Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Ата ана құдіреті: индерлік Хасановтар жетімдерге болашақ сыйлады

Ата ана құдіреті: индерлік Хасановтар жетімдерге болашақ сыйлады

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Мен Қалымен кездейсоқ кездесіп қалдым. Бұдан бірнеше жыл бұрын Индер ауданы Есбол ауылының тұрғындары Хасановтар отбасы жетім балаларды бауырына басып, пана болған еді. Көкейімдегі сұрақты жазбай таныған Қалы:

- Бәтимамыз бар қолымызда, келесі жылы мектеп бітіреді. Ендігі мақсатымыз оның да жоғары оқу орнына түсіп, өмір жолынан өз орнын тапса дейміз. Ал басқа балаларымыз үйлі-баранды. Құдандалы да болдық...

Бастапқы қадам

Үнемі жүзінен мейірім төгіліп тұратын осы әйел көкейімнен кетпей қойды, ақыры жүздесудің сәті түсті. Сол кездегі кішкене балалар бүгінде отыз жастан асып кеткен ед. Тағдырдың тәлкегіне түсіп, «Ақбота» балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан үш бірдей бүлдіршінді 2004 жылы үйлеріне алып келіп, азан-қазан болған еді-ау бір кезде. Үлкені сегізінші сыныпта оқитындықтан балалар үйінде қалса да бұлармен хабарласып, келіп тұрды. Тұңғыштары Айнамкөзі де жатырқамай, бәрі бір үйдің балаларындай тату-тәтті болғаны Асылбек пен Қалының күпті көңілін орнына түсірді. 

- Менің туып өскен жерім Қызылқоға ауданы Қарабау ауылы. 1984 жылы Асылбекпен отау құрып, осы Есбол ауылына келін болып түскенмін. Айнамкөзім дүниеге келгеннен кейін беломыртқам ауырып, үш жыл төсекке таңылып жаттым. Дәрігерлер емдеді, бірақ бұдан кейін бала көтеруге қатаң тиым салды. Мен де, Асылбек те көп балалы отбасынан шыққанбыз. Бұл біз үшін ауыр соққы болды, қызыма бауыр керек, бізге бала керек екенін кейін ұғындық. Осылайша балалар үйінен ағайынды үш баланы бөліп-жармай, бірдей бауырымызға бастық-,дейді Қалы өткенді еске алып. 

Жылу сыйлаған шаңырақ

Кең жүректі жандардың отбасының қуанышының шамшырағы қайта жанды. Бастауыш сыныпта оқитын балаларға (Айжан 4-ші, Альфия 2-ші, Азат 1-ші сыныпта) ата-ана тәрбиесін беріп қоймай, отбасылық өмірге бейімдеу қоса жүрді. Тазалықты сақтау, тамақ пісіру, өзін-өзі күте білу, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу,т.б. қасиеттерді бойларына сіңіруге тырысты. 

Заты жуас, ақкөңіл, мінезі орнықты Асылбек пен Қалыдан балалар көп нәрсе үйренді. Әке-шешесі бола тұра жетімдіктің қамытын киген балаларды жаңа отбасы туыстарынан ажыратпай, тегін білуді ұғындыра білді. 

«Әр бала өзінің шыққан тегін ұмытпауы керек, ол өмірлік қағидам. Себебі, олар ер жетеді, үлкен азамат, азаматша болып қалыптасқанда соны білуі тиіс қой», - дейді Асылбек ХАСАНОВ.  

- Балалар бірінен соң бірі мектеп бітірді. Оларды оқуға түсіру, мамандық алып шығып қалыптасуына күш салдық. 1991 жылғы Азаматым үйленіп, Атырауда, бүгінде төрт баласы бар, үйлі болды, жұмыста. Айжан тұрмысқа шықты, үш баласы бар, енді төртіншісін күтіп жүр, Индерде тұрады. Іс тігеді, үйден тамақ пісіреді, қарап отырмайды, вахтада жұмыс жасайтын күйеу бала екеуі тату. Ал Альфиямның үш кішкентайы бар, қазір күйеу бала екеуі Алматы қаласында тұрып жатыр. Ал 1997 жылғы Азатым да Х. Досмұхамедов атындағы университеттен дене шынықтыру факултетін бітірген. Бір баласы бар, келін екеуі Атырауда тұрады. Бәрі бір-бір шаңырақ ұстап отыр, баспаналары бар. Балалардың жаман қасиеттерден аулақ, өмірге бейім болып қалыптасуы бізді қуантады,-дейді мақтанышпен Қалы. 

Өмірден өз орнын табуларына мұрындық болған Асылбек пен Қалының еңбегі зор. Оны балалар да жақсы біледі, қарым-қатынас үзілген жоқ, қыздарды қолынан ұзатып, ұлдарды осы шаңырақта үйлендірген. Құда, құдағай болып, бәрімен араласып тұрады. Жазда Альфия балаларымен Алматыдан келіп, жиырма күн аунап-қунап кетіпті.

«Балалар бізді папа, мама дейді» деді Хасановтар.

Екі баланың болашағы

Балалар өсіп, ержетіп, өмірден өз орындарын тапқаннан кейін Хасановтар Сабыр Қазыбаев атындағы интернатына барып, тағы екі кішкентай баланы қамқорлықтарына алады. Оларға да  ата-аналық жылуын беріп отыр. 

- Ерасылым 27 жасқа келді. Атырау қаласындағы колледжден білім алып, бүгінде мебель жасайтын цехта еңбек етеді. Атырау қаласынан үкімет үй берген. Енді осы баламды үйлендірсем деймін,-дейді Хасановтар. 

Ал Бәтиманың ата тегін іздегенімен таппапты, ол бүгінде Есболдағы мектептің бірінде 11 сынып оқушысы. Арманы логопед болсам дейді екен. Айнамкөз де тұрмысқа шыққан, бүгінде көп балалы ана. Бүгінде бірі 67, екіншісі 64 жасқа толған Хасановтар жан-жақта жүрген балаларының амандығын ойлайды. Мереке күндері улап-шулап келіп жатқан кезде бұлар да марқайып отырғаны.          

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерде: Хасановтар отбасы

Бүгін, 17:19

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:250
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2025 17:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see126

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see123

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see122

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see121

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see120

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see119

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see118

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see117

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see117

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see117

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see117

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see117

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see117

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see116

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see115

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see115

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see115

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see114

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see114

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары