see129

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see124

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see121

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see120

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see120

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see119

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары