Астана 2028 жылы Дүниежүзілік мұнай кеңесінің конгресін қабылдайды
Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Кездесу барысында тараптар энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ «ОПЕК+» аясындағы өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарын, жаңартылатын энергия көздерін дамыту және заманауи «жасыл» технологияларды енгізу мәселелерін талқылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ерлан Ақкенженов Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы энергетикалық әріптестікті одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, әлемдік энергетика нарығын дамыту мәселелері бойынша тұрақты диалог пен ұстанымдарды үйлестірудің маңыздылығына тоқталды.
Ерекше назар Эр-Риядта өтетін Дүниежүзілік мұнай кеңесінің алдағы конгресіне аударылды. Қазақстан Конгресті басым жобаларды ілгерілету, іскерлік байланыстарды кеңейту және мұнай-газ саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды алаң ретінде қарастырады.
Кездесу барысында Қазақстанның 2028 жылы Астанада Дүниежүзілік мұнай кеңесінің кезекті конгресін өткізуге дайындалып жатқаны да атап өтілді. Тараптар іс-шараны дайындау және өткізу барысында тығыз өзара іс-қимыл жасаудың маңыздылығын атап өтті.
Тараптар мемлекетаралық өзара іс-қимыл тетіктерін одан әрі жетілдіру мәселелерін де талқылап, энергетикалық ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екендерін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша, энергетика саласындағы әріптестік қатынастарды одан әрі нығайтуға және бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара мүдделілік расталды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:119
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қыркүйек 2026 18:17 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















