Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жаңа салынған үйлердің бағасы өзгеріссіз қалды, бірақ Алматыдағы вторичка арзандап жатыр пәтер бағасына талдау

Екі финал, екі рекорд: Қазақстан жеңіл атлетикадан U20 әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады

Шанхайға рекордтық нөсер жауын жауды желіде тайфун зардаптарының кадрлары пайда болды

Тоқаев Заң және тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

Әлеуметтік сауалнама Қазақстан Президентіне деген сенім деңгейінің жоғары екенін көрсетті

Қазақстандықтар Құрылтай сайлауында дауыс беретін учаскесін қалай біле алады

Ақтау тұрғыны чатта жанжалдасып қалып, бүкіл қаланы дүрліктірген кек дайындады

Ауыл партиясы: отандық ғылымды өндіріспен ұштастыру басты міндет

73 жасында арманын орындауды ұйғарды қазақстандық әйелдің ерекше хоббиі Қазнеттің назарын аударды

Еліміздің екі өңірінде мефедронның ірі партиясы тәркіленді

Алматыда қарбызды қалай сату керек полиция жаңа сауда ережелерін түсіндірді

Татарстанда дрон шабуылынан жеті өзбекстандық қаза тапты

Түрік лоукостері Қазақстаннан екі жаңа бағыт қосты, бірақ маңызды мәселе бар

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

Әміре Қашаубаев Париж баспасөзінде: 1925 жылғы үш француз басылымының түпнұсқа деректері

Қазақстанда eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

Баспана берекелі отбасының басты тірегі

Су добының үздіктері

Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді Отбасы банк статистикасы

Парапауэрлифтингтен әлем чемпионы Гузал Ергешева Ұлыбританияда қайтыс болды

Астанада Халықаралық театр күніне орай 7 театрдың жетістіктері жарияланды

Астанада Халықаралық театр күніне орай 7 театрдың жетістіктері жарияланды

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Бүгінде Астана қаласы Мәдениет басқармасына қарасты 7 театр жұмыс істейді. Олар: «Жастар театры», «Наз» мемлекеттік би театры, Қуыршақ театры, М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Әзірбайжан Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театры, Музыкалық жас көрермен театры және «Қанаттылар» инклюзивті театры.

2025 жылдың басынан бері елордалық театрлар 1 164 қойылым сахналады, оның 17-сі – премьера.

Фото: Астана әкімдігі

Мәдениет басқармасының мәліметінше, көрерменнің театрға деген қызығушылығы айтарлықтай артып, театрға келушілер саны 30 пайызға өсіп, 306 995 адамды құрап отыр. Қазіргі таңда театрлардың репертуарында 199 қойылым бар: оның 88-і отандық, 94-і шетелдік авторлар шығармалары бойынша сахналанған. Сонымен қатар 75 қойылым балаларға, 124-і ересек көрерменге арналған.

Елорда театрлары шығармашылық жетістіктерімен де ерекшеленіп келеді. Музыкалық жас көрермен театры Дулат Исабековтің «Гауһартас» музыкалық драмасын 300-ге жуық рет сахналап, Қазақстан мен Еуразия кеңістігінде рекордтық көрсеткішке жетті. Қойылым «UMAI-2023» ұлттық сыйлығында «Ең үздік спектакль» атанды.

Әзірбайжан Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театрында 2024 жылы Мұхтар Шахановтың «Танакөз» поэтикалық драмасы қойылып, «Ticketon Awards-2024» нұсқасы бойынша «Жылдың үздік спектаклі» атанды. Ал 2025 жылы осы театрда Табылды Досымовтың «Сәйгүлік» музыкалық драмасының премьерасы өтіп, «STEPPE AWARDS 2025» марапатында «Жылдың үздік спектаклі» аталымын иеленді.

Фото: Астана әкімдігі

М. Горький атындағы театрда сахналанған «Әлия» қойылымы батыр Әлия Молдағұлованың ерлігі арқылы патриотизмді дәріптесе, Музыкалық жас көрермен театрында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Мәншүк Мәметова туралы «Мәншүк» музыкалық драмасы көрерменге жол тартты.

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Ә. Мәмбетов театры «Армандар орындалады» жобасын ұсынып, түрлі сала өкілдерінің өмірін сахналады. Бұл бастама еңбек адамдарының шығармашылық әлеуетін көрсетуге бағытталды.

Сонымен қатар елордалық театрлар жаңа технологияларды да игеріп жатыр. Әзірбайжан Мәмбетов театры жасанды интеллект көмегімен жасалған «Жылы мұң» спектаклін ұсынды.

Халықаралық мәдени байланыстар да қарқынды дамып келеді. 2025 жылы Құралай Ешмұратованың 80 жылдығына арналған «Құралай» халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтті.

Қоғамдағы өзекті мәселелер де театр сахнасынан көрініс табуда. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Независимые», «S.O.S», «Екі ғұмыр», «Соңғы аялдама», «Жылы мұң» сияқты қойылымдар көрерменге ұсынылды. Сондай-ақ Наурызнама онкүндігі мен Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдығына орай «Қажымұқан» тарихи драмасының премьерасы сахналанды.

Фото: Астана әкімдігі

Халықаралық театр күні – театрдың қоғамдағы рөлін айқындайтын, өнердің адамзат өміріндегі маңызын дәріптейтін ерекше мереке. Аталған мереке 1961 жылы Халықаралық театр институтының бастамасымен бекітілген. Бұл күн елорда театрлары үшін де жаңа идеялар мен шығармашылық ізденістерге серпін беретін маңызды белес болып қала береді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, жыл басынан республикалық театрларға 170 мыңнан аса көрермен барды

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:177
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Наурыз 2026 18:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жаңа салынған үйлердің бағасы өзгеріссіз қалды, бірақ Алматыдағы вторичка арзандап жатыр пәтер бағасына талдау

10 Тамыз 2026 17:07see119

Екі финал, екі рекорд: Қазақстан жеңіл атлетикадан U20 әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады

10 Тамыз 2026 17:14see118

Шанхайға рекордтық нөсер жауын жауды желіде тайфун зардаптарының кадрлары пайда болды

10 Тамыз 2026 15:41see116

Тоқаев Заң және тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

10 Тамыз 2026 09:13see116

Әлеуметтік сауалнама Қазақстан Президентіне деген сенім деңгейінің жоғары екенін көрсетті

10 Тамыз 2026 14:07see116

Қазақстандықтар Құрылтай сайлауында дауыс беретін учаскесін қалай біле алады

10 Тамыз 2026 14:47see116

Ақтау тұрғыны чатта жанжалдасып қалып, бүкіл қаланы дүрліктірген кек дайындады

10 Тамыз 2026 11:35see115

Ауыл партиясы: отандық ғылымды өндіріспен ұштастыру басты міндет

11 Тамыз 2026 01:54see114

73 жасында арманын орындауды ұйғарды қазақстандық әйелдің ерекше хоббиі Қазнеттің назарын аударды

10 Тамыз 2026 18:14see114

Еліміздің екі өңірінде мефедронның ірі партиясы тәркіленді

11 Тамыз 2026 14:28see112

Алматыда қарбызды қалай сату керек полиция жаңа сауда ережелерін түсіндірді

10 Тамыз 2026 14:24see112

Татарстанда дрон шабуылынан жеті өзбекстандық қаза тапты

11 Тамыз 2026 02:38see112

Түрік лоукостері Қазақстаннан екі жаңа бағыт қосты, бірақ маңызды мәселе бар

10 Тамыз 2026 17:44see111

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

11 Тамыз 2026 15:05see111

Әміре Қашаубаев Париж баспасөзінде: 1925 жылғы үш француз басылымының түпнұсқа деректері

10 Тамыз 2026 08:09see111

Қазақстанда eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

11 Тамыз 2026 15:05see110

Баспана берекелі отбасының басты тірегі

11 Тамыз 2026 04:13see110

Су добының үздіктері

11 Тамыз 2026 03:57see109

Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді Отбасы банк статистикасы

11 Тамыз 2026 16:40see108

Парапауэрлифтингтен әлем чемпионы Гузал Ергешева Ұлыбританияда қайтыс болды

10 Тамыз 2026 15:26see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары