Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Астанада сот қызметін ұйымдастыру сапасы артты: былтыр өтініштердің саны екі есеге азайды

Астанада сот қызметін ұйымдастыру сапасы артты: былтыр өтініштердің саны екі есеге азайды

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Астана қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі департаменті басшысының орынбасары Қанат Оспанов Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ережеде нақты бекітілген талаптарға сәйкес және қорытынды кеңестердің шешімдері негізінде биылдан бастап сот бөлімдері судьялардың басшылығы мен бақылауымен сот практикасына жүйелі түрде талдау және қорыту жүргізуге міндеттелгенін айтты.

— 2025 жылдың қорытындысы бойынша бөлім тарапынан бірқатар ұйымдастырушылық және әдістемелік жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, 12 ай ішінде 5 кеңейтілген пленарлық отырыс, 10 жалпы жиналыс, қалалық сот базасында 5 дөңгелек үстел, 2 қорытынды кеңес және 15 аппараттық кеңес өткізуге практикалық әрі ұйымдастырушылық көмек көрсетілді, — дейді ол.

Оның сөзінше, бөлім өз бетінше және судьялармен бірлесіп 32 жоспарлы талдау мен қорыту жұмысын жүргізген. Сонымен қатар, 2025 жылы судьяларға арналған 52 семинарлық сабақ өткізуге практикалық және әдістемелік қолдау көрсетілген. Бұл сабақтардың 12-сі азаматтық істер бойынша, 18-і әкімшілік істер, 11-і қылмыстық істер, тағы 11-і әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі соттарға арналған.

Сот актілерін орындау бағытында да нақты шаралар қабылданған.

— Атқару парақтарын негізсіз қабылдамау немесе қайтару, сондай-ақ қылмыстық айыппұлды ауыстыруға қатысты ұсынымдарды уақытылы енгізбеу фактілері бойынша салыстырып тексеру жүргізу жөнінде хаттамалық шешім қабылданды. Бұл жұмысқа Сот әкімшілігі департаменті, әділет органдары, прокуратура және жеке сот орындаушылары тартылды, — деп атап өтті Қанат Оспанов.

Оның мәліметінше, 2025 жылы соттар мәжбүрлеп орындау үшін тікелей жолдаған 47 434 атқару парағының 4 447-сі немесе 9,4 пайызы қабылданбаған. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 3,3 пайызға жақсарған. Негізсіз қабылданбаған атқару парақтары бойынша кінәлі сот орындаушыларын заңда белгіленген жауапкершілікке тарту шаралары қолданылған.
Халықаралық құқықтық көмек пен мемлекеттік қызмет көрсету саласында да жұмыстар жүргізілген. Аталған кезеңде бөлімге шет мемлекеттерден халықаралық құқықтық көмек көрсету туралы 197 тапсырма келіп түскен, ал елорда соттары шетелдік соттарға 56 тапсырма жолдаған. Сондай-ақ сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөніндегі 128 өтініштің барлығы қанағаттандырылған.

— Ахуалдық орталықтың деректеріне ерекше назар аударылып, процестік мерзімдердің сақталуына күнделікті мониторинг жүргізіледі. 2024 жылмен салыстырғанда бұзушылықтар саны 3,9 пайызға азайып, 171 факті тіркелді, — дейді спикер.

Оның ішінде процестік мерзімдерді сақтау талаптарын бұзу — 81, сот актілерін уақтылы енгізбеу — 62, сот отырыстарының уақытылы басталмауы — 28 жағдайды құраған.
Анықталған бұзушылықтар судьялар мен сот қызметкерлерінің қатысуымен өтетін жедел кеңестерде қаралып, кінәлі тұлғалар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, департаментке келіп түскен өтініштер саны да айтарлықтай азайған. 2025 жылы 245 өтініш тіркелсе, өткен жылы бұл көрсеткіш 558 болған.

Тараптарды СМС арқылы хабарландыру мәселесінде де оң динамика байқалады. 2025 жылы бұл бағытта 28 ғана бұзушылық анықталған, ал бір жыл бұрын олардың саны 788 болған. Сондай-ақ, сот отырыстарын себепсіз кейінге қалдыру көрсеткіші де едәуір төмендеп, жылдың соңына қарай 802 жағдайға дейін қысқарған.

— Жалпы алғанда, қабылданған шаралар сот қызметінің ашықтығын арттырып, процестік тәртіпті нығайтуға оң әсерін тигізіп отыр, — деп түйіндеді Қанат Оспанов. 

Еске сала кетейік, бұған дейін 2025 жылдың атышулы оқиғаларын жаздық.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:172
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қаңтар 2026 23:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see140

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see136

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see134

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see131

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see129

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see128

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see124

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see123

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see123

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see123

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see122

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see121

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see121

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see118

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see118

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see117

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see117

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see116

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары