Әскерде ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтар өмірден өтті
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Алматыдағы әскери бөлімде ауыр жарақат алған сарбаз Ербаян Мұхтар Астанадағы ауруханада көз жұмды, – деп жазды Aikyn.kz.
Бұл туралы журналист Динара Мыңжасар әлеуметтік желіде жазды.
Ербаян Мұхтардың анасы Гүлсім Қамиева ұлының Астанадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында көз жұмғанын жеткізген. Бір ай бұрын сарбаздың денсаулығы күрт нашарлап, аталған емдеу мекемесіне шұғыл түрде жеткізілген еді.
Еске салайық, 2023 жылдың желтоқсанында Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық ұланының 5571 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген Ербаян Мұхтар ауыр бас-ми жарақатын алған еді. Сарбаз ұзақ уақыт ем қабылдады.
Оған мидың ауыр соғылуы, жедел субдуралды гематома және шүйде сүйегінің сынуы диагнозы қойылды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:38
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Маусым 2026 09:34 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















