Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Астанада зейнеткерлер халықтар бірлігін насихаттап, ерекше акция өткізді

Астанада зейнеткерлер халықтар бірлігін насихаттап, ерекше акция өткізді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

30 сәуір күні таңғы сағат 8:00-де Нұра ауданындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері Ботаникалық саябаққа жиналды. Скандинавиялық серуен үйірмесінің қатысушылары «Тайқазан» нысанының жанында сап түзеп, «1 мамыр» сөзін бейнеледі. Бұл акция елдегі бірлік пен татулықтың символына айналды.

Іс-шара барысында қатысушылар спорттық жаттығулар да орындады. Олар «Атамекен» патриоттық әнін айтып, ұзындығы 1 700 метрлік шеңберді үш рет айналып өтті. Мұндай белсенділік зейнеткерлердің денсаулығын нығайтып, сергек өмір салтын ұстануына ықпал етеді.

Үйірме жетекшісі Туғанай Бейсембаеваның сөзінше, бұл бастама зейнеткерлердің өмір сапасын арттыруға бағытталған.

– Бұған дейін спорттың бірнеше түрімен айналыстым: алғашында трамплиннен секіру, кейін триатлон болды. 2024 жылдың наурыз айында осы орталыққа жұмысқа шақырды. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына келіп, скандинавиялық серуен үйірмесін жүргізуді бастадым. Бұл – Қазақстан үшін жаңа спорт түрі. Қазір скандинавиялық серуенге қызығушылық өте жоғары, - деді ардагер спортшы.

Оның айтуынша, үйірме қысқа уақыт ішінде кеңінен танылып, қатысушылар саны айтарлықтай артқан.

– Алғашында 5 адам келді, кейін 7 адам болды, артынан 30-дан асты. Сосын «досыңды ертіп кел, танысыңды шақыр» деп біртіндеп көбейді. Қазір 12 отбасы бірге қатысады. Жалпы топта 180 адам тіркелген, оның 135-і тұрақты түрде жаттығуға келеді. Мұндағы кісілердің ең үлкені 89 жаста, - деді ол.

Туғанай Бейсембаеваның айтуынша, мұндай бастамалар зейнеткерлердің өмір сапасын арттырып, олардың қоғамдағы белсенділігін күшейтеді. Мұны зейнеткер Ғалымжан Аманбаевтың пікірі де растайды.

– 78 жастамын. Осы топқа қосылғаныма екі жыл болды. Аптасына бірнеше рет келіп, екі сағат жаттығу жасаймыз. Қандай ауа райы болса да келеміз. Соның арқасында денсаулығымыз жақсарып жатыр. Бүгінгі шара да ерекше көңіл-күй сыйлады, - деді ол.

Кәріс ұлтының өкілі Роза Александрқызы 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні барлық ұлтты біріктіретінін айтты.

– Қазақстан толерантты мемлекет. Барлық жағдай жасалған. Қазақ, орыс, шешен, неміс – бәріміз біргеміз. Мен Дубайда, Түркияда, Кореяда болдым. Бірақ Қазақстаннан артық ел жоқ. Шетелге шыққанда өз еліңнің қадірін түсінесің. Біз қазақстандық болғанымызға бақыттымыз, - деді ол.

Зейнеткерлердің айтуынша, мұндай шаралар мерекелік көңіл-күй сыйлап қана қоймай, күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналған. Мұны шараға қатысушы Гүлжан Дүйсембаев айтты.

– 76 жастамын. Көбі жасын айтпай құпия ұстайды ғой. Керісінше мен мақтанамын. Себебі скандинавиялық серуен тобының арқасында денсаулығымды жақсартып, жақсы көңіл-күйде жүремін. Екі жылдан бері келемін, өте ұнайды. Мұнда таза ауада серуендеп, көңіл көтереміз. Үйде отырғанша, осындай белсенді өмір сүрген дұрыс. Барша астаналықты бізге қосылуға шақырамын, - деді ол.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның негізгі мақсаты халықтар арасындағы достық пен келісімді нығайту. Сонымен қатар егде жастағы азаматтар арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау.

Айта кетейік, Нұра ауданындағы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінде скандинавиялық серуен үйірмесі екі жылдан бері жұмыс істейді. Қазір оған 187 зейнеткер тұрақты түрде қатысады.

Бұған дейін Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында зейнеткерлерге қандай қызметтер тегін көрсетілетінін жазғанбыз. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:126
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Сәуір 2026 18:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары