Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

Ата аналар тілегін тыңдады

Жылуыңды жаз қамда

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

Мамандық таңдау машақаты

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

Еуроодақ елдері ұйымның жаңа бюджетіне жарнаны көбейтуге құлықсыз БАҚ

82 жылдық рекорд жаңармады Қазақстанда тамыз айы қандай болды

Жастар ісін жүйелеген кезең

Бала қайда құлады? Атыраудағы балабақшадан шу шықты

Бала қайда құлады? Атыраудағы балабақшадан шу шықты

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

АЛМАТЫ, 9 қараша – Sputnik. Атырау қаласында Береке ықшам ауданында орналасқан балабақшалардың бірінен шу шықты. Бес ай бойы басылмаған даудың мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі білді.

Бұл мәселе туралы жергілікті блогер Рүстем Баязиев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оған "Береке" балабақшасына баласы баратын әйел шағым айтқан. Тұрғынның сөзіне қарағанда бала балабақшада құлап, басынан зақым алған. Ата-ана әу баста білмеген, басы ауыра берген соң баланы ауруханаға апарғанда басында қан ұйығаны белгілі болған.

"Ауруханада баланың басына күрделі ота жасайды. Балабақша камерасын тексерткенде камера жұмыс істемейтін болып шыққан. Анасы полицияға арызданып, қылмыстық іс ашылған. Бірақ екі ай бойы тып-тыныш, анасы бұл әрекетке алаңдаулы", - дейді Рүстем Баязиев.

Sputnik Қазақстан тілшісі басынан жарақат алды деген бес жастағы баланың тәрбиешісінен сұхбат алмақ болды, бірақ тәрбиеші емес, тәрбиешінің анасы жауап берді. Айтуынша, қызының қан қысымы көтеріліп, осы жағдайдан кейін денсаулығы күрт нашарлап кеткен.

"Қызым күйзеліске түсіп, қатты ауырып жатыр. Қызымның еңбегі ақ, Құдай көріп тұр ғой. Қандай тәрбиеші басына бәле іздеп, баланы ұрады. Ешқандай дәлелсіз адамға солай жала жабуға бола ма? Оң-солын ажыратпай блогер жалған ақпарат таратқан. Баланы үш жаста деген, бала бес жаста. Ол мықты блогер болса, неге дұрыстап анықтамайды, неге оқиға орнына, неге полицияға барып анықтамайды. Халықтың қамын ойлаған адам солай жасай ма?", - дейді тәрбиешінің анасы.

Оқиғаның мән-жайын атын айтудан бас тартқан басқа тәрбиеші баяндап берді. Айтуынша, бала мінез-құлқы тыныш, айтқанды орындайтын, тәртіпті бала. Балабақшада ойнап жүріп оқыс қимыл жасайтын бала емес.

"Бала балабақшаға келгенде бұрыңғыдай ойнап, балалармен араласа қоймаған. Басым ауырды дей берген. Сосын мейірбикеге қаратып, кейіннен ата-анасына хабарласып айтылған. Сол сәтте қарап жүрген тәрбиеші оқуды жаңа бітіріп келген жас маман, осы жағдайдан қорқып, қазір тіпті ауырып қалды", - дейді Айнұр есімді тәрбиеші.

Балабақшаның жеке чатында баланың аулада ойнап жүріп құлағаны белгілі болған. Ол туралы ата-аналардың бірі ортақ чатқа салып жіберген.

"Баланың басындағы қанды ісік биіктіктен құлап алған жарақат сияқты. Жерге жай ғана құласа, ондай жарақат алмайды. Баланың аулада құлағаны туралы жазбаны бізге бір ата-ана скрин жасап жіберді. Онда бір ата-ана құлаған баланың анасына "Исламның мамасы, балаңыз қалай жақсы ма? Ясмина балаңыздың құлағанын көріпті. Ислам жылап кетіп қалды деп айтты" деп жазған. Бала үйінде аулада құлаған болуы керек, бірақ баланы балабақшаға алып келген. Мүмкін ата-анасы да баласының аулада қатты құлағанын білмеген болуы керек", - дейді тәрбиеші.

Балабақшаға келген бала басының ауырғанына шағымданған. Тәрбиешілер анасын шақырады, кейіннен баланың басына қан ұйығаны белгілі болады.

Тәрбиешілердің айтуынша, ғимаратта бейнекамералар болған. Баланың қасынан өтіп бара жатып, жерден бір зат алсаң да камералар өте бір дөрекі қылық сияқты көрсетеді, дейді олар.

"Сол себепті біз үнемі абайлауға тырысамыз, ал балаға қолымыздың ұшын да тигізбейміз. Бұл туралы күнделікті басшылық айтып отырады", - дейді Айнұр.

Оқиға туралы Sputnik Қазақстан тілшісі Атырау облыстық білім басқармасынан сұрап көрді.

"Бұл дерек Атырау қаласы №2 қалалық полиция бөлімінде тіркелген. Қылмыстық Кодекстің 141-бабы 1-бөлігі "Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамау" бойынша іс қозғалып, тергеу жүргізілген. 11 қазанда қылмыстық іс қылмыстық-процестік кодекстің 35-бабы 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Істі Атырау қаласы прокуроры бекітті", - дейді облыстық білім басқармасы.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:176
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Қараша 2025 16:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see168

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see167

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see154

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see153

Ата аналар тілегін тыңдады

22 Қыркүйек 2026 04:25see149

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see142

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

22 Қыркүйек 2026 05:05see139

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see133

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

22 Қыркүйек 2026 05:29see125

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see122

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see121

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

22 Қыркүйек 2026 04:06see114

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see113

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

22 Қыркүйек 2026 09:07see111

Мамандық таңдау машақаты

22 Қыркүйек 2026 04:46see101

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

22 Қыркүйек 2026 08:24see89

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

22 Қыркүйек 2026 09:27see89

Еуроодақ елдері ұйымның жаңа бюджетіне жарнаны көбейтуге құлықсыз БАҚ

22 Қыркүйек 2026 04:09see88

82 жылдық рекорд жаңармады Қазақстанда тамыз айы қандай болды

22 Қыркүйек 2026 09:31see88

Жастар ісін жүйелеген кезең

22 Қыркүйек 2026 04:07see77
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары