Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

Бабы келіскен бапкер қайда?..

Бабы келіскен бапкер қайда?..

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

13 қазан күні Солтүстік Македониямен, 15 қараша күні Бельгиямен ойнайды. Қызығы сол, жігіттер Брюссельге барып алты доп жіберіп алған соң, экс-бапкер Әлиев қызметінен кетті. Арада бір ай өтсе де, федерация құрама тізгінін ұстайтын адам таппаған. Сөйткен де жаттығу жиынына бір күн қалғанда Талғат Маруаұлына телефон соққан. 

«Бір күнге» келген бапкер

Мұны спорт журналистері де, бапкер де мойындап отыр. Алда Лихтенштейн құрамасымен жауапты кездесу күтіп тұрған. Сонымен, көмекшілеріне хабап беріп, ҚФФ белгілеген күні қосынға келген. Байсуфиновтың айтуынша, шешімді қысқа уақытта қабылдап, жұмысқа кіріскен. 

 «29 қыркүйекте шұғыл түрде жұмысқа кірісу керек болды. Маған жедел екі көмекші керегі тағы бар. Олармен бұрыннан жұмыс істеймін, бір-бірімізді жақсы білеміз. Осылайша, процесті жеделдету үшін сол мамандарды шақырдым. Бұл шешімнің артында ешқандай саясат немесе федерацияның нұсқауы жоқ», – деді ол.

Сонымен, Бельгиямен ойыннан соң Әлиев ұжымнан кеткенін айтқанымен, Лихтенштейнге қарсы құрамды өзі жасақтаған. Құжат жұмысымен де айналысқан. Сөйтіп, бас бапкердің міндетін атқарушы Байсуфиновке Иван Азовский, Марат Еслямов, Али Алиев және Елдос Ахметов көмектесті. Қысқасын айтқанда, бес бапкер жабылып жүріп, қарсыласты қапы қалдырды. Ал Лихтенштейннің бапкері болса командада бес кәсіби футболшы барын, қалғаны жұмысынан сұранып келгенін айтты. Сөйтіп, «Астана-Аренадағы» ерекше атфосферада құрама төрт гол соғып, соның ішінде Ғалымжан Кенжебек жеке шеберлігімен көпті тәнті етті. 

«Негізі, ұлттық құрама Солтүстік Македонияға қарсы тең нәтиже тіркесе, Байсуфинов қызметінде қалуы мүмкін. Өйткені оның деңгейі жоғары екенін, футболшылардың бапкерге сенетінін өткен ойындағы есеп (4:0) көрсетіп тұр. Расын айтқанда, Қазақстан ұлттық құрамасы бапкерлігі турасындағы рейтингтің басында Талғат Маруаұлы тұр. Кейінгі екі-үш жыл клуб директоры болып жұмыс істеп, бапкерліктен шет жүр еді. Араға уақыт салып, келіп отыр. Абырой, атағы бар. Футболшылар сыйлайды, айтқанын мүлтіксіз орындайды. Меніңше, ҚФФ адам таппай бара жатса, ел ішінде Талғат Байсуфинов пен Нұрбол Жұмасқалиевтің бірін таңдауы қажет», – дейді спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен. 

Айталық, Талғат Маруаұлы осыған дейін екі рет ұлттық құраманы баптаған. Осымен екінші рет бас бапкер міндетін атқарушы болып отыр. 13 қазан Солтүстік Македонияға қарсы кездесу өткізеді. J тобында іріктеу кезеңінде жеңілмеген екі қүрама бар десек, бірі – македондықтар. Оның үстіне, маусым айында аталған ұжымға есе жібердік. Егер бұл құрам бізді айналып өтсе, оларда Әлем чемпионатына шығу туралы сұрақ болмайды. Аталған бапкер екі ойында құрамды бастап шығатынын, Бельгиямен кездесуде басқа бапкер келуі мүмкін екенін нұсқады. Сонда ұлттық құрамаға қай маман бас болуы мүмкін? 

Әттең, тонның келтесі-ай...

Жақында ҚФФ жаңа бас бапкер қызметіне үміткерлермен келіссөз жүргізіп жатқанын, тізімде үш шетелдік маман барын хабарлады. Сарапшылар да Бельгиямен ойынға дейін жаңа бапкер келетінін айтады. Олар еуропалық жасы 50-дің ары жақ, бері жағындағы маманды күтіп жүр. 

«Біріншісі – Польша маманы Михал Пробеж, одан кейін «Спартакты» баптаған Массимо Каррера, үшіншісі – чехиялық үміткер деп ойлаймын. Келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты. Бірақ қай сатыға келгенін білмедім. Айта кетерлігі, бұл жерде ҚФФ-дағы бас хатшының жұмысына сын. Өйткені Байсуфиновты жиынға бір күн қалғанда шақырып, Әлиев жинаған құрамды ойнатып жатыр. Ал шетелдік маман мәселесіне келсек, бұл жерде бәрі айлыққа келіп тіреледі. Шетелден келген мамандар кемінде 2-3 млн теңге айлық сұрайды. Кезінде «ойбай, Черчесов 2 млн жалақы алады екен» дедік. Енді 2 млн теңгеге бапкер таппай отыр. Тіпті, қазір еуропалық маманға кемінде 3-4 млн теңге ұстатпасаңыз, жоламайды», – дейді спорт журналисі Олжас Байбосын. 

Ал бірнеше жыл ҚФФ-да жұмыс істеген Ермұхамед Мәулен поляк маманының Қазақстанға келмейтінін алға тартты. Оның айтуынша, польшалық журналистермен сұхбаттасқанында бұл маманның ұлттық құраманы баптауда тәжірибесі аз екеніне тоқталған. Тізімде аты-жөні құпия бір италиялық, бір испаниялық бапкер бар. Оған қоса, сарапшы қазір құраманың қиын жағдайда тұрғанын, халықаралық аренада тәжірибесі жоғын атап өтті. Әлем чемпионатына, Еуропа чемпионатына шықпаған, құрамында топ-5 лигада доп тебетін ойыншысы жоқ ұжымға оңайлықпен ешкім мойын бұрмайды. Оның пікірінше, жанкүйерге сырттай жастар өсіп келе жатқандай, потенциал бардай көрінгенмен, жеме-жемге келгенде еуропалық маманға мұны дәлелдей алмаймыз. Сондықтан сарапшы италиялық бапкерлер жылына 4 млн еуро сұрайтынын, сондықтан Балқан түбегінен, поляк, чехиялық, сербиялық бапкерлерді қарастырып көру керегін ұсынды. 

«ҚПЛ-ды білетін Милич Чурчич деген сербиялық маман бар. Одан бөлек, Сербия ұлттық құрамасын 2018 жылы ӘЧ-ге шығарған Крстаич Младен есімді маман бар. Жасы – 54-те, клубтық деңгейде «Маккаби Тель-Авивте» жұмыс істеген. Еурокубокты біледі, былайынша тілі мен менталитеті де жақын деуге келеді. Оған қоса, қазір оның қолы бос, жоғары жалақы сұрамайды. Кейінгі жұмыс істеген жерінде 300 мың АҚШ долларын алған. 400-500 мың доллар ұсынсаң, Қазақстанға келуге келісуі мүмкін. Ми­лич Шурчич те Қазақстан футболын біледі, аса жоғары жалақы талап етпейді. Негізі, бос жүрген бапкер көп. Бұл жерде ҚФФ бас хатшысы Давид Лорияның нәтижесіз жұмысы көрініп тұр. Мысалы, Қазақстанның U-15 құрамасы Өзбекстаннан ұтылды, U-21 өзбектің 20 жасқа дейінгі балаларынан ұтылды. Ең сорақысы, U-21 жастар құрамасы ресми ойында Андорраға есе жіберді. Еуропа футболында «қаптың түбінде жатқан» Андорраға жеңілу – құрылымда бірдеңе дұрыс емесін дәлелдеп түр. Меніңше, «Тараз» бен «Ордабасының» жастарын жіберсеңіз, Андорраны ұтар еді», – деді Ермұхамед Мәулен. 

Сарапшы Олжас Байбосын да жастар құрамасын жолға қоймаса, Әлем чемпионатына шығу арман күйінде қалатынын алға тартты. Оның айтуынша, кезінде жастарды Англиядан келген тәжірибелі маман баптаған тұста нәтиже көрсеткен. Қазір аталған ұжымға қабылданатынның дені «Қайрат» клубынан келген соң, бапкерді де сол жақтан тартып жатқан көрінеді. 

Айзат АЙДАРҚЫЗЫ

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:138
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2025 06:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see155

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see153

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see151

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see149

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see137

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see134

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see134

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see133

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see132

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see131

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see131

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see127

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see125

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see125

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see124

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see123

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see122

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see122

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see122

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

29 Тамыз 2026 21:13see120
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары