Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Банк алаяқтардың кесірінен ақшаңызды бұғаттаса: оны қалай қайтаруға болады?

Банк алаяқтардың кесірінен ақшаңызды бұғаттаса: оны қалай қайтаруға болады?

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Ұлттық банк казақстандықтар транзакция кезінде алаяқтық күдігіне байланысты бұғатталған ақшаны қалай қайтара алатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банк казақстандықтар транзакция кезінде алаяқтық күдігіне байланысты бұғатталған ақшаны қалай қайтара алатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мән-жайы

Былтыр Қазақстанда ұлттық антифрод-орталығының қызметін кеңейтіп, алаяқтық әрекеттерден зардап шеккендерге ақшаны қайтаруды жеңілдететін заңнамалық түзетулер әзірленді.

Ұлттық банктің Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында бұғатталған ақшаны қайтару рәсімін жеңілдететін түзетулер қаржы нарығын дамыту, қаржылық қызметтер тұтынушыларының құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық реттеуді алып тастау мәселелері бойынша заң аясында қабылданғаны айтылған. Олар 2025 жылғы 31 тамызда күшіне енді.

Ақшаны қайтару үшін не істеу керек?

Егер транзакция кезінде үшінші тұлғалардың күмәнді әрекеттеріне байланысты сіздің ақшаңыз бұғатталса, құқық қорғау органдарына жүгіну қажет. Олар банкке транзакцияны алаяқтық деп тану және бұғатталған соманы клиентке қайтару қажеттілігі туралы хабарлама жіберуі тиіс. Тиісті хабарламаны жіберуге прокуратура санкция береді.

"Осылайша, ақшаны қайтаруға прокурор санкциялаған қылмыстық қудалау органының хабарламасы негіз болады. Сондықтан алаяқтықтан зардап шеккендер құқық қорғау органдарына жүгінуі керек", - деп нақтылады Ұлттық банк.

Ұлттық банктің антифрод-орталығында платформа іске қосылған 2024 жылғы 22 шілдеден кейін жасалған алаяқтық белгілері бар транзакциялар тіркеледі. Яғни, осы кезеңде зардап шеккендердің барлығы ақшасын қайтарып алуға тырысып көрсе болады.

Анықтама: Ұлттық банктің антифрод-орталығы - қаржылық алаяқтықпен нақты уақыт режимінде күресу үшін іске қосылған бірыңғай технологиялық платформа. Оның басты мақсаты - қаржы нарығының барлық қатысушысы арасында жедел дерек алмасуды қамтамасыз етіп, ұрланған ақшаны қылмыскерлер қолма-қол ақшаға айналдырып үлгермей тұрып тоқтату.

Ақша қаншалықты тез қайтарылады?

Ұлттық банк мәліметінше, бенефициар банкі транзакцияны алаяқтық деп тану туралы қылмыстық қудалау органының хабарламасын алғаннан кейін келесі операциялық күннен кешіктірмей ақшаны қайтарады. Өтініш берушіге тек бұғатталған сома шегіндегі ақша қайтарылады. Қайтару төлем ордері және төлем тапсырмасы арқылы рәсімделеді.

"Егер бұғаттау кезінде алушылардың шотында ақша болмаса, келтірілген шығын сот тәртібімен қайтарылады", - деп қосты Ұлттық банк.

Егер қаржы ұйымдары алаяқтық белгілері бар транзакциялар аясында бұғатталған ақшаны қайтару бойынша заң талаптарын орындамаса, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі оларға қадағалау шараларын қолдануға құқылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:104
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Наурыз 2026 09:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары