Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қарағандыда көлік студент қызды қағып кетті: Бойжеткен оқиға орнында көз жұмды

Көркем гимнастикадан Азия чемпионаты: Қазақстан топтық көпсайыста қола жүлдеге ие болды

Петропавлда ағашқа өрмелеп шыққан ер адам өздігінен түсе алмай құқарушылардың көмегіне жүгінді

Зеленский Ресейдің жауап соққысынан кейін Батысқа үндеу жасады

Атырау мен Маңғыстау тұрғындары: Мұнайдың пайдасы бар, бірақ экология мен денсаулыққа зияны басым

Қарағандыда алаяқ бір біріне жақын тұратын зейнеткерлерді алдап кеткен

Алматыда жаңа қозғалыс схемалары сыналуда: қала көшелерінде не өзгереді

Астанада ерекше қажеттілігі бар оқушыны қатарластары соққыға жыққан

Қазақстандықтар Алматыда жиі концерт өткізетін ресейлік әншіге бойкот жариялады

Атырау облысында сумен қамтудың маңызды нысаны жөндеуден өтті

Құнды қазынаның жоқшысы

Алабай 45 қойды жарып кетті фермер ветқызметтен миллиондаған теңге өндіріп алды

Астанадағы аптап ыстық пен Алматыдағы нөсер жаңбыр 26 28 мамырға арналған болжам

Саясаткерлер халыққа қызмет етуді ойлауы керек : Мажарстанда шенеуніктердің айлығы екі есе қысқармақ

Әділетмин: Газпром және Нафтогаз ісі бойынша АХҚО сотының шешімі Қазақстан аумағында орындалмайды

Алаяқтар жасөспірімдердің аккаунтын өз мақсаттарына пайдаланады: министрлік ескерту жасады

Қазақстан АХҚО сотының Газпром мен Нафтогаз арасындағы шешімін орындамайды

Негізгі ҰБТ ның аралық қорытындысы: талапкерлердің 71% ы тестілеуді қазақ тілінде, 29% ы орыс тілінде тапсырды

Денесіне 1 келі есірткі жасырған: Қазақстанға апиын өткізбек болған шетелдік ұсталды

Қазақстан тумасы Санкт Петербургте баланы атып жаралаған оқиғадан кейін ұсталды

Атырау облысы шаруалары GPS жүйесінің жұмысына наразы

Атырау облысы шаруалары GPS жүйесінің жұмысына наразы

Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Көрнекі сурет/caliber.az

Жылқы жылы жылқы өсірушілердің шағымымен басталды. Атырау облысында мал шаруашылығымен айналысатын фермерлер спутниктік навигация – GPS жүйесінің дұрыс жұмыс істемей отырғанына наразы. 

Бұл құрылғыларды олар, әсіресе, жайылымдағы жылқылардың қай жерде жүргенін бақылау үшін пайдаланады. Алайда байланыс тұрақсыз болғандықтан, малдың қай бағытта жайылып жүргенін білу қиынға соғып отыр. Кейбір фермерлер тіпті малдарының нақты қайда екенін де білмейді. Ал айдалада қарлы боран мен үскірік аяз кезінде малға ғана емес, адамдардың да жоғалып кету қаупі жоғары. 

Шаруалардың айтуынша, бұл мәселе тек Атырау облысының жеті ауданымен шектелмей, жалпы Батыс Қазақстан өңіріне ортақ проблемаға айналған. GPS құрылғыларын пайдаланушылар тәулігіне кемінде 4 сигнал алу үшін ай сайын шамамен 5 000 теңге төлеп келген, ал кейбірі күніне 6 сигналды қамтитын тарифтерге қосылған. 

Алайда шаруалардың айтуынша, соңғы бір жарым жыл бойы сигналдар дұрыс келмейді, соған қарамастан абоненттік төлем уақытылы алынуда.

– Біз сигнал болмаған күндер үшін өтемақы төленуін және төленген қаражаттың қайтарылуын талап етеміз, – дейді олар.

Құрманғазы ауданының тұрғыны Ерсін Ержанов 2023 жылы бір GPS құрылғысын 84 700 теңгеге сатып алған. 2024 жылы екіншісін алмақ болғанымен, сигнал мәселесіне байланысты одан бас тартқан. 

Оның айтуынша, бұған дейін ол тәулігіне 4 сигнал үшін ай сайын 4650 теңге төлеп келген. 2024 жылы сигнал мүлде келмей қалған соң, құрылғыны сатқан «Дина» базарындағы Ақмарал есімді сатушыға шағымданған. Осыдан кейін абоненттік төлем 2600 теңгеге дейін төмендетілген. Алайда сигналға қатысты мәселе ақыры шешілмеген.

«Кейде айына бір ғана сигнал келеді»

Осындай шағыммен Мақат ауданының фермерлері жиналып, өз мәселелерін «Ақиқат» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ғазиз Ғабдуллинге жеткізген. Олардың бірі былай дейді: 

«Кейде сигнал келеді, кейде бір айда бір-ақ рет келеді. Астанаға құрылғыны ұсынған компанияға хабарласқанда, «рестартқа жібереміз» дейді, содан кейін ғана сигнал пайда болады. Келісімшарт бойынша айына 4–6 сигнал келуі керек. Құрылғы арзан емес, ауыстырмалы батареясы бар. Біз оны белдігімен, батареясымен бірге шамамен 100 мың теңгеге сатып алдық. Ай сайын абоненттік төлем төлейміз, бірақ сигнал жоқтың қасы. Бұл алаяқтық па, жоқ па – тексеруді сұраймыз», - дейді фермер. 

Басқа фермерлер де мұндай қиындықтар тек Атырау облысында ғана емес, Батыс Қазақстанның басқа өңірлерінде — Ақтау, Ақтөбе және Орал қалаларында да бар екенін айтады. Кейбір шаруалар Астанаға хабарласқанда «соғысқа байланысты» деген жауап алған. 

Компания шаруаларға Nomad жүйесіне көшу туралы да ұсыныс жасаған. Алайда шаруалар мұнда тек техникалық емес, коммерциялық мүдде де болуы мүмкін деп күмәнданады. 

– Nomad жүйесіне де соғыс әсер етпей ме, бұл сауда саясаты ма – оны білмейміз. Бірақ бұрын Nomad-та сигнал тұрақты болатын, – дейді олар. 

«Төлем жасамасам, жүйеден ажыратады»

Ғазиз Ғабдуллин әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған видеоның астында басқа аудандардың тұрғындары да осындай пікір қалдырған. 

Индер ауданынан бір фермер: «Сигнал келмейді, шара қолдану керек. Біз ақшаны босқа төлеп отырмыз», – деп жазған.

Тағы бірі: «Қазір айына 1–2 ғана сигнал келеді, бұрын күніне 3–4 рет келетін», – дейді.

Исатай ауданынан бір қолданушы абоненттік төлем төленбесе, жүйеден ажыратамыз деп қорқытатынын айтқан. Ал Бекболат Үтеов есімді пайдаланушы былай деп жазады: «Бір жыл болды, сигнал келісілген уақытта келмейді. Ал төлемді кешіктірсең, бірден өшіреді. Бір ай бойы сигнал болмады, қайта қостырғанда бір күнге кешіктік – тағы ажыратты. Бір айдың ақшасын босқа төлеген сияқтымыз».

Кейбір фермерлер 5–10 GPS құрылғысын сатып алып, 500 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін қаржы жұмсаған. 

«Біз әр 3–4 жыл сайын жаңа модель шықты деп GPS ауыстыра алмаймыз. Бұл мәселеге тиісті органдар назар аударса екен», – дейді олар.

Фермерлер GPS сигналының жоқтығы қауіпсіздікке де әсер ететінін атап өтті.

«Қыста, аяз бен боранда адамдардың далада қалып қою қаупі бар. Сондықтан GPS сигналының болмауы шаруашылыққа үлкен кедергі келтіреді», – дейді олар.

Құрманғазы ауданының тағы бір тұрғыны, жылқышы Наурызбай Өтеулиев бұл GPS трекерлерін Атырау өңіріне алғашқылардың бірі болып әкелгенін айтады. Ол 2019 жылдың қыркүйегінде жылқы табынына арналған GPS құрылғысын сатып алған. 

– Алдымен тәжірибе ретінде қолданып көрдім. Батареясы 8–9 айға дейін жететін. Ауылдастарым көрген соң, ауданның көбі сол компаниядан ала бастады. Бастапқыда трекер тұрақты жұмыс істеді. Ал 2022 жылы Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін шамамен бір жылдан соң сигналдар кешігіп, жүйе тұрақсыз бола бастады, – дейді ол.

Аталған компания – «GPSONE» ЖШС. Ол 2021 жылы Астанада (ол кездегі Нұр-Сұлтан) тіркелген. Негізгі қызметі – ақпараттық жүйелер мен дерекқорларды сүйемелдеу. Компания сайтына сәйкес, нарықта 2019 жылдан бері жұмыс істейді. Басшысы – Мұрат Аманғалиев. Компания GPS-мониторинг жүйелері мен трекерлерді ұсынып, олардың интернет пен ұялы байланысқа тәуелсіз, тікелей спутник арқылы жұмыс істейтінін мәлімдейді. Сондай-ақ құрылғылардың су мен шаңға төзімді екені және жылқылардың орнын дәл анықтай алатыны көрсетілген. 

Қазіргі таңда Наурызбайдың бес трекері бар. Алғашында абоненттік төлем 6 мың теңге болса, кейін 5 мың теңгеге төмендеген.

– Соғыс басталғаннан кейін бір жылдан соң сигналдар уақытында келмей қалды. Мен бір трекер тәулігіне 6 сигнал жіберетін тариф алғанмын. Басында расымен солай болды. Бірақ соғыстан кейін бір жыл өткен соң сигнал тұрақсызданды, – дейді ол.

– Бұрын таңғы 8-де сигналды көріп, түске дейін малды барып тексеретінбіз. Кейін бір тәулікте бір-ақ сигнал келетін болды, кейде ол да келмейді. Сигнал нашарлаған соң компания тарифті түсіріп, айына 2500 теңге етті. Ал өткен жылдан бері сигнал мүлде жоқ болғандықтан, абоненттік төлемді 3120 теңге деп бекітті. 

Наурызбай компания өкілдерімен тек жеңілдік туралы әңгіме мәселені шешпейтінін айтады. 

– Қыркүйекте қысқа дайындалып, бес трекерге 8 мың теңгеден батарея алып, 40 мың теңге жұмсадым. Ай сайын 3120 теңгеден төлеп отырдым, бірақ нәтиже жоқ. Бір айда 2–3 сигнал ғана келеді. Бір трекерден 5 желтоқсанда бір сигнал келді де, бітті. Желтоқсанда бір-ақ сигнал болды. Қар, жаңбыр, боранда бұл құрылғы таптырмас құрал еді, – дейді ол. 

Наурызбайдың айтуынша, компаниямен келісу оңай болмаған:

– WhatsApp-та «абоненттік төлем төлемеймін, бірақ трекерді жүйеден ажыратпаңыздар» деп жаздым. Кемі малдың бағытын біліп отырайын дедім. Олар келіскен жоқ. «Кейін жауап береміз» деді, бірақ жауап болмады. Ақыры бір трекердің ақысын төлеуге мәжбүр болдым. Ол маған өмірлік маңызды. Айына 1–2 сигнал келсе де, малдың қайда екенін шамалаймын. «Төлем болмаса, ажыратады» дейді. Қайта қосу үшін тағы төлеу керек. 

Ол соғыстың аяқталуын күтіп отыра алмайтынын айтады. 

– Қысқа алдын ала дайындалдым, батарея ауыстырдым. Бұл шығынды кім өтейді? Ақша көктен түспейді. Ай сайын төлеп отырмын, – дейді ол.

Компанияның жауабы 

Редакция GPSONE компаниясына GPS-трекерлердің жұмысына қатысты ақаулардың себептері, мәселенің географиясы және пайдаланушыларға мүмкін болатын өтемақылар жөнінде бірқатар нақтылау сұрақтарын жолдады. 

ЖШС директоры Мұрат Аманғалиевтің айтуынша, GPS-трекерлердің алғашқы жаппай істен шығуы 2024 жылдың қараша айында тіркелген.

«Бұл мәселе алғаш рет 2024 жылдың қараша айында Ресей тарапынан өзінің әскери және энергетикалық обьектілерін Украинаның дрондық және ракеталық соққыларынан қорғау мақсатында GPS сигналдарын бөгеуді бастағанда байқалды. GPS-сигналдар бұғатталған жағдайда трекерлер тұрған орнын дұрыс анықтай алмай, спутникке қате сигналдар жолдауына әкеліп соғады. Орны қате анықталған сигналдарды спутник қабылдағанмен, ондай сигналды қолданушыға жібермейді. Қатемен жеткен сигналдар саны шекті шамаға жеткенде байланыс арнасы бұғатталады», - деп түсіндірді ол.

Аманғалиевтің айтуынша, GPS сигналдарының бөгелуіне байланысты қиындықтар Қазақстанның Ресеймен шекаралас облыстарында анық байқалуда. Компанияның мәліметінше, еліміздің басқа өңірлерінде сигналдар қалыпты келіп тұр. Ашық онлайн-ресурстардан GPS сигналдарының бөгелуі туралы мәліметті көруге болады.

Директор осы мәселе басталған уақыттан бастап компания өзінің клиенттерімен үнемі байланыста екенін хабарлады. 2024 жылдың желтоқсан айында Атырау қаласында спутниктік трекерді қолданушылармен кездесу өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

Осы кездесу үстінде сигнал келмей тұрған батыс өңірінің трекерлеріне төмендетілген арнайы тариф енгізілді. Көршілес елдер арасындағы шиеленіс шешіліп, халықаралық жағдай түзелмейінше, трекерлердің жұмысының түзелмейтіні, осыған байланысты трекерлерді пайдалануды GPS сигналдарының бөгелуі тиылғанша тоқтата тұру керек екені айтылды. Осындай жиын 2025 жылдың қазан айында Ақтөбе қаласында да өткізілді, бірақ белгіленген жерге бір ғана адам келгендіктен жиын онлайн өткізілді.

Сонымен қатар, компания Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне хат жазған. Аманғалиевтің айтуынша, алынған жауап GPS-сигналдардың үздіксіз бұғатталуы жағдайында қолданылып жүрген трекер моделінің жұмысын жақсартуға мүмкіндік бермеген.

Абоненттік төлемді қайтару немесе өтемақы төлеу мәселесіне қатысты компания, ақаулардың себептері сыртқы факторларға байланысты болғандықтан, компанияның жауапкершілігіне кірмейтіні, сондықтан өтемақы қарастырылмайтынын айтты.

Сонымен қатар, компанияда трекерлердің тұрақты жұмыс істеуі көбіне пайдалану нұсқаулығын сақтауға байланысты екенін атап өтті. GPSONE өкілдерінің айтуынша, кейбір жағдайларда пайдаланушылар құрылғыларды қолдану талаптарын бұзады, бұл байланыс сапасына қосымша әсер етуі мүмкін. Трекерлерді пайдалану шарттары компанияның ресми сайтында жарияланған.

Компания сондай-ақ пайдаланушыларға балама ретінде қазақстандық Nomad трекерін қарастыруды ұсынды, алайда жабдықты таңдау фермерлердің өз еркінде екені айтылды.

Айтпақшы, бұған дейін компанияның техникалық қолдау бөлімінің менеджері фермерлерге WhatsApp арқылы мынадай түсіндірме жолдаған: 

«Санкция қолдану аясында Ресейдегі сигнал қабылдайтын шлюзді өшірген болатын. Ол енді біз Ресейден спутниктен сигнал қабылдай алмаймыз мүлдем деген сөз. Біз енді амалсыз Франциядан алып отырмыз сигналдарды. Қазақстан мен Франция арасында ара қашықтық үлкен болған соң сигналдар амалсыз задержкамен келеді Бұл жағдайдың шешімі әзірше рестартқа жіберіп тұру. Түркия шлюзін қосқанда сигналдар келуі дұрысталады, оны қосу үшін жұмыстар жүргізілуде». 

Ал 2025 жылдың 17 желтоқсанында компания клиенттерге тағы бір хабарлама жіберген: 

«Құрметті клиенттер! Батыс өңірінде GPS сигналдары бұғатталып, сигналдардың трекерлерге нашар келуіне байланысты айлық төлемді төлемей тоқтата тұруларыңыз сұралады. Бұл жағдай Ресей мен Украина арасындағы соғыс аяқталмайынша түзелмеуі мүмкін екенін бұған дейін ескерткенбіз, тағы да қосымша хабарлап отырмыз. Соғыс аяқталып, байланыс түзелгеннен кейін трекерлерді тегін активация жасауға көмектесеміз. Тек қана айлық төлемін төлеп трекерлеріңізді қолдана аласыздар». 

Фермерлердің ортақ талаптары

Осы жағдайға байланысты фермерлер уәкілетті органдардың назар аударуын сұрап, мынадай талаптар қояды:

– Globalstar желісіндегі хабарламалардың тұрақсыз келу себептері бойынша ресми жазбаша түсіндірме беру; – Батыс Қазақстан аумағында қамтуға шектеу бар-жоғын растау немесе жоққа шығару; – SmartOne C (ескі үлгідегі) құрылғылардың қазіргі инфрақұрылымда қолдау таба ма, соны нақтылау; – Қызмет сапасын қалпына келтіру бойынша нақты шаралар мен мерзімдерді көрсету; – Тұрақты жұмыс мүмкін болмаған жағдайда өтемақы немесе балама техникалық шешімдер ұсыну. 

Фермерлердің айтуынша, олар басқа жүйеге көшуге қарсы емес, мұны компания өзі ұсынып отыр. Бірақ оларды алаңдататыны — байланыс мәселесі қайталанбай ма деген кепілдің жоқтығы

Айнұр САПАРОВА

Бүгін, 15:21

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:68
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қаңтар 2026 15:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қарағандыда көлік студент қызды қағып кетті: Бойжеткен оқиға орнында көз жұмды

25 Мамыр 2026 11:14see189

Көркем гимнастикадан Азия чемпионаты: Қазақстан топтық көпсайыста қола жүлдеге ие болды

25 Мамыр 2026 18:30see163

Петропавлда ағашқа өрмелеп шыққан ер адам өздігінен түсе алмай құқарушылардың көмегіне жүгінді

25 Мамыр 2026 12:14see124

Зеленский Ресейдің жауап соққысынан кейін Батысқа үндеу жасады

24 Мамыр 2026 19:34see118

Атырау мен Маңғыстау тұрғындары: Мұнайдың пайдасы бар, бірақ экология мен денсаулыққа зияны басым

25 Мамыр 2026 15:54see115

Қарағандыда алаяқ бір біріне жақын тұратын зейнеткерлерді алдап кеткен

24 Мамыр 2026 20:11see115

Алматыда жаңа қозғалыс схемалары сыналуда: қала көшелерінде не өзгереді

25 Мамыр 2026 09:41see114

Астанада ерекше қажеттілігі бар оқушыны қатарластары соққыға жыққан

25 Мамыр 2026 10:34see114

Қазақстандықтар Алматыда жиі концерт өткізетін ресейлік әншіге бойкот жариялады

25 Мамыр 2026 15:49see113

Атырау облысында сумен қамтудың маңызды нысаны жөндеуден өтті

25 Мамыр 2026 18:16see113

Құнды қазынаның жоқшысы

25 Мамыр 2026 09:56see112

Алабай 45 қойды жарып кетті фермер ветқызметтен миллиондаған теңге өндіріп алды

25 Мамыр 2026 11:48see112

Астанадағы аптап ыстық пен Алматыдағы нөсер жаңбыр 26 28 мамырға арналған болжам

25 Мамыр 2026 14:48see112

Саясаткерлер халыққа қызмет етуді ойлауы керек : Мажарстанда шенеуніктердің айлығы екі есе қысқармақ

25 Мамыр 2026 09:57see112

Әділетмин: Газпром және Нафтогаз ісі бойынша АХҚО сотының шешімі Қазақстан аумағында орындалмайды

25 Мамыр 2026 11:59see112

Алаяқтар жасөспірімдердің аккаунтын өз мақсаттарына пайдаланады: министрлік ескерту жасады

25 Мамыр 2026 09:38see112

Қазақстан АХҚО сотының Газпром мен Нафтогаз арасындағы шешімін орындамайды

25 Мамыр 2026 20:19see111

Негізгі ҰБТ ның аралық қорытындысы: талапкерлердің 71% ы тестілеуді қазақ тілінде, 29% ы орыс тілінде тапсырды

25 Мамыр 2026 11:08see111

Денесіне 1 келі есірткі жасырған: Қазақстанға апиын өткізбек болған шетелдік ұсталды

25 Мамыр 2026 12:33see111

Қазақстан тумасы Санкт Петербургте баланы атып жаралаған оқиғадан кейін ұсталды

25 Мамыр 2026 15:30see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары