Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ирактағы топ АҚШ пен Иран арасындағы ықтимал ұзақ соғысқа дайындалуға шақырды

Иран жауап соққыларын бастады: Таяу Шығыста жарылыстар тіркелді

Түркістан облысы тұрғын үй саны бойынша көш бастап тұр

Малтон неге мәдениет үйінен қуылды?

Халық құрметтеген құтқарушылар

Иранда қанша Қазақстан азаматы жүр

Алматы облысында браконьерлік пен заңсыз қару сақтау бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды

Жаңа Конституция ережелерін талқылады

IBF шешімі алдағы күндері жариялануы мүмкін Жәнібек Әлімханұлының менеджері

Айдос Сарым: Азаттық дегеніміз азаматтардың құқығының қорғалуы

Иран жауап ретінде Израильге ондаған зымыран ұшырды

Қазақстан Ирандағы азаматтарды шекаралас мемлекеттер арқылы шығармақ

Тірі жүргенімізді көре алмайтындар да бар екен : Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай тосын жазба жариялады (ФОТО)

Михаил Шайдоровқа ерекше сыйлық берілді

Қарағанды облысында жасырын есірткі зертханасының көзі жойылды

Nvidia ның жаңа чиптері ChatGPT дің жауап беру жылдамдығын өсіреді

Иран сақшылары корпусының басшысы мен Қорғаныс кеңесінің хатшысы қаза тапты IRNA

Таяу Шығыста шиеленіс күшейді: Израиль әскері Иранға тағы да қосымша шабуылдар жасап жатыр

Алматы әкімі Михаил Шайдоровқа 3 бөлмелі пәтер мен автокөлік кілтін табыстады

Қанаты қайырылған құстар

Балалық травма адамның болашағына әсер етпей қоймайды психолог

Балалық травма адамның болашағына әсер етпей қоймайды психолог

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

— Осы күні балалар ерте есейетін сияқты. Әсіресе, қыздар жағы. Мұның себебі неде?

— Бұл құбылыс бір ғана себеппен емес, биологиялық, әлеуметтік және психологиялық факторлардың үйлесуімен түсіндіріледі. 

Біріншіден, биологиялық тұрғыдан қарасақ, соңғы ғасырда қыздарда жыныстық жетілу жасы ертерек басталатын болды. Ғылыми зерттеулер мұны тамақтанудың жақсаруы, артық калория, экологиялық жағдайлар және гормоналды жүйеге әсер ететін сыртқы факторлармен байланыстырады. Гормоналды өзгерістер ерте басталған сайын жасөспірім өз бойында ересек болуға тән эмоциялар мен мінез-құлықтарды ертерек сезінеді.

Екіншіден, әлеуметтік орта мен мәдени ықпал үлкен рөл атқарады. Әлеуметтік желілер мен масс-медиа балаларға ересектердің өмір салтын, сәнін және құндылықтарын ерте ұсынады. Қыздар арасында сыртқы келбет пен әлеуметтік беделге қатысты қысым күшейіп, оларды «ересек» рөлді ерте қабылдауға итермелейді.

Үшіншіден, отбасы жағдайы да әсер етеді. Кейбір қыздарға іні-қарындасына қарау, үй шаруасына көмектесу немесе ата-ананың қиындықтарына ерте араласу міндеттеледі. Мұндай жағдайлар оларды жауапкершілікті ерте сезінуге және өздерін ересек адам ретінде ұстауға үйретеді.

Төртіншіден, психологиялық даму заңдылықтарын да ескеру қажет. Эриксонның даму теориясына сәйкес жасөспірім шақ — жеке тұлғалық идентификацияның қалыптасу кезеңі. Қыздар «Мен кіммін?», «Мен әйел ретінде қандай боламын?» деген сұрақтарға ерте жауап іздеуі мүмкін. Сонымен қатар ғылымда акселерация құбылысы — баланың дамуының жеделдеуі бірнеше рет дәлелденген.

Қыздардың ерте есеюінің басты себебі — гормоналды өзгерістер, әлеуметтік қысым, отбасылық жауапкершілік және психологиялық даму ерекшеліктерінің бір-бірімен байланысында жатыр. Бұл — заманауи қоғамның табиғи көрінісі, бірақ әр балада ол әртүрлі деңгейде байқалады.

— Жасөспірімдік шақ әркімде әрқалай өтетін көрінеді. Ата-аналар мұны қалай біле алады, неге дайын болуы және баламен қалай қарым-қатынас жасауы керек?

— Біреуінде бұл уақыт тыныш болса, екіншісінде эмоция жиі құбылып, ата-анамен қарым-қатынас қиындай түсуі мүмкін. Бұл — қалыпты құбылыс, себебі бала ересектікке қадам басып, өзіндік жолын іздейді. Ата-аналар үшін ең бастысы — осы өзгерістерді табиғи даму кезеңі ретінде қабылдау. Баланың көңіл-күйі жиі өзгеріп тұруы, өз ойын қорғауы немесе «мен өзім білемін» деуі — оның дербестікке ұмтылысының белгісі. Бұл кезде ата-ананың міндеті — бақылауды күшейту емес, сенім мен қолдау көрсету.

Баламен қарым-қатынаста ең тиімді тәсіл — ашық сөйлесу. Балаңыз бір нәрсе айтқанда бірден ақыл айтып немесе сынауға асықпаңыз. Алдымен тыңдап, оның сезімін түсінуге тырысыңыз. «Мен сені түсінемін» деген қарапайым сөздің өзі балаға үлкен демеу болады. Әрине, шектеу де қажет. Қауіпсіздікке, денсаулыққа және оқуына қатысты белгілі бір талаптар сақталуы тиіс. Бірақ бұл талаптар баланың еркіндігін шектеп тастамауы керек. Еркіндік пен жауапкершіліктің тепе-теңдігін ұстанған дұрыс. Сонымен қатар ата-ана үшін маңызды нәрсе — үлгі болу. Бала көбіне сөзге емес, іс-әрекетке қарайды. Сіз өз өміріңізде сабырлы, жауапты, сенімді бола білсеңіз, ол да соны бойына сіңіреді.

Қорыта айтқанда, жасөспірімдік шақ — сынақ емес, мүмкіндіктер кезеңі. Егер ата-ана баласын серіктес ретінде қабылдап, сенім мен қолдау көрсете алса, бұл уақыт екеуара жақындасуға да, жақсы қарым-қатынас орнатуға да себеп болады.

— Жалғызбасты ана көбейді. Бұл бала психологиясына қалай әсер етеді? Әке тәрбиесін көрмей өскен қыз болашақ жарын таңдағанда күйеу емес, әке іздеуі мүмкін бе?

— Бұл жағдай бала психологиясына белгілі бір әсер етеді, бірақ ол әр балада әртүрлі көрініс табады. Ең бастысы — отбасында қандай атмосфера бар, анасының балаға қаншалықты мейірім, қамқорлық және қолдау көрсететіні. Егер ана баласын тыңдап, түсініп, қауіпсіз орта құра алса, бала әкесіз өссе де өзін сенімді сезінеді. Әкенің тәрбиесі көбіне шекара қоюды, тәртіпті, сыртқы әлеммен қарым-қатынасты үйретеді. Әкесіз өскен қыздар кейде ер адамдарға сенуге қиналуы немесе болашақта ер адамнан әкелік қамқорлық іздеуі мүмкін. Мұндайда қыз жар емес, әке іздегендей әсер қалдыруы ықтимал. Бірақ бұл барлық балаға тән құбылыс емес. Көп нәрсе анасының қарым-қатынас стиліне және қыздың өмірінде басқа ер адамның (ата, аға, ұстаз) үлгі болуына байланысты.

Психологияда «әкелік фигураның жетіспеуі» деген түсінік бар. Расында, кейбір қыздар бейсаналы түрде өзін қорғап, қамқор болатын үлкен ер адамға тартылуы мүмкін. Бірақ егер ана қызын өзін құрметтеуге, дені сау қарым-қатынас орнатуға үйретсе, болашақта ол дұрыс таңдау жасай алады. Жалғызбасты ана болу баланың тағдырын алдын ала анықтап қоймайды. Ең маңыздысы — ананың мейірімі, ашық сөйлесе білуі және сенім мен қолдау көрсетуі. Осындай жағдайда қыз бала өзіне лайықты жар таңдап, бақытты өмір сүре алады.

— Жасөспірімнің, оқушының эмоционалды дағдарысты немесе депрессияны бастан өткеріп жүргенін қалай білуге болады? Ата-аналар мен мұғалімдер қандай белгілерге мән бергені жөн? Мұндайда не амал қолдануға болады?

— Жасөспірімдік шақта дене де, ой-сезім де, мінез-құлық та қарқынды өзгереді. Психологтар мен дәрігерлердің зерттеуіне сүйенсек, психикалық бұзылыстардың шамамен 50 пайызы дәл осы жасөспірімдік шақта бастау алады. Сондықтан ата-аналар мен мұғалімдер үшін баланың табиғи жас ерекшеліктерін шынайы психологиялық қиындықтардан ажырата білу өте маңызды. Бұл кезеңде бала тәуелсіздікке ұмтылады, ата-анамен жиі келіспей қалады. Көңіл-күйі тез ауысады: бірде қуанып, бірде ашуланып, бірде тұйықталып кетуі мүмкін. Құрдастарының пікірі ата-анадан да маңыздырақ көрінеді. Сонымен қатар өзін-өзі іздеу кезеңінде киім стилін, хоббиін, мінезін жиі өзгертеді. Мұның барлығы — табиғи даму белгілері.

Алайда кейде жасөспірім шынайы эмоционалды дағдарысқа немесе депрессияға тап болуы мүмкін. Оның негізгі белгілері: көңіл-күйдің ұзақ уақыт төмен болуы (екі аптадан көп уақыт бойы мұңайып жүру), бұрын қуаныш сыйлаған істерге қызығушылықтың жоғалуы, достарымен, отбасымен араласудан қашу, ұйқы мен тәбеттің өзгеруі (тым аз немесе тым көп ұйықтау, тамаққа тәбеттің жоғалуы не артуы), өзін бағалаудың төмендеуі, мен түкке тұрмаймын, өмірдің мәні жоқ деп ойлау, солай айту Ең бірінші, ата-ана баланың өзгерістерін байқап, бейжай қалмауы керек.

Егер жасөспірім көңілсіз болса, оны бірден сынамай, алдымен тыңдап, түсінуге тырысыңыз және солай жеткізіңіз. Үйде жылы, сенімді атмосфера құру маңызды. Сонымен қатар баланың күн тәртібін реттеу — ұйқы, дұрыс тамақтану, спорт, таза ауада серуендеу оның эмоционалды жағдайына жақсы әсер етеді. Егер белгілер ұзақ уақыт сақталса немесе күшейсе, міндетті түрде психологқа немесе дәрігер маманға жүгінген жөн. Себебі уақытылы көрсетілген көмек жасөспірімнің болашағына үлкен ықпал етеді. Бала өзін тыңдайтын, түсінетін, қолдайтын ересектердің жанында екенін сезінсе, қиындықты жеңіл еңсереді. Ал ата-ана мен мұғалім табиғи жас ерекшеліктерін депрессия белгілерімен шатастырмай, дер кезінде әрекет ете алса, жасөспірім өзін қауіпсіз сезініп, салауатты тұлға болып қалыптасады.

— «Балалық травма» деген тіркесті жиі естиміз. Бұрын әке-шеше мен мұғалімнің таяғына шыдап өскен адамдар мұны мысқылмен қабылдайды. Қазіргі адамдар неге әлсіз? Сол «травма» адамның болашағына шынымен әсер етуі мүмкін бе?

— Көпшілігіміз «балалық травма» деген сөзді естігенде бұрынғы буынның «біз таяқ жеп өстік, ештеңе болған жоқ» деген сөзі ойға оралады. Шын мәнінде ештеңе болмады деу дұрыс емес. Тек ол кезде психикалық денсаулық туралы ашық айтылмады, ал ішкі жаралар сол күйі қалып қойды. Соның салдарынан ересек жастағы көптеген адамдарда ашуланшақтық, сенімсіздік, ішкі қанағатсыздық байқалады. Бұл әлсіздік емес. Бүгінгі буын эмоциясын мойындап, көмек сұрайды. Ғылым мен психологияның дамуы бізге балалық шақтағы тәжірибенің болашаққа әсер ететінін дәлелдеп берді. Балалық «травма» депрессияға, үрейге, қарым-қатынаста қиындықтарға әкелуі мүмкін. Сонымен қатар қазіргі балалардың өмір салты бұрынғыдан өзгеше. Бұрын смартфон болмағандықтан ұйқы уақыты дұрыс сақталатын. Газдалған сусын, чипсы секілді өнімдер аз болатын, сондықтан тәбет те табиғи болды. Көшеде ойнап, қимыл-қозғалысы жеткілікті болғандықтан физикалық белсенділік жоғары еді. Табиғи күн сәулесі мен достармен тірі қарым-қатынас жүйке жүйесінің төзімділігін арттыратын фактор болды. Ал қазір көп бала уақытын экран алдында өткізеді, ұйқысы бұзылады, қозғалыс аз, тамақтану сапасы да төмендеп барады. Бұл психикалық тұрақтылыққа әсер ететіні анық. Демек, бұрынғы буын «шыдады» деген сөз — шын мәнінде, ішкі жараларды байқамағаны. Ал қазіргі ұрпақ әлсіз емес, керісінше, өз денсаулығына бейжай қарамайды. Балалық «травма» шынымен де адамның болашағына әсер етеді, бірақ оны жеңуге болады. Бастысы, ата-ана баласына тек материалдық емес, эмоционалды қолдау да көрсетуі тиіс.

— Жасөспірім ұл-қызымен арадағы қиындық, суицид бойынша сізге жүгінетіндер көп пе? Көмегіңіз тиген бір-екі жағдайды бөліссеңіз.

— Мен соңғы 10 жыл бойы суицидтің алдын алу саласында жұмыс істеп келемін. Алғашқы клиенттерімнің кейбірі маған суицидтік оймен немесе талпыныстан кейін келген еді. Ал қазір олардың отбасылары бар, өмірін жалғастырып жатыр. Олармен әлі күнге дейін хабарласып тұрамын. Бұл дер кезінде көрсетілген психологиялық көмектің өмірді сақтап қалатынына дәлел.

Бұрын қоғамда суицид тек қолайсыз отбасында өскен, ата-анасы ажырасқан, сабағы нашар, тұйық балаларда болады деген көзқарас кең тараған еді. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, суицид кез келген адамда болуы мүмкін. Байдың, толық отбасынан шыққан, үлгерімі жақсы, белсенді балалар да осындай ойға баруы мүмкін. Адамның өз-өзіне қол жұмсауға дейін баруы — көзге көрінетін соңғы әрекет. Оның астында түрлі факторлар жатады: генетикалық бейімділік, балалық шақтағы травмалар, психикалық бұзылыстар (депрессия, галлюцинациялар және т. б.), әлеуметтік қысым, жалғыздық сезімі, тағы басқа.

Ауылдық жерде мәселе одан да күрделі. Себебі көбіне мектепте бір-ақ психолог болады, ол да балаға туыс немесе таныс болуы мүмкін. Мұндай жағдайда жасөспірім өзінің құпиясын ашуға қорқады. Сондықтан көптеген қиын жағдай жабулы күйінде қалады.

Өз тәжірибемде суицидтік оймен келген оқушылардың артынан өте ауыр жайттар анықталды: біреуі туысынан жыныстық зорлық көріп жүрген, бірақ ешкімге айта алмаған, біреуі көзіне елестер көріп, «біреу шақырады» деп қорыққан, бірақ мұны да жасырған. Бұл мысалдардан көрінгендей, суицидтің артында әрқашан үлкен, көп жағдайда жасырын күйдегі психологиялық ауыртпалық тұрады.

Әлі күнге дейін кей ата-ана баласын психологқа апарудан ұялады, ал кейбірі тәуіптер мен емшілерге жүгінеді. «Психологқа тек психикалық ауруы барлар барады» деген стигма, әсіресе, ауылдық жерде әлі де күшті. Ал дәл осы стигма дер кезінде көмекке жүгінуге ең үлкен кедергі.

Суицид — әлсіздіктің белгісі емес. Бұл адамның көтере алмаған ауыртпалығы. Әрқайсымыздың міндетіміз — баланы тыңдау, сенім сыйлау және қажет кезде маманға жеткізу. Қоғамда психикалық денсаулық туралы ашық сөйлей алатын орта қалыптасқанда ғана біз суицидтің алдын алуда нақты нәтижеге жете аламыз.

Бұған дейін біз қазақстандық отбасылық психолог, психотерапевт Серікгүл Сәлидің мектептегі буллинг, қысымды тоқтатудың жолдарын атаған сұхбатын бөліскенбіз. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:93
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қазан 2025 17:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ирактағы топ АҚШ пен Иран арасындағы ықтимал ұзақ соғысқа дайындалуға шақырды

27 Ақпан 2026 21:09see119

Иран жауап соққыларын бастады: Таяу Шығыста жарылыстар тіркелді

28 Ақпан 2026 19:38see116

Түркістан облысы тұрғын үй саны бойынша көш бастап тұр

27 Ақпан 2026 20:37see112

Малтон неге мәдениет үйінен қуылды?

28 Ақпан 2026 02:37see112

Халық құрметтеген құтқарушылар

28 Ақпан 2026 14:13see111

Иранда қанша Қазақстан азаматы жүр

28 Ақпан 2026 15:41see110

Алматы облысында браконьерлік пен заңсыз қару сақтау бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды

28 Ақпан 2026 17:30see110

Жаңа Конституция ережелерін талқылады

28 Ақпан 2026 03:53see108

IBF шешімі алдағы күндері жариялануы мүмкін Жәнібек Әлімханұлының менеджері

28 Ақпан 2026 14:28see107

Айдос Сарым: Азаттық дегеніміз азаматтардың құқығының қорғалуы

28 Ақпан 2026 14:28see107

Иран жауап ретінде Израильге ондаған зымыран ұшырды

28 Ақпан 2026 15:18see107

Қазақстан Ирандағы азаматтарды шекаралас мемлекеттер арқылы шығармақ

01 Наурыз 2026 09:55see107

Тірі жүргенімізді көре алмайтындар да бар екен : Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай тосын жазба жариялады (ФОТО)

28 Ақпан 2026 16:31see106

Михаил Шайдоровқа ерекше сыйлық берілді

28 Ақпан 2026 01:43see106

Қарағанды облысында жасырын есірткі зертханасының көзі жойылды

28 Ақпан 2026 14:05see105

Nvidia ның жаңа чиптері ChatGPT дің жауап беру жылдамдығын өсіреді

28 Ақпан 2026 14:34see105

Иран сақшылары корпусының басшысы мен Қорғаныс кеңесінің хатшысы қаза тапты IRNA

01 Наурыз 2026 10:48see105

Таяу Шығыста шиеленіс күшейді: Израиль әскері Иранға тағы да қосымша шабуылдар жасап жатыр

01 Наурыз 2026 11:58see104

Алматы әкімі Михаил Шайдоровқа 3 бөлмелі пәтер мен автокөлік кілтін табыстады

28 Ақпан 2026 20:45see103

Қанаты қайырылған құстар

28 Ақпан 2026 02:37see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары