Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Кеңейтілген құрамда кездесті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Ауыл туризмінің әлеуеті артпақ

Ауыл туризмінің әлеуеті артпақ

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Дегенмен қазір туризмнің жаңа бағыты біртіндеп дамып келеді. Бұл бағыт қоғамдастыққа негізделген туризм (Community based tourism) деп аталады. Қарапайым түрде жеткізсек, туризм саласындағы жаңа бағыт – агротуризм. Бұл бағыттың ерекшелігі – бір қауымның, яғни бір ауылдың тұрғындары туристік қызмет көрсетіп, табыс таба алады.

Осы ретте Премьер-Министр Олжас Бектенов жыл басындағы Үкімет отыры­сында туристік аймақтарға қатысты бірнеше мәселе барын қозғап, жауапты ұйымдарға Туризмді дамыту тұжырымдамасының іс-шаралар жоспарын жаңарту қажет деп тапсырма бергені ойға оралады. Туристік маусым басталған кезде де Премьер-Министр облыс әкімдеріне туристік ин­фра­құрылымдарды дамытуға байланысты ескертулер берді. Бұл іс-шаралар ауыл туризмін дамытуға қаншалықты әсер етіп отыр?

Агротуризм Еуропа елдерінде, соның ішінде Испания, Италия, Франция және Беларусь елінде жақсы дамыған, тіпті әрбір шаруашылық түрінен пайда табудан бөлек, оны туристерге таныстыру арқылы да екі есе табысқа жетуге болатынын дәлелдеп отыр. Мысалы, гүл өсірумен айналысатын кәсіпкерлер туристерді гүл бағына, гүл фермаларына туристер тартып, ерекше демалыс бағдарламасын ұсынып жатады, сонымен қатар флористермен шеберлік сабағын өткізеді. Бұл елдерде жүзім бағына бару, одан шарап дайындау, ауыл шаруа­шы­лығы өнімдерін алу, жинау немесе омарта шаруашылығын аралау секілді өңірдің шынайы өмірін, тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін танытуға бағытталған демалыс түрін жиі өткізеді. Әрине, елімізде де жа­ғым­­ды жаңалық жоқ емес, кейінгі кезде ауылдық туризмнің дамуына бағытталған қолдау іс-шаралары, арнайы жобалар іске асып жатыр. Сарапшылар да Қазақстанның агротуризмге сұранып-ақ тұрған ел екенін баса айтады.  

Табыс тетігі

Кейінгі кездері экологиялық туристік аймақтарға жақын орналасқан ауыл тұрғындары агротуризмнен табыс табуға болатынын енді түсініп келе жатқандай, дегенмен жаңа істі бастауға жүрексінетіндер де көп. 2023-2029 жылдарға арналған Туризмді дамытуға арналған тұжырымдамаға сәйкес, қазір ауылдарда туристерге қызмет көрсету бойынша ауыл тұрғындарын оқыту іс-шараларын өткізу, агротуризм субъек­тілерінің тізілімін жүргізу және инвести­циялар тартуға бағытталған бірқатар шара қолға алынып жатыр.

Мәселен, енді ауыл тұрғындары өз үйінде туристерді қонақ қылып, табыс таба алады. Солайша, еліміздің табиғи, мәдени, тарихи және ауыл шаруашылы­ғындағы жетістіктерін шетелдік туристерге танытуға, мол қаржы табуға мүмкіндік туады. Бұл жобаны Қазақстан туристік қауымдастығы қолға алған. Қауымдастық шетелден келетін туристерге әсерлі демалыс сыйлау мақсатында ауыл тұрғындарына «Қонақжай үй» жобасын ұсынып, арнайы нұсқаулық дайындап, тұрғындарды оқытып, табыс табуға бағыт беріп отыр. Қауымдастық 2005 жылдан бері елдегі экологиялық туризм, агротуризмді дамытуға үлес қосып келеді. Сонымен қатар 2005-2008 жылдары USAID және Еуразия қорының қаржылық қолдауымен қоғамдастыққа негізделген туризмді дамыту жобасын сәтті жүргізіп, 88 қонақүй ашылған еді. Осылайша, 2000 жылдардың басында-ақ еліміздің шығыс, оңтүстік, орталық аймағында және Алматы облысында туристік бағыттар дами бастаған еді.  

Осы орайда «Атамекен» Ұлттық кәсіп­кер­лер палатасына қарасты Туризм депар­таментінің басқарушы директоры Дамиля Құнанова да ауылдық аймақтарда қонақ күту үйлерінің ерекше маңызға ие бола бастағанын айтты. 

– Бұл тәсіл қонақүй салуға қомақты қаражат жұмсамай-ақ, қолда бар ресурсты пайдалануға мүмкіндік береді. Ауыл тұрғын­дары қонақжайға орналастыру қызметінен бөлек, тамақтандыру, экскурсиялар, дегус­тациялар, шеберлік сабағы, фермалар мен омарта шаруашылығына бару, балық аулау, жидек теру, бау-бақша өнімдерін жинау және басқа да қызметтерден табыс таба алады. Қазақстан туристік қауым­дастығының дерегіне сүйенсек, қазір 200 қонақ күту үйі нақты жұмыс істеп тұр, – дейді Дамиля Құнанова. 

Ал  қонақ күту үйлерінің жеке мемле­кеттік есебі әзірге жүргізілмейді екен, дегенмен мүмкіндікті пайдаланып үйін туристерді күтуге арналған қонақжай ретінде тіркеп, жұмысын жүргізіп жатқан жандар жоқ емес. Яғни, мұндай ерекше қонақ күту үйлері еліміздің туристік аймақ­тарына жақын орналасқан ауылдарда қиындықсыз жұмыс істеп жатыр. Белсенді ауыл тұрғындары ағылшын тілін меңгеріп, шетелдік туристерге қазақ мәдениетін насихаттап, түрлі іс-шара ұйымдастырып жүр. Алайда тәуекелге бел буып, жаңа бағытта өзін сынап көретін тұрғындар көп деп айта алмаймыз, себебі көбі шаруашылық немесе кәсіпкер ретінде тіркеліп,  жұмыс істеуден қорқады.

 Ауыл тұрғыны үйін қонақ күтуге арнал­ған үй ретінде тіркесе, кәсіпкер ретінде салық төлеуге міндеттеледі. Ал істі енді бастап, аяққа тұра алмай жатқан ауыл тұрғыны үшін мемлекет тарапынан қолдау да керек. Тұрғындардың дені агротуризмге жеңілдік беретін бағдарлама болғанын қалайды. Дамиля Құнанованың айтуынша, өкінішке қарай, қазір елімізде дәл қонақ күту үйлеріне арналған жеке салық режимі немесе арнайы қолдау жоқ. Қонақ күту үйлеріне арналған салықтық немесе қаржылық жеңілдіктер қарастырылмаған. Біз маманнан ауыл тұрғындарына берілетін жеңілдіктер жөнінде де сұраған едік. Туризмді дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жоспарында әзірге ауыл тұрғындары үшін агротуризм және экотуризм, оның ішінде қонақ күту үйлерін жүргізу бойынша практикалық сабақтар өткізу ғана қарастырылыпты. Егер адам туристерді орналастыру қызметтерін жүйелі түрде көрсететін болса, ең түсінікті нұсқа – жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, тиісті салық режимін таңдау. 

– 2026 жылдан бастап белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда жеке кәсіп­керлер мен заңды тұлғалар оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдана алады. Ал базалық мөлшерлеме табыстың 4%-ын құрайды, бұл ретте мәслихаттар оны белгіленген шектерде өзгерте алады. Егер сөз тұрғын үйді бір рет немесе әдеттегі тәртіппен жалға беру туралы болса, алынған табыс та салық салуға жатады, – дейді маман.

Оның айтуынша, қызметтерді тұрақты түрде көрсету, оларды Booking, Airbnb және басқа да платформалар арқылы жарнамалау қызметтің кәсіпкерлік сипатта екенін және тиісінше жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қажетін көрсетуі мүмкін. 

Ал Алматы облысындағы Саты ауылы­ның тұрғыны Жұлдыз Тілегенқызы туристік аймақта орналасқан ауылдарда кәсіп жүргізу тиімді екенін айтады. Әсіресе ауыл тұрғыны өз үйін туристерді күтуге пайдалана алуы – үлкен мүмкіндік. Жұлдыз ханым жыл сайын біртіндеп кәсібін дамытып жатқанын жеткізді. 

– Жолдасым екеуіміз туристерді күтумен 2013 жылдан бері айналысып келе жатырмыз. Жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп жұмыс істейміз. Негізінен, бізге бағыт-бағдар берген ата-енем еді. Ол кісілер 1989 жылдан бері бұл саланы қолға алған екен. Қазір заман талабына сай етіп, ісімізді біртіндеп дамытып келеміз. Ары қарай да осы істі жалғас­тырып, жандандырып, үлесімізді қосқымыз келеді, жоспарымыз да көп, – дейді ауыл тұрғыны.

Жұлдыз Тілегенқызы қазір туристерді жатын орынмен қамтамасыз етіп, шағын асхана жүргізіп отыр, сонымен қатар қонақтарға монша да ашыпты. Қызығы, ауыл кәсіпкері ешқандай да жарнама да жүргізбепті, ел бір-бірінен естіп-ақ келеді дейді. 

Жарнаманың жолы қандай?

Бүгінде 2023-2029 жылдарға арналған туристік саланы дамыту тұжырым­дамасына сәйкес, өңірлердегі фермерлік шаруа­шылықтарға, омарталар мен марал ферма­ларына бару, бал және сүт өнімдерінің дәмін тату, ірімшік, қымыз және шұбат өндірумен танысу, шарап және гастроно­миялық турлар өткізу, егін жинауға қатысу, ұлттық тағамдар, жылқы шаруашылығы және қолөнер бойынша шеберлік сабақтарын ұйымдастыру шаралары қолға алынып жатыр. Елордада жыл сайын ұлттық мә­дениетке және қазақтың ұлттық тағамдарына арналған халықаралық BaiQymyz гастро­номиялық фестивалін ұйымдастыру дәстүрге айналып жатыр.  Ал 29 тамызда Ақтау қаласындағы Амфитеатр алаңында SHUBAT FEST-2026 республика­лық ұлттық гастрономиялық фестивалі өтпек. Бұл іс-шара шұбатты ұлттық бренд ретінде дәріптеуге, түйе шаруашылығын қолдауға және өңірдің туристік әлеуетін арттыруға бағытталып отыр. Демек, агроөнімдерді насихаттауға арналған түрлі жоба халық көңілінен орын тауып отыр. Осы орайда Дамилия Құнанова сала осылайша дами түсетінін, бәрі ретімен іске асатынын түсіндіріп берген еді. 

– Басты міндетіміз – агротуризмді туристке жаңа тәжірибе, ал ауыл халқына қосымша табыс пен даму мүмкіндігін бе­ре­тін толыққанды туристік өнімге айналдыру үшін жағдай жасау. «Атамекен» ҰКП тарапынан статистикалық есеп пен заңна­малық базаны жетілдіруді, туристерді қа­был­дағысы келетін фермерлер үшін тиімді жағдай жасауды, ауыл тұрғындарын оқытуды жалғастыруды, инфрақұрылымды жақсартуды және қонақ күту үйлер мен ауылдық жерлердегі басқа да нысандарды туристік маршруттарға белсендірек енгізуді маңызды деп санаймыз әрі бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыра береміз, – дейді Д.Құнанова.

Расында да, ауылдық туризмді дамытуға, агроөнімдерді насихаттауға бағытталған жобалар сәтті жүріп жатыр. Сонымен қатар жаңа туристік өнімдер құруға, салт-дәстүрді сақтауға, инфрақұрылымды дамытуға ықпал етіп келе жатқан тағы бір жоба – «Үздік туристік ауыл» ұлттық байқауы. 

Kazakh Tourism ұлттық компаниясы ұлттық байқауды жыл сайын ұйымдастырып келеді. Жақында ғана еліміздің үздік бес ауылы белгілі болған еді. Биыл Басши (Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы), Торайғыр (Павлодар облысы, Баянауыл ауданы), Берел (Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы), Коробиха (Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы) және Имантау (Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы) ауылдары еліміздің ең үздік туристік ауылдарының қатарына еніпті. Былтыр бұл байқауда Лепсі, Нағи Ілиясов, Хан Ордасы, Попе­речное және Шабанбай би ауылдары жең­ім­паз атанған еді. Қазақстанның ауылдық туризмі халықаралық деңгейде де жоғары бағаланып келеді. Мысалы, 2023 жылы Алматы облысының Саты ауылы БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының беделді  Best Tourism Villages by UN Tourism  марапатына ие болып, әлемдегі ең үздік туристік ауылдардың бірі атанды.  

Еліміздің агротуризм саласында мол табысқа жетуіне айтарлықтай мүмкіндік бар, жасырары жоқ, ел туризмін жарнамалап, шетелдік туристерге таныстыруда әлеуметтік желідегі белсенділер мен блогерлер де еңбек етіп жүр. Жақында ғана WIBA Awards 2026 халықаралық байқауда «Әлемнің үздік travel-блогері» сыйлығының иегері атанған саяхатшы Дастан Мұхамедрахымның бастамасымен елімізге танымал шетелдік инфлюенсерлер келген еді. Олар Алматы мен Маңғыстау облысын аралап, еліміздің табиғаты мен туристік әлеуетін миллион­даған аудиторияға таныстырды.  

Ендігі кезекте туристік инфрақұры­лымдарды дамыта түсу, туристерге жайлы жағдай туғызу ең басты орында тұруға тиіс және ауыл туризмін дамытуға атсалысқысы келетін тұрғындарға қолдау қажет деп санаймыз.

Айсұлу СЪЕЗХАН

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:106
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Тамыз 2026 06:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see141

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see137

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see135

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see133

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see132

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see129

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see126

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see124

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see124

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see122

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see119

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see119

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see119

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see118

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see117

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары