Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Асыдан Атакамаға дейін: қазақстандық телескоп қалай жасалды және оның құны қанша

Асыдан Атакамаға дейін: қазақстандық телескоп қалай жасалды және оның құны қанша

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Оңтүстік аспан астындағы әмбебап құрал

Фесенков атындағы Астрофизика институтының инженер-зерттеушісі Максим Кругов агенттік тілшісіне жобаның қалай жүзеге асқаны туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Оның сөзінше, Атакама шөлінде диаметрі бір метр болатын телескоп арнайы павильонға орнатылған. Бұл – фотометрия және спектроскопия режимдерінде жұмыс істей алатын әмбебап құрал.

– Жоба 2018 жылдың сәуірінде басталды, сол кезде Obstech обсерваториясы өз алаңында жаңа құралдарды орналастырып, астрономиялық хостинг жасап жатқан еді. Сол сәтте біз де оптикалық жүйеге тапсырыс беріп, механикамен жұмыс істей бастадық әрі телескопты скрипт арқылы басқару жүйесін сынақтан өткіздік. Чили тарапы параллель түрде телескопқа арналған іргетастарды құйып жатты. COVID кезеңі де іске қосу мерзімін кейінге шегеруге мәжбүр етті. Алайда бұл да өз пайдасын берді: Алматыдан 100 шақырым жердегі Асы тауларындағы обсерваториямызда сыналған көптеген шешім кейін Чилиде де қолданылды, - деді ол.

Жобаның құны

Максим Круговтың айтуына қарағанда, жобаның басты ерекшелігі – тиімді кооперация мен инженерлік тәжірибе негізінде жасалғаны.

– Бұл телескоп тек оптикалық жүйеден бастап, қабылдағыш матрицада кескін алуға дейінгі барлық кезеңде ең тиімді шешімдер қолданылғанымен ерекшеленбейді. Ең маңыздысы – жобаны жүргізу тәсілі: біз әр торап пен бөлшекті дайындау және төлеу процестерін барынша оңтайландырдық. Оптиканы Hubble Optic компаниясы жасады, ол телескоптарға арналған жеңіл сэндвич-айналары бойынша маманданған. Механикалық бөлігін Украинадағы Тернополь қаласының шебері дайындады, біз онымен телескоп құрастыру клубы кезінен таныспыз. Ал компоненттерді, аспаптарды және басқару жүйесін Қазақстандағы «Астротехприбор» компаниясы Астрофизика институты мамандарымен тығыз байланыста жасап шықты. Ғалымдар мен өндіріс арасындағы осындай кері байланыс – жобаның сәтті шығуына әсер ететін негізгі фактор, - деді ол.

Фото: Максим Круговтың жеке мұрағатынан

Нәтижесінде алты жыл ішінде жобаның жалпы құны шамамен 92 миллион теңге болған. Бұл нарықтағы коммерциялық ұсыныстармен салыстырғанда бірнеше есе арзан.

Сондай-ақ Максим Кругов өз ұстаздары – Владимир Барбанаков пен Вера Загайнованың еңбегін ерекше атап өтті. Олардың арқасында 1980-жылдары-ақ отандық инженерлік мектеп қалыптасқан.

– Осы білім мен жинақталған тәжірибе болмаса, жобаның құны ондаған есе жоғары болар еді, - деді ол.

Нені және қайтіп бақылап отыр

Бұл телескоп, ең әуелі, қазақстандық астрономдар үшін бұрын қолжетімсіз болған оңтүстік аспан нысандарын зерттеуге арналған. Бақылаулардың шамамен 80%-ы спектрлік, қалғаны – фотометриялық сипатта.

Оның көмегімен ғалымдар гамма-жарқылдардың кейінгі сәулеленуін, катаклизмдік және Be-жұлдыздарды, астероидтар және басқа да аспан нысандарын зерттейді.

Фото: Роман Турвентур

Телескоп толықтай автоматты режимде жұмыс істейді.

– Біздің барлық телескоп Алматыдағы Фесенков атындағы Астрофизика институтында орналасқан бірыңғай орталықтан басқарылады. Мұнда қуатты есептеу орталығы да бар. Әр кеш сайын телескоп тапсырмалар файлын жүктеп алады, берілген сценарийді орындайды, есептік файлдар жасап, алынған деректерді қайта жібереді, - деп түсіндірді ол.

Ғылыми міндеттер және Асы обсерваториясы

Бұл телескоп ұзақ мерзімді бақылау жүргізуге, оңтүстік аспанды қамтуға және жылына 320-ға дейін бұлтсыз түн болатын жағдайда жұмыс істеуге арналған. Мұнда халықаралық ынтымақтастықтың да маңызы зор.

Obstech обсерваториясының аумағында 140-тан астам телескоп жұмыс істейді, ал түрлі елден келген ондаған ғылыми топ зерттеу жүргізіп жатыр.

– Кейінгі екі жылда телескопты жинау мен іске қосу үшін Чилиге бес рет бардық. Сонда көп әріптеспен танысып, құнды тәжірибе жинадық әрі өз әзірлемелерімізді бөлістік. Чилиде көрген үлгіні Асы обсерваториясындағы «Астрохабты» дамыту барысында қолдандық. Қазір онда серіктестеріміздің онға жуық роботтандырылған телескопы өз жұмысын атқарып тұр, - деді Максим Кругов.

Фото: Роман Турвентур

Алдағы уақытта Асы обсерваториясында астротуристерге арналған қонақүй инфрақұрылымын іске қосу жоспарланып отыр. Бұл жоба жұлдызды аспанды тамашалауға мүмкіндік береді.

– Біздің аспан Чилиден кем түспейді. Инженерлік және ғылыми әлеуетіміз де әлемдік деңгейден төмен емес екенін сеніммен айта аламын. «Ғарыштық телескоптар бар кезде жердегі телескоптардың қажеті не?» деген сұраққа қарапайым жауабымыз бар: ғарыштық телескопты басқару үшін әуелі жердегі телескоппен мінсіз жұмыс істеуді және әлемдік ғылыми қауымдастықпен тиімді ықпалдасуды үйрену қажет. Ғарыш аппаратының қызмет ету мерзімі шектеулі, барлық тапсырма минутына дейін нақты жоспарланады, қателесуге болмайды, - деді ол.

Қазіргі уақытта Астрофизика институты Ghalam компаниясымен бірлесіп диаметрі 20-30 сантиметр болатын шағын орбиталық, Ай маңындағы телескоп жобасын да қолға алған. Жоба ғылыми тұжырымдаманы қалыптастыру және техникалық шешімдерді пысықтау кезеңінде тұр.

Чилидің артықшылықтары

Максим Кругов Чилидегі обсерваториялардың басты артықшылығы ретінде онда жылына 320 ашық, бұлтсыз түн болатынын айтады. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан Чилиден төмен. Сонымен қатар обсерватория тарапынан көрсетілетін қолдау, халықаралық ғылыми орта және алаңды жалға алудың қолайлы құны да маңызды.

– Тағы бір артықшылық – үздіксіз бақылау қатарларын жүргізу мүмкіндігі. Таңертең нысан Қазақстандағы обсерваториядан Чилидегі обсерваторияға «беріледі». Көктем мен күзде бұл бір нысанды бірнеше тәулік бойы бақылауға мүмкіндік береді. Бір түннің ішінде телескоп 20-30 нысанды бақылай алады, нәтижесінде ондаған гигабайт дерек жинайды. Кейін бұл Институттың дата-орталығында өңделеді, - деп түсіндірді ол.

Фото: Роман Турвентур

Сондай-ақ Максим Кругов БАҚ-тың Obstech обсерваториясында ашылған ATLAS I3 кометасына қызығушылық танытқанын айтты.

– Алайда мұндай жаңалықтардың артында тек телескоп емес, ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы тұр. Жоғары жылдамдықты түсірілім мен қуатты бағдарламалық-математикалық аппарат шешуші рөл атқарады. Бүгінде астрономияда IT-мамандарға деген сұраныс өте жоғары, - деді ол.

Ғылыми нәтижелер мен болашағы

Инженердің айтуынша, әзірше нақты ғылыми қорытындылар жасауға ерте.

– Астрофизикада тез ашылатын жаңалықтар болмайды. Бұл – ұзаққа созылатын әрі күрделі процесс, мұнда айсбергтің ұшы ғана көрінеді. Деректер үздіксіз түсіп жатады, кейде ақаулар болады, жоспардан тыс жағдайлар мен жөндеу жұмыстары жүргізіледі, Чилиге бару үшін визаны бірнеше ай күтуге тура келеді, - деді ол.

Соған қарамастан, алдағы уақытта оңтүстік аспан нысандары бойынша маңызды нәтижелерге қол жеткізу жоспарланып отыр. Олар аса жаңа жұлдыздардың жарқылын зерттеуден бастап, жұлдыздардың эволюциясын талдауға және тіршілікке қолайлы болуы мүмкін экзопланеталарды іздеуге дейінгі ғылыми міндеттерді қамтиды.

Картадағы жаңа нүктелер

Алдағы жылдары қазақстандық телескоптар желісі кеңейе түспек. Жоспарда Канар аралдарындағы Тейде обсерваториясында диаметрі 115 сантиметрлік құрал орнату, Өзбекстандағы Майданақта 80 сантиметрлік телескопты іске қосу және Асы обсерваториясын әрі қарай дамыту көзделген.

Фото: Роман Турвентур

2030 жылға қарай «Астрохаб» жобасы аясында Асы обсерваториясында жүзден астам телескоп орнату жоспарланған. Жобаға қазақстандық студенттер мен Институт қызметкерлері белсенді түрде тартылады.

Айта кетейік, былтыр қазақстандық телескоп астрономиялық бақылау жүргізуге әлемдегі ең қолайлы орындардың бірінде – Чилидің Атакама шөліндегі Obstech халықаралық обсерваториясының аумағында орнатылған еді. Бүгінде ол оңтүстік аспанды бақылайтын жаһандық желінің бір бөлігіне айналды.

Бұған дейін Институттың теориялық астрофизика бөлімінің меңгерушісі Денис Юрин Атакама шөлін таңдаудың себебі – оның бірегей астроклиматы екенін айтқан еді. Бұл климат Қазақстан аумағынан бақылауға келмейтін нысандарды зерттеуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ қазақстандық телескоп Испания мен Өзбекстан обсерваторияларында орнатылатынын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:261
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Қаңтар 2026 10:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see142

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see138

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see137

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see135

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see133

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see133

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see131

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see127

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see126

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see125

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see125

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see123

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see123

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see122

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see121

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see120

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see119

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see118

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары