Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Заң және тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

Екі финал, екі рекорд: Қазақстан жеңіл атлетикадан U20 әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады

Қазақстандықтар Құрылтай сайлауында дауыс беретін учаскесін қалай біле алады

Шанхайға рекордтық нөсер жауын жауды желіде тайфун зардаптарының кадрлары пайда болды

Әлеуметтік сауалнама Қазақстан Президентіне деген сенім деңгейінің жоғары екенін көрсетті

Ауыл партиясы: отандық ғылымды өндіріспен ұштастыру басты міндет

Ақтау тұрғыны чатта жанжалдасып қалып, бүкіл қаланы дүрліктірген кек дайындады

Жаңа салынған үйлердің бағасы өзгеріссіз қалды, бірақ Алматыдағы вторичка арзандап жатыр пәтер бағасына талдау

73 жасында арманын орындауды ұйғарды қазақстандық әйелдің ерекше хоббиі Қазнеттің назарын аударды

Татарстанда дрон шабуылынан жеті өзбекстандық қаза тапты

Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

Болашақ ойындары : аргентиндік фиджитал футбол командасы жеңімпаз атанды

Әміре Қашаубаев Париж баспасөзінде: 1925 жылғы үш француз басылымының түпнұсқа деректері

Баспана берекелі отбасының басты тірегі

Түрік лоукостері Қазақстаннан екі жаңа бағыт қосты, бірақ маңызды мәселе бар

Алматыда қарбызды қалай сату керек полиция жаңа сауда ережелерін түсіндірді

Парапауэрлифтингтен әлем чемпионы Гузал Ергешева Ұлыбританияда қайтыс болды

Астанадағы бір мектептің 65 түлегінің барлығы грант иегері атанды

Су добының үздіктері

Тізімді заңсыз жылжытқан : Отбасы банк қызметкерлерді жұмыстан шығарды

Балқаштың берекесіне айналған фестиваль

Балқаштың берекесіне айналған фестиваль

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бұл жолғы фестиваль «бұрын­ғыдан өзгерек». Себебі фестиваль алғаш рет рес­публикалық мә­дени-туристік іс-ша­ралар күн­тіз­­бесіне енгізілді. Фести­валь­дың шымылдығы спорттық сайыс­тармен түрілді. Жағажайда ұйым­дас­тырылған Color Run марафоны, мас-рестлинг, волейбол, қазақ күресі сайыстары жаға­лауды нағыз тартыс алаңына айнал­дырды. Іс-шараның алғашқы күні Қара­ғанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Ақшағылға арнайы келіп, фестивальдың ашылу салтанатымен құттықтады.

– Балқаш – еліміздің турис­тік кар­тасындағы маңызды нысан­дардың бірі. Сондықтан жағалауды дамыту, турис­терге қолайлы жағдай жасау, қызмет сапасын арттыру жұмысы жүйелі түрде жалғасады, – деді өңір басшысы.

Балқаш қаласының әкімі Сапар Сатаев думанның қала үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы зор екенін атап өтті.

– Бұл – көл жағалауының бұрын игерілмеген бөлігі. Кейінгі төрт жыл ішінде фестивальдың ықпалымен мұнда алты жаңа демалыс орны салынды. Сауда орындарының санын өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға арттырдық. Аумақты абаттандыруға арнайы қара­жат бөлініп, жаяу жүргіншілер жолы салынып, жарық шамдары орнатылды, – деді қала басшысы.

Мемлекет инвесторлар үшін ең шығынды саналатын инженерлік инфрақұрылымды (су, жарық, жол) жүргізу міндетін өз мойнына алған.

– Фестивальдың оң ықпалының арқа­сында өңірге инвесторлар тартылып, биз­нестің қызығушылығы артты. Қысқа уақытта мұнда заманауи үш ірі демалыс орталығы бой көтерді. Осы тәсіл аясында Балқаш жағалауындағы турис­тік аймаққа 14 га, Қарқаралы өңіріндегі Бұғылы маңына 75 га жер бөлініп, желі­лер жүргізіліп жатыр. Салаға тар­тыл­ған инвестиция көлемі 30 млрд теңге­ге жетті, – дейді облыстық туризм басқармасының басшысы Ирина Любарская.

Ирина Любарскаяның айтуынша, Приозерск пен Бектауата бағыттарына туристік маршрут ашылған. Ерекше әсер алғысы келетіндер үшін күн сайын сағат 18:00-де басталып, Сарыарқаның күн батар сәтін тамашалауға мүмкіндік беретін «Тораңғы тоғайы» бағытына экскурсия ұйымдастырылады.

Биыл – Халықаралық ерікті­лер жылы. Осыған орай, фестиваль аясында 17 елден (Түр­кия, Үндістан, Әзербайжан, Қыр­ғызстан, Өзбекстан, т.б.) келген деле­гаттардың қатысуымен Халық­аралық еріктілер форумы өтті.

Форум үйлестірушісі Аслан Қабегенов экологиялық бағытқа ерекше назар аударылғанын айтты:

– «Мөлдір бұлақ» респуб­ликалық акциясы аясында еріктілер Бал­қаш көлінің жағалауына тазалау жұмысын жүргізді. Біз БҰҰ бекіткен тұрақты даму мақсаттарын жастарға интерактивті ойындар арқылы насихаттап жатырмыз, – деді ол.

Қырғызстаннан келген делегация жетекшісі Нұрдәулет Намазбек фес­тивальдың жоғары деңгейде өткенін, түрлі елдердің жастары арасында мә­дени байланыс орнатуға тамаша мүмкіндік бергенін айтып, ризашы­лығын білдірді. Форум соңында Жастар саясаты басқармасының басшысы Айсұлу Ерниязова шетелдік қонақтарға арнайы естелік сый­лықтар тапсырды.

Фестиваль аясында тек тазалық емес, ғылыми экология да көрініс тапты. Ерсұлтан Амантай үйлестіріп жүрген «Balkhash STEAM Serpini» жобасы аясында мектеп оқушылары өздерінің инновациялық эко-жобаларын таныстырды. Бұл ғылыми идеяларды іске асыруға 64 млн теңгеден астам қаражат бөлінген.

Фестивальдың екінші күні Қазақстан рекордтар кітабына енген үлкен оқиға­мен есте қалды. Жергілікті кәсіпкерлер салма­ғы 86 келі 400 грамм болатын алып қазы бургерін әзірледі. Рекордты тірке­ген Бақытжан Тастүлеков бұл тағам­ның диаметрі 88 см, биіктігі 39 см болып, былтырғы Шымкент рекордын жаңартқанын ресми мәлімдеді. «Baurdaq» желісінің жергілікті директоры Аян Нұрбеков бұл нәтижеге екі ай дайындалғандарын, алып тағамды толықтай бір бүтін нан күйінде пісіру оңай болмағанын айтып, бургердің қайырымдылыққа таратылатынын жеткізді.

Сонымен қатар батпырауықтар шоуы жағалауды нағыз ашық аспан астын­дағы көрмеге айналдырды. Белгілі стронгмен Сергей Цыруль­ников темір шынжырларды үзіп, күштік әдістер көрсетті. Сахнаға көрермендерді шақырып, күш сынасу сайысын өткізді. Нәтижесінде, силомерде 79 келі көрсеткішін бағындырған пауэрлифтингші, колледж студенті Константин Егоров жеңімпаз атанды.

Қонақтардың көңілін көтерген тағы бір қызықты сайыс – донер жеу жарысы болды. Мұнда №17 мектептің 8-сынып оқушысы Ислам Тілеужан алып донерді небәрі 2 минутта жеп, бас жүлдені алса, Қостанай облысы­нан келген қонақ Асхат Жалғас 3 ми­нут­тық нәтижемен екінші орынды иелен­ді. Асхат Балқаштың жаңарған инфра­құрылымы мен халқының қонақ­жайлығына тәнті болғанын жеткізді.

Думанды іс-шара кешкісін де толастамады. Күн бата еліміздің танымал эстрада жұлдыздары Мирас Жүгінісов, Ayau, Do-Mi-No, Нұрлан мен Мұрат ән шырқады. Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев сахнаға көтеріліп, спорттық сайыстардың үздіктерін марапаттады.

Мерекенің шарықтау ше­гі Балқаш аспанына бір мезетте көтерілген 500 дрон­ның сиқырлы шоуы болды. Заманауи технологияның көмегімен көк жүзінде ұлттық өрнектер мен Бал­қаш көлінің бейнесі салынып, түн қойнауы мерекелік отшашумен көмкерілді.

Осындай ауқымды іс-шараның ешқан­дай оқыс оқиғасыз өтуі ті­ке­лей тәртіп сақшылары мен ұйым­дастыру­шы­лардың еңбегі. Қала әкімдігі тұрғындар үшін таңғы 10:00-ден түнгі 23:00-ге дейін тегін автобус­тар ұйымдастырды. Облыстық полиция департаменті басшысының  орынбасары Жасқайрат Қайыров қауіпсіздік шараларына қатаң назар аударғандарын айта келіп:
– Фес­­тиваль кезінде 300-ден астам полиция қызметкері күшейтілген ре­жімде жұмыс істеді. Табиғатты қорғау полициясы моторлы қайықтармен көл акваториясын патрульдеп, қауіпсіздік талаптарын қатаң бақылауда ұстады. Жүйелі жұмыстың арқасында ешқан­дай оқыс оқиға тіркелген жоқ, – деді.

Ауқымды фестивальдың негізгі мұраты біреу – Көкше көлдің жағасына келетін туристер санын еселей беру. Фестивальға келген қонақтардың саны жыл сайын екі есеге артып отыр. Олай болса, жазғы демалысты ғажайып өткізу үшін Балқашты бетке алыңыз, қадірменді турист.

Қарағанды облысы,

Балқаш қаласы

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:70
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Маусым 2026 09:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Заң және тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

10 Тамыз 2026 09:13see111

Екі финал, екі рекорд: Қазақстан жеңіл атлетикадан U20 әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады

10 Тамыз 2026 17:14see111

Қазақстандықтар Құрылтай сайлауында дауыс беретін учаскесін қалай біле алады

10 Тамыз 2026 14:47see110

Шанхайға рекордтық нөсер жауын жауды желіде тайфун зардаптарының кадрлары пайда болды

10 Тамыз 2026 15:41see110

Әлеуметтік сауалнама Қазақстан Президентіне деген сенім деңгейінің жоғары екенін көрсетті

10 Тамыз 2026 14:07see109

Ауыл партиясы: отандық ғылымды өндіріспен ұштастыру басты міндет

11 Тамыз 2026 01:54see109

Ақтау тұрғыны чатта жанжалдасып қалып, бүкіл қаланы дүрліктірген кек дайындады

10 Тамыз 2026 11:35see109

Жаңа салынған үйлердің бағасы өзгеріссіз қалды, бірақ Алматыдағы вторичка арзандап жатыр пәтер бағасына талдау

10 Тамыз 2026 17:07see108

73 жасында арманын орындауды ұйғарды қазақстандық әйелдің ерекше хоббиі Қазнеттің назарын аударды

10 Тамыз 2026 18:14see108

Татарстанда дрон шабуылынан жеті өзбекстандық қаза тапты

11 Тамыз 2026 02:38see107

Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

09 Тамыз 2026 19:11see106

Болашақ ойындары : аргентиндік фиджитал футбол командасы жеңімпаз атанды

09 Тамыз 2026 20:59see105

Әміре Қашаубаев Париж баспасөзінде: 1925 жылғы үш француз басылымының түпнұсқа деректері

10 Тамыз 2026 08:09see105

Баспана берекелі отбасының басты тірегі

11 Тамыз 2026 04:13see104

Түрік лоукостері Қазақстаннан екі жаңа бағыт қосты, бірақ маңызды мәселе бар

10 Тамыз 2026 17:44see104

Алматыда қарбызды қалай сату керек полиция жаңа сауда ережелерін түсіндірді

10 Тамыз 2026 14:24see103

Парапауэрлифтингтен әлем чемпионы Гузал Ергешева Ұлыбританияда қайтыс болды

10 Тамыз 2026 15:26see103

Астанадағы бір мектептің 65 түлегінің барлығы грант иегері атанды

09 Тамыз 2026 17:48see102

Су добының үздіктері

11 Тамыз 2026 03:57see102

Тізімді заңсыз жылжытқан : Отбасы банк қызметкерлерді жұмыстан шығарды

10 Тамыз 2026 15:08see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары