Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Балалық шақтың дәмін сақтаған зауыт

Балалық шақтың дәмін сақтаған зауыт

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Суретті түсірген – Жұмабай Мұсабек

Зауыттың тарихы өткен ға­сыр­дың 50-жылдары­нан бас­тау алады. 1953 жылы шағын сүт қабылдау пунк­ті ретінде құрылған өн­ді­ріс орны уақыт өте келе өңір­дегі ең ірі сүт өңдеу кәсіп­орындары­ның бірі бол­­­ды. Кеңестік кезең­­нің де, тәуел­­сіздіктің ал­ғашқы жыл­­­да­рындағы қиындық­тар­дың да куәсі болған зауыт өз жұмысын ешқашан тоқтатқан емес. Экономикалық дағ­да­­рыстар мен нарық­тағы өзге­ріс­терге қарамастан, кәсіп­орын ұжымы өндірісті сақтап қалды. Осы күнге дейін ха­лық­ты та­биғи өніммен қамтама­сыз етуді басты мін­деті санап келеді.

«Бүгінде таңғы сағат үш жарымда басталатын еңбек қарбаласы кешке дейін тоқ­тамайды. Өндірілген өнімдер арнайы көліктермен әлеуметтік нысандар мен сауда орындарына жөнелтіледі. Бұл – тұр­ғындардың дастарқанына күн сайын балғын әрі сапалы өнім жеткізу жолындағы тынымсыз еңбек. Ондаған адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Тіпті осы жерден зейнетке шыққан мамандарымыз көп», дейді өндіріс жетекшісі Валентина Курбак.

Текелі сүт зауытының бас­ты ерек­ше­лігі – жергілікті шикізатты пайдалануында. Бұл бір жағынан өнімнің та­биғилығын қамтамасыз етсе, екінші жағынан ауыл ша­руашылығымен айналысатын шаруаларға тұрақты табыс көзі болып отыр. Күн сайын жергілікті шаруашылықтардан жиналатын сүт арнайы зертханада тексеріліп, үш деңгейлі сүзгіден өткізіледі. Осылайша, тұтынушыға сапалы әрі қауіпсіз өнім ұсынылады.

Аталған кәсіпорын айран, сүт, қаймақ, сүзбе, құрт, йогурт, сары май, кілегей секіл­ді жиырма үш түрлі өнім шы­ғарады. Олардың барлығы консервантсыз дайындалады. Табиғи құрамы мен дәстүрлі технологиялардың үйлесуі өнім­дердің өзіндік дәмін сақ­тауға мүмкіндік береді. Сондықтан да зауыт өнімдері тек Текелі қаласында ғана емес, Талдықорған мен Алматы қала­ларында да сұранысқа ие. Өңірге келген шетелдік турис­тер де жиі сатып алады.

Қазіргі заман талаптарына сай даму жолын таңдаған кәсіпорын кейінгі жылдары техникалық жаңғырту жұмыс­тарын белсенді жүргізіп келе­ді. 2015 жылы облыс әкім­дігінің қолдауымен және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы жүзеге асқан «Өндіріс-2» бағдарламасы аясында 171 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды. Сол қаражатқа жаңа технологиялық жабдықтар сатып алынып, арнайы зертхана іске қосылды. Бұл өнім сапасын жаңа дең­гей­ге көтеріп, өндіріс көлемін арттыруға жол ашты.

«Текелі сүт зауытының жетістіктері республикалық деңгейде де мойын­далған. Кәсіпорын «Алтын сапа» бай­қауының жүлдегері атанып, өнім­дерінің жоғары сапасын тағы бір мәрте дәлелдеді. Мұндай табыстың артында кәсіби біліктілігі жоғары, ұйымшыл ұжымның еңбегі жатыр. Бүгінде зауытта қазақ, орыс, корей, татар және өзге де ұлт өкілдерінен құралған 75 адам еңбек етеді. Әртүрлі мәдениет өкілдерін біріктірген ұжым еңбек пен татулықтың жарқын үлгісіндей көрінеді», дейді қала әкімі Алмас Әділ.

Кәсіпорын басшылығы ке­йінгі жылдары жастарды жұ­мысқа тартуға ерекше кө­ңіл бөліп келеді. Себе­бі өндірістің болашағы – тәжі­рибе мен жаңашылдықтың сабақтастығында жатыр. Осы ретте зауытта ұзақ жыл бойы еңбек етіп келе жатқан мамандардың рөлі зор. Мәсе­лен, зауыт жетекшісі Валентина Курбак еңбек жолын 1990 жылы шебер ретінде бастаған. Бүгінде отыз жылдан астам тәжірибесі бар маман жастарға кәсіби шеберліктің қыр-сырын үйретіп келеді.

«Біздің өнімнің сапасы ең алдымен шикізатқа байланыс­ты. Сондықтан әр кезеңде жа­уапкершілік жоғары. Осы за­уытта еңбек еткен жылдар ішінде талай өзгерісті көрдік. Бірақ бір нәрсе өзгерген жоқ – ол өнім сапасына деген талап. Қазір жастардың үйренуге деген ынтасы қуантады. Білгеніміз­ді бөлісу – біздің міндетіміз», дейді В.Курбак.

Зауыт өнімдерінің танымал бо­луының басты сыры да осы жауап­кер­шілікте жатқандай. Өнім өндіру ке­зінде табиғи дәмді, балғындықты және тағамдық құндылықты сақтау бі­рін­ші орынға қойылады. Кәсіпорын бас­шылығы үшін көлемнен бұрын сапа маңызды. Мұны тұтынушылар да жақсы сезінеді. Текелі қаласының тұр­­ғыны, көпбалалы ана Айгүл Сейітова­ның айтуынша, жер­гілікті өнім­дер отбасы дас­тарқанынан үзілген емес.

«Біз бұл өнімдерді бала кезімізден тұтынып келеміз. Балаларымызға да осы сүт өнім­дерін алып береміз. Ең бас­тысы – табиғи әрі дәмі өзгермейді. Қазіргі кезде мұндай сапаны сақтау оңай емес. Сондықтан жергілікті зауыттың өнімдеріне сеніміміз жоғары», дейді ол.

Текелі сүт зауыты өңір эко­­но­ми­­ка­сында да маңызды орын алады. Бірін­­шіден, ондаған ауыл шаруа­шы­­лығы өндіру­шілері үшін тұрақты өткізу нарығын қалыптасты­рып отыр. Екін­ші­ден, ондаған отбасының тұрақты жұмыс­пен қамтылуына мүмкіндік бере­ді. Үшіншіден, мектептерді, бала­бақ­ша­лар­ды және меди­циналық мекемелерді табиғи сүт өнімдерімен қамтамасыз ету арқылы халық денсау­лы­ғына үлес қосып келеді.

Жетпіс жылдан астам тари­хында Текелі сүт зауыты уақыт­тың талай сына­ғынан өтті. Бірақ оның басты құнды­лығы өз­гер­ген жоқ. Ол – табиғилық, сапа және халық сенімі. Сон­дық­тан бұл кәсіпорын бүгінде тек өн­діріс орны ғана емес, тұ­ты­нушы сеніміне ие болған на­ғыз ха­лықтық брендке айналды.

Жетісу облысы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:167
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Маусым 2026 11:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see134

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see131

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see128

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see128

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see128

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see127

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see126

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see125

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see124

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see124

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see124

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see124

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see124

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see123

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see122

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see122

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see122

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see121

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see121

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see120
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары