Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Жемісті жеті жыл

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Қазақстан туризмінің үштағаны: Алматы, Маңғыстау, Бурабай

Қазақстан туризмінің үштағаны: Алматы, Маңғыстау, Бурабай

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Орнықты туризмнің үштағаны

Мемлекет басшысы туризм саласындағы негізгі үш аймақты айқындап берген. Қазір мемлекеттің бүкіл саясаты осы бағыттардың төңірегінде қалыптасып отыр. Әрқайсысына арнап кешенді даму жоспары әзірленген.

— Алматы тау кластері, Щучинск-Бурабай курорттық аймағы және Маңғыстау туристік аймағы — Қазақстан туризмінің үш тірек нүктесі, — деді қаңтар айында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов. 

Қазақстан туризмді жекелеген жобалар жиынтығы ретінде емес, толыққанды сала ретінде қалыптастыруға көшіп отыр.

— Біріншіден, кластерлік тәсіл дұрыс таңдалған. Бұл үш аймақ бір-бірімен бәсекеге түспейді: таулы Алматы, көлді Бурабай және шатқалды Маңғыстау — әртүрлі аудиторияға арналған мүлде бөлек өнімдер, — дейді туристік компания маманы Лунара Сапатбаева.

Алматы тау кластері

Үш аймақтың ішінде ең ауқымды өзгерістер Алматы тау кластерінде іске асатын түрі бар. Әуелі тау-шаңғы курорттарын кеңейтіп, біртұтас жүйеге біріктіру жоспарланған. Қолданыстағы шаңғы жолдарына қосымша 30 аспалы жол мен 161 шақырым жаңа трасса салынады.

Фото: Ақорда

Негізгі мақсат — жыл бойында 5 млн турист келетін тартымды аймақ жасау. Ол үшін кластерді маусымдық сипаттан арылту керек. Қазір Қазақстандағы тау курорттары негізінен қыста ғана жұмыс істейді.

Фото: Александр Павский/ Kazinform

Ал әлемдік тәжірибеде мұндай орындар хайкинг, тау велосипеді, экотуризм арқылы жазда да табыс әкеледі. Соның арқасында тау-шаңғысына әуес бір турист орта есеппен 350 доллар жұмсайды. Ал жағажай турисі шамамен 50 доллар ғана қалдырады. Айырмашылық — жеті есе. Алматы тау кластеріне 5 млн адам келетіндей жағдай туғызса, бұл өңір экономикасына айтарлықтай әсер етер еді. 

— Мен Аустрия мен Грузиядағы тау курорттарын араладым. Бірақ Шымбұлақ ерекше әсер қалдырды. Шаңғы жолдары күрделі, биіктік деңгейі өте құбылмалы. Бірақ мұнда жазда туристі сергітетін қызмет түрі тапшы. Аспалы тасымал тоқтап тұр, дәмханалар жабық. Жазғы инфрақұрылым ақылмен іске қосылса, туризм мүлде басқа деңгейге шығар еді, — дейді алматылық Әлібек Дангарин.

Астана іргесіндегі Бурабай

Бұл аймақтың кешенді даму жоспары дәйекті іске аса бастады деуге болады. Жоспарда жалпы құны 137,2 млрд теңге болатын 118 іс-шара қарастырылған. Соның аясында Бурабайдағы «Променад» аймағы, «Ақ бура» курортынан ұлттық парк кіреберісіне дейінгі 10 шақырым веложол, сегіз жаңа тамашалау алаңы, 120 орындық төрт автотұрақ және Щучье көліндегі абаттандырылған жағажай пайдалануға берілді.

Фото: «Бурабай даму» ЖШС баспасөз қызметі

— Бурабай — үмітіңді еселеп ақтайтын жер. Қарағайлы орман, көлдер, таза ауа — бәрі табиғи. Тек сапалы қонақүйлер көбірек болса екен, — дейді астаналық Аделя Хамитова. 

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Көкшетау өлкесінің көркін көзбен көріп, көкеймен түйсінгісі келетіндерге тікұшақпен саяхат ұйымдастырылып отыр. Бұл премиум санаттағы туристердің көңілін тауып, аймақтың туризмін көпдеңгейлі ете түсті.

Маңғыстаудағы мегажоба

Маңғыстау туристік аймағын дамытудың 2025-2029 жылдарға арналған жоспары қаржы көлемі жағынан Алматы мен Бурабайдан асып түсіп отыр. Жалпы құны 401 млрд теңге. Жоспарға 102 іс-шара, 37 инфрақұрылымдық жоба (жол, электр желісі, газ тарту) және 16 инвестициялық жоба кіреді.

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

— Мен Каппадокияны көрдім, бірақ Бозжыраның ауқымы одан да орасан. Құдды бір басқа ғаламшар сияқты. Бару қиын, туристерге толық жағдай жасалып үлгермегеніне қарамастан, Қазақстан мен Ресейден көп адам ағылып жатыр. Жақсы жол мен кем дегенде бір сапалы глэмпинг салынса, жағдай түбегейлі өзгереді, — деді Жанар Жулудинова. 

Маңғыстау жоспарында бірнеше қонақүй кешені, туристік орталықтар, гольф-отельдер, ойын-сауық және мәдени нысандар бар. Басты міндет — келген туристі барынша ұзақ ұстау. Қазір бұл аймақта туристер орта есеппен 3-5 күн аялдайды. Жаңа маршруттар, тамашалау алаңдары мен туристік орталықтар арқылы бұл көрсеткішті 7-10 күнге дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде табысты да арттырады.

Жол сапасы

Туристік нысандармен қатар, оларға жету мүмкіндігі де жақсартылып жатыр. 2025 жылы 14 өңірде туристік орындарға апаратын жол салынып, жөнделді. Жалпы ұзындығы 134 шақырым жолға 16,6 млрд теңге жұмсалған.

Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

Бұл өте маңызды көрсеткіш. Себебі жол азабы — ішкі туризмдегі басты кедергілердің бірі. Нысан қаншалықты тартымды болса да жолы нашар жерге турист бармайды.

Авиация — туризмді дамытудың құралы

2025 жылы 26 ішкі әуе маршрутына мемлекет субсидия төледі. Оның 30-40%-ы Алакөл, Каспий жағалауы, Бурабай және Алматы тау кластері сияқты туристік аймақтарға апарады. Бұл шара бір жағынан өңірлер арасындағы байланысты сақтаса, екінші жағынан туристер ағынын арттырады.

Фото: Үкімет

— Бірақ бұл уақытша құрал. Негізгі мақсат — рейстер өз-өзін ақтайтындай сұраныс қалыптастыру, — дейді Лунара Сапатбаева. 

Министрлік дерегіне сүйенсек, туристік әуе рейстерін субсидиялау қолға алынғанының арқасында ұшақпен қатынайтын жолаушылар саны 30-50%-ға дейін артқан.

Кадр мәселесі, арнайы университет

Бұл салада инфрақұрылыммен қатар маман тапшылығы да өзекті. 2019 жылы Түркістанда туризм және қонақжайлық университеті ашылды. Қазір онда мыңдаған студент білім алып жатыр. Ал салаға қажет мамандар саны бұдан әлдеқайда көп.

Фото: Huawei

— Кадр тапшылығы — еленбей келген мәселе. Бірнеше мың түлек ондаған мың маман қажет ететін нарықты жаба алмайды, — дейді сарапшы. 

Туризмді дамытуға бюджеттен бөлінген әр теңгенің салық ретінде неше теңгеге айналып қайтқанын министрлік ашып айтпады. Салық деректерін берудің заңда көрсетілген талаптары ақпаратты ашық айтуға жол бермейтінін еске салды. Бізге тек 2022-2025 жылдары салаға мемлекеттің қолдауымен 6,4 млрд теңгеге дейін инвестиция тартылғаны белгілі.

Осыған дейін 2029 жылға дейін туризм саласында жұмыспен қамту көрсеткішін 800 мың адамға дейін ұлғайту жоспарланып отырғаны айтылды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:227
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Наурыз 2026 13:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see149

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see147

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see146

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see146

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see144

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see144

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see140

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see139

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see139

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see139

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see138

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see138

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see137

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see137

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see136

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see136

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see136

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see136

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see134

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see134
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары