Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Сауда серіктестігіне серпін

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Балық шаруашылығының әлеуеті арта түсті

Балық шаруашылығының әлеуеті арта түсті

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Балық шаруашылығы кешенінің жетістіктері және оны одан әрі дамы­тудың басым бағыттары» атты баспасөз мәслихатында 2021 жылғы сәуірде Үкіметтің 2030 жылға дейінгі балық шаруашылығын дамыту бағдар­ла­масын қабылдағанын хабарлады. Бағдар­ламаның басым бағыттарының бірі – табиғи су айдындарының ресурстарына түсетін жүктемені азайту, олардың тұрақты молығуын қамтамасыз ету мақсатында акваөсіру субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту.

Бағдарламаға сәйкес, 2030 жылға дейін балық өсіру көлемін жылына 7 мың тоннадан 270 мың тоннаға дейін, балық өнімдерін ішкі тұтыну көлемін 67 мың тоннадан 134 мың тоннаға дейін ұлғайту, сондай-ақ табиғи балық қорының көлемін 7% арттырып, 237 мың тоннаға жеткізу негізгі нысаналы индикаторлар ретінде айқындалған.

Жалпы, былтыр балық өнімдері нарығының көлемі 106,5 мың тоннаны құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 13%-ға артты. Балық аулау көлемі 49,6 мың тоннаны, өсірілген балық көлемі 22,9 мың тоннаны, экспорт көлемі 21 мың тоннаны, ал импорт көлемі 55  мың тоннаны құрады. Нәтижесінде, жан басына шаққандағы балық тұтыну көлемі 4 кг-нан 7 кг-ға дейін артты. Ұсынылатын тұтыну деңгейі – 11 кг.

Серік Сермағамбетов балық шаруа­шылығы саласындағы негізгі бағыттардың бірі өнеркәсіптік балық аулау екенін атап өтті. Өнеркәсіптік балық аулау негізінен Атырау, Қызылорда, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында жүзеге асырылады. Қазір балық аулау­мен 537 балық шаруашылығы субъектісі айналысады. Бұл салада 12 мыңнан астам маман еңбек етеді.

Балық өнімдерін өңдеумен жалпы жобалық қуаты жылына 126 мың тоннаны құрайтын 73 кәсіпорын айналысады. Оның ішінде 20 кәсіпорын Еуропалық Одақ елдеріне балық өнімдерін экспорттауға рұқсат алған. Бүгінде балық өнімдерінің 50 түрі әлемнің 21 еліне (Германия, Латвия, Литва, Нидерланд, Ресей, Қытай) экспортталады.

Былтыр балық өнімдерін өңдеу көлемі 37 мың тоннаны құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 24% артты.

Өңделген өнім көлемін ұлғайту мақсатында мемлекет тарапынан балық өнімдерін өңдеумен айналысатын субъектілер үшін қосылған құн салығы (ҚҚС) 70%-ға төмендетіліп, сондай-ақ айналым қаражатын толықтыруға жылдық 5%-бен жеңілдетілген несие беру көзделген.

«Былтыр «E-fish» ақпараттық жүйесі толыққанды пайдалануға берілді. Ол рұқсат беру құжаттарын рәсімдеуге қатысатын мемлекеттік органдардың («Е-лицензиялау», «Кеден» (Астана-1), ЕРАП, ЕРСОП) ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған әрі заңсыз шыққан балық өнімдерінің айналымына жол бермеуге бағытталған. Бүгінде жүйеде балық шаруашылығы мен акваөсіру саласындағы 1 221 субъект тіркелген, бұл субъектілердің жалпы санының 100%-ын құрайды. Өз кезегінде ЕАСУ мен «E-fish» жүйелерінің интеграциясы балық аулау квотасы мен өсірілген балық көлемі белгіленген мөлшерден асқан жағдайда ветеринариялық құжаттарды беруді бұғаттауға мүмкіндік берді. Ақпараттық жүйені енгізудің нәтижесінде балық өнімдерінің көлеңкелі айналымы шамамен 2 мың тоннаға қысқарды», деді Серік Сермағамбетов.

Балық шаруашылығын цифрландыру аясында «Акваөсіру» модулі іске қосылып, саланы толық мониторингтеу мүмкіндігі кеңеймек. Мемлекеттік қолдау нәтижесінде 2021 жылдан бері субсидия көлемі 11,5 есеге өсіп, 5,3 млрд теңгеге жетті, ал балық өсіру шаруашылықтарының саны екі есеге артып, 684-ке жеткен. Осы кезеңде құны 24,1 млрд теңге болатын 95 жоба іске асырылса, 2028 жылға дейін инвестиция көлемі 60 млрд теңгені құрайтын тағы 41 ірі жоба жүзеге асырылады. Сонымен қатар Каспийдегі килька аулау лимиті 8 мың тоннадан 42,1 мың тоннаға дейін ұлғайтылып, «Акваөсіру туралы» заң аясында салаға жеңілдетілген несие мен субсидиялау тетіктері енгізілді.

«Қабылданып жатқан кешенді шаралардың нәтижесінде 2028 жылға қарай балық өсіру көлемі 2,5 есеге артып, қосымша 820 жұмыс орны ашылады, ал жан басына шаққандағы балық тұтыну көлемі 4 кг-нан 9 кг-ға дейін ұлғаяды деп үміттенеміз. Балық инспекцияларының материалдық-техникалық базасын нығайту, штат санын ұлғайту 2030 жылға қарай табиғи балық ресурстарының қорын 240 мың тонна деңгейінде сақтауға мүмкіндік береді. Ал саланы цифрландыру балық өнімдерінің көлеңкелі айналымын қысқартуға ықпал етеді. 2029 жылға қарай өнеркәсіптік балық аулау көлемі 100 мың тоннаға дейін ұлғаяды», деді комитет төрағасы.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:139
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Шілде 2026 10:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see139

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see131

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see129

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see128

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see127
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары