Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Аягөз гарнизоны: жас сарбаздарға қандай жағдай жасалған?

Аягөз гарнизоны: жас сарбаздарға қандай жағдай жасалған?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Оның айтуынша, Абай өңірі бойынша мерзімді әскери шақыруға науқан көктемгі және күзгі деп екіге бөлінеді. Күзгі науқан Шығыс өңірінде 1 қыркүйектен басталып, 31 желтоқсанға дейін жалғасады екен.

–  Бас штаб басшылығымен Абай өңіріне 800-ге жуық жас сарбазды сапқа тұрғызу міндеттелді. Қазір Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне, Мемлекеттік күзет қызметіне, Қарулы Күштер қатарына, Шығыс өңірлік қолбасшысы қызметіне және әскери құрылымдарға сарбаздарды жолдаудамыз. Былтырмен салыстырғанда Абай облысы үшін аса қатты өзгеріс байқалмайды. Әскери қызметке өңір бойынша 1 600-ден астам сарбаз жолданады, – деді полковник Руслан Омаров.

Сонымен қатар Абай облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы мемлекет тарапынан мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарға көптеген жеңілдік қарастырылғанын сөз етті.

– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев әскери патриоттық және әскери қызмет бойынша заңнамаға қол қойып, еліміздегі жастардың рухын, патриоттық сезімін көтеруді тапсырған. Сол мақсатта Мемлекет басшысы тарапынан біздің мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарға көптеген жеңілдік қарастырылған. Мәселен, мерзімді әскери қызметті өткерген соң кез келген сарбаз Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесіне қарамастан, оқуға түсе алады. Оның өзі ақылы және ақысыз түрде деп бөлінеді. Екіншіден, әскерге кеткен сарбаздың жұмыс орны сақталады. Жоғары оқу орындарында ақысыз, яғни грантта оқыса, ақысын өтеуден босатылады. Үшіншіден, сарбаздың несиесі тоқтатылады. Сондықтан жастардың Отан алдындағы борышын өтеуіне Үкімет тарапынан да, Қарулы Күштер тарапынан да барлық мүмкіндік жасалуда, – дейді Руслан Омаров.

ҚР Қорғаныс министрлігінің Ақпарат және коммуникациялар департаменті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін арналған баспасөз-турында  Құрлық әскері  бас қолбасшысының орынбасары, тәрбие және идеологиялық жұмысына жауап беретін полковник Ырымғали Құрманғалиұлы Акишев   қатысты.

Ол жас сарбаздардың әскердегі өмірге үйренуіне барынша жағдай жасалғанын айтты.

– Идеология ретінде сарбаздарымыздың патриоттық әрі жігері мен намысын ояту мақсатында сабақтарымыз үзілген емес. Дегенмен біз сарбаздарды тек ақпараттық тұрғыда ғана қолдап-қолпаштап отырғанымыз жоқ. Оларды психологиялық реттеуі жөнінен түрлі бағдарламалар жүргізіліп жатыр. Қазір Астана қаласындағы біраз компаниялар сарбаздарға зерттеу тұрғысында психология жағынан көбірек көңіл бөліп отыр. Өйткені бізге келген сарбаздың әрбірі ең алдымен 18-19 жастағы бозбала. Оның кейбірі үйінен, әке-шешесінен алыстамаған жандар. Енді бірі үй ішінің еркетотайы, еркесі. Сондықтан мұндағы талап пен тәртіпті көтере алмай жатады. Әр сарбаз психологиялық тест өткізген соң оның жай-күйі анықталады. Алда-жалда қажеттілік туындаса, оған бағыт-бағдар беріп, ортаға сіңісуіне көмектесеміз.

 Олардың әскерге келгенде ортаға үйренісуі оңтайлы болуы үшін дептехнология ретінде қолданамыз. Мәселен, әр ротада, взводта, батальонда актив деген бар. Бұл дегеніміз – әрбір рота, взвод, батальонның үздік әрі алғыр сарбазы бізде ұйымдастырушы. Яғни, оған біз кәдімгідей офицерге бергендей тапсырма береміз. Басшылық тараппен бірге бас қосып, әңгімелесіп, талқыға сала отырып, қандай сарбаздарға көңіл бөлу керегін анықтап, оның мәселесін шешіп, тілін табуға тырысамыз, – дейді полковник Ырымғали Акишев.

Ал әскерге келген сарбаздарға қандай жабдықтар берілетіні жайында 10810 әскери бөлімі Бригада командирінің тылдық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары, подполковник Досжан Искаков көрсетіп берді.

Оның айтуынша, Отан алдындағы борышын өтеуге түскен әр сарбазға бейбіт уақытқа запастағы мүлікпен жабдықтау №4 норма бойынша жүргізіледі.

– 2025 жылдың 21 мамырдағы №595 бұйрығына сәйкес, сарбазға берілетін жабдықтың құрамына 8 зат қосылды. Атап айтсақ, тырнақ алғыш, тарақ, қалта айнасы, сабын салғыш, тіс щеткасына арналған қорап, тазалыққа қажетті заттарды салатын дорба. Бұрын нормаға сәйкес дәретхана қағазы бір айға 50 метрлік 1 бума берілсе, қазір сондай буманың екеуі сарбазға тиесілі. Сонда 100 метр дәретхана қағазы бір айға жетеді деп есептелген. Соған сай айына екі сақалқырғыш қамтылады. Әрбір заттың берілген уақыты белгіленеді,  – дейді  Досжан Нұржанұлы.

Бір жылға берілетін жабдықтардың ішінде ақ, қара, жасыл түсті үш түрлі жіп. Оның әрқайсысы 200 метр. Аяқкиім мен киім щеткасы бар. Сонымен қатар кір жуғыш машинаға 1 келі киім салынса, 50 грамм кір жуғыш ұнтағы есептелген. Күнделікті бет орамал, нәскиді сарбаздар өздері қолмен жуады.

– Әр сарбазға киім-кешегі де нормаға сай беріледі. Мысалы, қазір біз  2 танкті батальондамыз. Мұнда түскен әр жас сарбазға үш костюм беріледі: танкистің киімі, маусымына қарай қыстық және жаздық киім, салтанаттық шеруге киілетін киім. Жылына 10-15 шақты салтанатты шарада өтеді, сонда киюге міндетті, – дейді Бригада командирінің тылдық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары, подполковник Досжан Искаков.

Сарбаздардың киім-кешек үтіктейтін орындары, казармасы, демалыс орындары мен асханаға дейін көрсетілді. Тіпті, күнделікті ас мәзірі мен азық-түлік үлесінің негізгі түрлері таныстырылды.

– Әскери бөлімдегі сарбаздар күніне үш мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Әр жауынгердің ас үлесіне мемлекет тарапынан күніне 2 250 теңге бөлінеді. Бұл қаражатқа сарбаздарға құнарлы тағамдар дайындалады. Мәселен, 1-санаттағы сиыр еті, құс еті, балықтан басталып, өрік-мейіз, бал, жеміс-жидекке дейін беріледі. Мереке не болмаса атаулы күндерде сарбаздарға қосымша тәтті-дәмдер мен жемістер ұсынылады, – деді Досжан Нұржанұлы.

 Әскерден кетуіне үш күн қалған қатардағы жауынгер Рамазан Қабдыхалықов асхана мәзіріне көңілі толатынын жеткізді.

– Әрине, үйдің тамағының орны бөлек қой. Әскердегі ас одан жаман емес. Үш уақыт тамақ уақытылы беріледі. Мереке күндері ет асып, палау пісіреді, – дейді Ұлытау облысы Жезқазған қаласының тумасы Рамазан.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:174
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қазан 2025 13:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see119

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see116

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see116

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see115

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see114

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see113

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see112

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see112

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see112

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see111

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see111

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see111

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see110

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see109

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see109

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see108

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see108

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see108

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары