Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Астанада 9 тамыз күні Jüregımnıñ Jenımpazy фестиваліне байланысты жолдар жабылады

Астанада 9 тамыз күні Jüregımnıñ Jenımpazy фестиваліне байланысты жолдар жабылады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Астанада 9 тамыз күні жыл сайынғы Jüregımnıñ Jenımpazy жүгіру фестивалінің өтуіне байланысты қаладағы бірқатар көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Осыған байланысты елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет,  – деп хабарлайды Aikyn.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Сағат 07:00-ден 08:05-ке дейін Түркістан көшесімен Abu Dhabi Plaza ғимараты бағытына қарай бір жолақта көлік қозғалысы ішінара шектеледі.
Сағат 07:00-ден 07:40-қа дейін Ұлы Дала даңғылы жабылады.
Сағат 07:10-нан 09:15-ке дейін Ақмешіт көшесі бойымен Экспо алаңындағы мәреге дейінгі бағытта бір жолақта көлік қозғалысы шектеледі.

JÜREGIMNIÑ JEÑIMPAZY – Қазақстандағы ауқымды қайырымдылық жүгіру жарыстарының бірі. Осымен тоғызыншы рет ұйымдастырылып отырған бұл іс-шара мыңдаған қатысушыны адам өмірін сақтауға және трансплантологияны дамыту идеясының төңірегіне біріктіріп келеді. Фестиваль ағза трансплантациясын күтіп жүрген пациенттерге қолдау көрсетуге және қоғам назарын трансплантация мәселесіне аударуға бағытталған. 21 мамырдағы мәлімет бойынша, трансплантацияны күту парағында 4 739 қазақстандық тұр.

Биыл фестивальге қатысушылар мен қонақтардың жалпы саны шамамен 7 мың адамды құрайды. Олардың қатарында медицина қызметкерлері, ағза трансплантациясынан өткен пациенттер, бизнес өкілдері, қоғам қайраткерлері, кәсіби спортшылар, жүгіруді әуесқой деңгейде серік еткен азаматтар және елорда тұрғындары бар.

Жүгіру ресми ашылу рәсімінен кейін сағат 07:00-де басталады. Қатысушылар 10 км, 3 км және 1 км қашықтықтар бойынша бақ сынайды.

Фестиваль алаңы сағат 05:30-да «Ұлы Дала Елі» монументі маңында жұмысын бастайды.

Жарыс алдында қатысушылар үшін таңғы йога және кәсіби жаттықтырушылардың қатысуымен жалпы дене қыздыру жаттығулары ұйымдастырылады.

Фестиваль қонақтарын күні бойы аниматорлар мен аквагрим қызметі ұсынылатын балалар аймағы, фуд-корт, қазақстандық брендтердің жәрмеңкесі, серіктестердің интерактивті алаңдары, жедел медициналық тексеруден өтуге мүмкіндік беретін тегін медициналық чек-ап аймағы, сондай-ақ жүрек-өкпе реанимациясы тәсілдерін үйрету алаңы күтеді.

Орынхан, Мархаба Сәби, сондай-ақ Бүркіт пен Аиша концерттік бағдарламаның хедлайнерлері болмақ.

Жүгіруге белгілі қоғам қайраткерлері, медицина қауымдастығының өкілдері, халықаралық ұйымдардың өкілдері және еріктілер қатысады. Олардың қатарында Heart Center Foundation қорының құрылтайшысы, UMC басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы Юрий Пя, қордың Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Әлішер Елікбаев және басқа да танымал тұлғалар бар.

Жүгіру-фестиваль аясында жиналған барлық қаражат Трансплантацияны үйлестіру жөніндегі республикалық орталыққа, Қазақстандағы трансплантация орталықтарына, сондай-ақ кардиохирургия мен трансплантология саласындағы білім беру жобаларын дамытуға бағытталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:151
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Тамыз 2026 07:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see134

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see131

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see128

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see128

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see128

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see127

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see126

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see125

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see124

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see124

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see124

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see124

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see124

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see123

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see122

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see122

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see122

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see121

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see121

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see120
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары