Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Арыс ауруханасында шу шықты: Дәрігер ұйықтап жатқанда, бала өліп қала жаздады

Арыс ауруханасында шу шықты: Дәрігер ұйықтап жатқанда, бала өліп қала жаздады

Arasha.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Арыстағы жергілікті аурухана төңірегінде дау туындады. Төрт жасар Әлирахман Сейітханның ата-анасы балаларының комаға түсуіне кезекші дәрігердің салғырттығы себеп болды деп отыр. Олардың айтуынша, дәрігер бала тырысып, өлім аузында жатқанда ұйықтап жатқан, деп хабарлайды Arasha.kz.

Арыс тұрғыны Ұлжалғас Жүзейдің айтуынша, бір апта бұрын баласы аздап қызу болып үйге келген. Түнгі үштер шамасында оның денесін қатты тырысулар қыса бастаған. Қорыққан ата-ана жедел жәрдем шақырып, баланы ауруханаға жеткізеді.

«Мейірбике кезекші дәрігерді оята алмай, біз алты сағат бойы күтіп отырдық. Баламның жағдайы нашарлай берді, бірақ ешкім көмек көрсетпеді. Егер дер кезінде қарағанында, мүмкін, комаға түспес еді», — дейді анасы.

Бала әкесi Муажхан Мауытов та жағдайды баяндады:
«Мейірбике бізді қабылдады, бірақ үйге қайтарып жібермек болды. Қайта тырысу басталғанда дәрігерді шақырдық, бірақ ол келмеді. Кейін медбике үш рет оятуға тырысқанын айтты. Бұл — нағыз немқұрайдылық. Балам қазір комада жатыр».

Баланы тек таңғы тоғызда, кезекші ауысқан соң ғана қарапты. Сол кезде ол есінен танып қалған. Содан бері комада.

Анасының айтуынша, дәрігерлер әлі күнге дейін нақты диагноз қоя алмаған.
«Бізге үнемі „жағдайы ауыр“ дейді. Ешқандай талдау жасалмаған, қажетті аппараттар жоқ. Тек дүйсенбіден бастап қана бірдеңе істей бастады».

Белгілі болғандай, Арыс ауруханасында МРТ да, компьютерлік томограф та жоқ. Сондықтан нақты диагноз қою мүмкін емес. Ал баланы облыс орталығына апаруға дәрігерлер қорқады — жолды көтере алмай қалуы мүмкін дейді.

Аурухананың бас дәрігері Марат Төлегенов болса, ата-ананың нұсқасымен келіспейді.
«Сол түні бізде 35 науқас болды. „Дәрігер алты сағат ұйықтады“ деген сөз шындыққа жанаспайды. Кезекші дәрігер басқа науқастарды қарап жүргенін айтты. Қазір қызметтік тексеріс жүріп жатыр», — деді ол.

Кішкентай Әлирахман бір аптадан бері өмір мен өлім арасында жатыр. Дәрігерлер түрлі болжам айтады: бірде «миға қан құйылған» дейді, бірде «инфекция» деп отыр. Ал ата-анасы Денсаулық сақтау министрлігінен араласуды және кінәлілерді жазалауды сұрап отыр.

Бұған дейін Жамбыл облысында алты жасар бала да ауруханада кенеттен көз жұмған еді. Ол 29 қыркүйектен бері өзін жайсыз сезінгенімен, дәрігерлер оған еш көмек көрсетпеген.
 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:174
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қазан 2025 11:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see133

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see131

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see130

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see127

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see127

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see126

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see124

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see124

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see123

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see122

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see121

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see120

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see120

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see120

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see120

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see119

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see118

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see118

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see117

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары