Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстары рекордтық көрсеткішке жетті

Автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстары рекордтық көрсеткішке жетті

24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазақстанда ұзын ырғасы 1700 шақырымнан астам жаңа теміржол салынып жатыр.

Бұл еліміздің транзиттік әлеуетін арттырып қана қоймай алыс-жақын шет елдерге жүк тасымалын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мәселен Қазақстан мен Қытай арасында жаңа жүк тасымалдау бағыттары іске қосылған.  Бұл ретте Алтынкөл – Қорғас және Достық – Алашанькоу кеден бекеттері негізгі дәліз саналады.  Ал жалпы елімізде биыл қанша шақырым жол қалпына келтірілді? Жолды күтіп-баптап ұстау бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатыр? 

Жалпы еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік мол.  Айталық, «Солтүстік – Оңтүстік» көлік дәлізі Парсы шығанағы мен Оңтүстік Азия елдерінің нарығына тікелей жол ашады. Халыққа Жолдауында Президент жаңа шойын жолдардың маңыздылығын  ерекшелеп айтқан еді. Бұл бағыттардың бәрі біртұтас жүйе сияқты жұмыс істеп, елімізге едәуір табыс әкеледі.

Жаңа желілердің іске қосылуы:

• транзит пен жүк экспортын арттыруға
• өңірлердің дамуына
• жаңа жұмыс орындарын ашуға
• Еуразияның көлік хабы ретінде Қазақстанның позициясын нығайтуға ықпал етеді.

Сонымен қатар биыл -ұзындығы 836 шақырымды құрайтын Достық – Мойынты теміржол желісінің құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. Осы арқылы  Қазақстан – Қытай бағытының өткізу қабілеті 5 есеге артты. Бұл халықаралық көлік дәліздері арқылы транзиттік жүк тасымалдарының өсуіне мүмкіндік берді. Сондай-ақ ұзындығы 75 шақырымды құрайтын Алматы қаласының айналма теміржол желісі жобасы аяқталуға таяды. 323 шақырымдық Мойынты – Қызылжар жаңа теміржол желісінің құрылысы басталды. Ал ұзындығы 157 шақырым Дарбаза – Мақтаарал және 297 шақырымды құрайтын Аягөз – Бақты жобалары жүзеге асырылып жатыр.

Теміржол инфрақұрылымын дамыту жобалары

Достық – Мойынты теміржол желісі - 836 км аяқталды

Қазақстан – Қытай бағытының өткізу қабілеті 5 есеге артты.

Алматы айналма теміржол желісі - 75 км аяқталуға жақын.

Мойынты – Қызылжар жаңа теміржол желісі - 323 км. құрылысы басталды.

Дарбаза – Мақтаарал - 157 км.

Аягөз – Бақты - 297 км.

Мақсат Қалиақпаров, ҚР Көлік вице-министрі:

- Сонымен қатар жыл соңына дейін 6,1 мың автокөлік жолдарын барлық жұмыс түрлерін аяқтау. Оның ішінде Қалбатау – Майқапшағай, Қызылорда – Жезқазған жолдары бар. Алматы стансаның айналма теміржол желісінің құрылысын аяқтау. Нәтижесінде Алматы теміржолындағы жүстеме 40 пайызға төмендейді.

Осы орайда автокөлік жолына ойыссақ...Биыл елімізде Автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары рекордтық көрсеткішке жеткен.  Ұзын-ырғасы 13 мың шақырым жол ретке келтірілді.  Оның ішінде  8 мың 800 шақырым автожол жөнделді. Республикалық маңызы бар жолдардың 460 шақырымында күрделі жөндеу жүргізілді. Орташа жөндеу жұмыстарымен республикалық маңызы бар автожолдардың 6100 шақырымы қамтылды. Қалбатау-Майқапшағай, Қызылорда-Жезқазған, Подстепное-Федоровка, Күрті-Қонаев және Ұзынағаш-Отар жолдары қолданысқа берілді. Ал келер жылғы жоспарды сала маманының өзі айтсын.

2025 жыл 13 мың км. жол жөнделді.

Аяқталған ірі жобалар

Ұзынағаш – Отар 42 км.

Қалбатау – Майқапшағай 405 км.

Подстепное – Федоровка 72 км.

Күрті – Қонаев  67 км. 

Қызылорда – Жезқазған 192 км.

Сәкен Ділдахмет, «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясының ресми өкілі:

- Жыл сайын ұлттық компания республикалық жолдардың сапасын арттыру олардың жамылғысын жақсарту бойынша осындай үлкен жұмыстарды атқаруда. Келер жылға біз 10 перспективалы жобаның құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Қазір халықаралық қаржы иинституттарымен қаржы тарту бойынша келіссөздер жүргізілуде. Атап өтетін болсақ бұл Жезқазған-Қарағанды, Астана-Ырғыз, Ақтөбе-Ұлғайсын, Сарыағаш-Қызылорда айналма жолы, Атырау Доссоз жолдары. Жол бойындағы сервистер саны 1500-ден асты биыл 100-ден астам мобильді-санитарлық гигиеналық торап орнатылды.

Келер жылы жалпы ұзындығы 3200 шақырым болатын құрылыс жобалары қолға алынады. Бүгінде Жезқазған-Қарағанды, Астана-Ырғыз, Ақтөбе-Ұлғайсын сынды он бағыт бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін халықаралық қаржы институттарының несие қаражаттары тартылды. Бұдан бөлек, биыл 1700 шақырым болатын 9 жаңа учаске ақылы жолдарға қосылды. Ақылы учаскелердің жалпы саны 26-ға жетіп, ұзындығы 4900 шақырым болды. 11 айда ақылы жолдардан қазынаға 79 млрд теңге түскен. Бірқатар күре жолға арнайы бейнебақылау да орнатылыпты.

Сәкен Ділдахмет, «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясының ресми өкілі:

- Биыл республикалық автожолдардағы жол-көлік оқиғасының алдын алу үшін орташа жылдамдықты ескеретін арнайы камериалар орнаттық. Қазір 8 учаскеде бар. Оларға түскен құқықбұзушылықтар құқыққорғау органдарына жолданады. Ең бастысы жол-көлік оқиғасының саны 10 пайызға азайғанын көріп отырмыз.

Тағы айта кетерлігі мына жолдағы қауіпсіздікті күшейту мақсатында осы салаға да жасанды интеллект енгізіліп жатыр. Мәселен, қазір жолдағы құрылыс жұмыстарын зерттеп отыратын Q-RAM, KazRoadLab жүйелері іске қосылған. Сала мамандары осы арқылы жол сапасы жақсарады деп сендіріп отыр. Сонымен қатар азаматтарды ақпараттандырып отыратын 1403 байланыс орталығы іске қосылған. Оған жыл басынан бері миллионға жуық адам өтініш түсіріпті.

Жол бойындағы қызмет те едәуір жақсарған. Бүгінде республикалық автожолдар желісінде 1500-ге жуық нысан жұмыс істейді. Олардың 93% - ы ұлттық стандартқа сәйкестендірілген. Айталық, жанармай құю бекеттері, қонақ үйлер мен санитарлық-гигиеналық кешендерді қоса алғанда 33 жаңа нысан іске қосылды. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:169
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 02:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see172

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see154

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see152

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see151

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see150

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see149

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see148

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see148

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see148

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see147

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see147

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see147

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see146

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see146

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see145

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see144

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see144

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see144

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see144

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see143
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары