Астана әуежайында жолаушыларды жасанды интеллект арқылы тексеру жүйесі іске қосылмақ
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Астана әуежайында жолаушыларды биометриялық сәйкестендіру енгізіледі. Бұл туралы Қоғамдық талқылауға жарияланған Көлік министрлігі бұйрығының жобасында айтылған.
Көлік министрлігі Астана қаласының әуежайында жасанды интеллектіні пайдалана отырып, жолаушыларды биометриялық сәйкестендіруді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыруды жоспарлап отыр.
"Жоба жолаушыларға қызмет көрсету процесін жақсартуға бағытталған. Биометриялық сәйкестендіруді енгізу қызмет көрсету уақытын қысқартуға, ұшуға дейінгі рәсімдерден өтуді оңтайландыруға және Астана әуежайындағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді", – делінген құжатта.
Құжат 2026 жылғы 4 қарашаға дейін қоғамдық талқылауда болады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:100
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қазан 2026 17:06 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















