Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Банктер өзгерісті бастан өткереді

Банктер өзгерісті бастан өткереді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Сала ойыншыларының қателігі үшін мемлекет жауап бермейді, бұрынғыдай оны құтқаруға «Самұрық-Қазына» қоры мен Ұлттық қор ақшасын шашуға жол берілмейді. Тек шетін жағдайда бюджеттен қарыз бөлінуі мүмкін. Банктерге салықты жаңаша төлеуге тура келеді. Осылайша, Үкімет салада үлкен реформа бастады. Жаңа өзгерістер қандай ескі кемшіліктерді түзетуге бағытталған және қандай жаңалықтар әкелмек?

Жетілік банкирлерге сәттілік әкелді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл сала жоғары дә­режеде «олигополияланған» күй­­де қалғанын жасырмады. 2025 жыл­ғы қазандағы жағдай бойын­ша, Қазақстанның банк секторы мем­­лекеттік «Қазпоштаны» (ауыл­­­да банк қызметтерін көр­се­те­ді), Қазақстан Даму Банкін жә­не Отбасы банкін қоса алғанда, бар-жоғы 23 екінші деңгейдегі банк­тен тұрады. Ал айналдырған 3,7 млн халқы бар Моңғолияда 17 ком­мерциялық банк жұмыс іс­тейді. 

Қазақстандағы коммерциялық 20 банктің ішінде 15-і шетелдік ка­питалдың қатысумен құрылған, оның 10-ы – шетелдік банктің рес­публикамыздағы еншілес ұйы­мы. Әйткенмен, қаржылық рет­теу­шінің ресми дерегінше, осы 20 банк­тің 9-ы ғана ірі. Соның бар-жо­ғы 3-еуі «жүйелік маңызы бар банк­тердің тізіміне» кірген. 

Банктер күн сайын баю үс­тін­де. Өзге бизнесті қызықтыратын әрі қызғантатын статистика бар: банк­тер орта есеппен 1 күнде 7 млрд 777 млн 777 мың теңгеден тап-таза табыс тауып отыр. Бұл сан қайдан шықты? Қаржы на­ры­ғын реттеу агенттігінің мә­лі­ме­тін­ше, 2025 жылғы қаңтар-қыр­күйек­те, 9 айда банктердің таза пай­дасы 2,1 трлн теңгені құрады. Бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10,6%-ға артық. 

Тағы бір тамсантатыны сол, өзге салалардағы бизнес рента­бель­ділік бойынша орта есеппен 4-10 пайызды қанағат тұтса, тіпті со­ған қуанса, ал биылғы 1 қазан­да­ғы жағдай бойынша, банктер ка­питалының рентабельділігі (ROE) – 29,9% болды. Осы жылғы 1 қыркүйекте тіпті 30,8%-ға жет­кен еді. 

Банкирлер Үкіметтен де ау­қат­ты: 2025 жылғы 1 қазанда банк сек­торының активтері 67 трил­лион теңгеден асып жығылды. 2025 жылдың басынан 8,9% ұлғай­ған. Салыстырар болсақ, Қазақ­стан­ның бүкіл мемлекеттік бюд­же­ті бұдан екі еседей аз – 27 трлн теңге.

Бұл ретте Қазақстанда банк­тер­ге салық салудың жаңа ереже­ле­рі бекітілді. Мемлекеттік кіріс­тер комитетінің хабарлауынша, бұл нормалар жаңа Салық ко­дек­сімен бірге 2026 жылғы 1 қаң­тар­дан бастап күшіне енеді. 

– Құжатқа сәйкес, банктерге ен­ді сараланған-дифференциалды ставка бойынша салық салынатын болады. Атап айтқанда, егер банк тек бизнесті несиелендірумен ай­на­лысатын болса – 20%, басқа қыз­мет­термен қоса айналысса 25% мөлшерлемесімен салық тө­леу­ге тиіс, – деді МКК мамандары. 

Түсіндіруінше, жаңа қағидалар ая­сында сондай-ақ қаржылық құ­ры­лымдар шығыстарының бір бө­лігін шегерімге жатқызып, са­лы­ғын азайта алады. Бұл үшін олар шегерім пайдаланылатын шы­ғыстарын бөлу әдісінің бірін өз бетінше таңдауы қажет. Нақ­ты­лағанда, банктер пропорционалды әдісті, шығыстарын тікелей және жалпы деп жіктеу әдісін қолдана алады. 

Қор орнына – уақытша тетік

Сонымен бірге, реформа ая­сындағы ең ірі өзгеріс – банк­роттық жағдайға жеткен банк­терді құтқаруға қатысты бол­мақ. Бұрын банк секторы до­ми­но­дай жайрап қалмауы үшін Үкімет ор­таша банктерге де мемлекет есе­бінен қолұшын созуға ұм­ты­ла­тын. 2026 жылы қолданысқа ен­гі­зілу­ге тиіс жаңа тетік бойынша мем­лекеттің қаржылай көмегі жүйе құраушы банктерге ғана ұсы­нылады. 

Қаржы нарығын реттеу және да­мыту агенттігінің төрағасы Мә­ди­на Әбілқасымованың түсін­діруін­ше, банктерді құтқару үшін ар­найы қор құрылмайтын болды, оның орнына нақты бір банк құр­дымға құлағанда ғана іске қо­сы­латын арнайы тетік заңдастыры­ла­ды. Тек сонда ғана барлық бан­к­тен ақша жинау басталады. Бірақ қап­таған ұсақ банктің қорға құй­ғаны алпауыт біреуінің жұмырына жұқ болмасы анық. Сондықтан оның айтуынша, бұл тетік тиімді болуы үшін жарналардың мөлшері банк­тің қызмет ауқымына бай­ла­ныс­ты болуы керек. 

Ол өткеннің тағы бір қателігіне на­зар аударды: құрылтайшылары, топ-менеджменті сығып сөлін алып, активін оңды-солды ша­шып, ақыры жетекші банкті тө­ле­мі қабілетсіз жағдайға жеткізеді де, мемлекеттен көмек сұрайды. Дәу құласа, айналасын қиратып, жер­ді сілкінтері сөзсіз. Бүкіл сала күй­ремеуі үшін Үкімет амалсыз де­меуқаржы бөледі, жағдайын жақ­сартып береді. Осыдан кейін банк қожайындары ештеңе де бол­мағандай, банкті ары қарай біл­генінше пайдалана береді. Мә­дина Әбілқасымова бұл тәжірибе де тарих қойнауына кетеді деп сен­діріп отыр.  

– Бұрынғы тетік-тәжірибенің бас­ты бір олқылығы неде? Банк­тер­дің проблемалы активтерін мем­лекет үлкен жеңілдік-диско­нт­пен емес, атаулы құнымен сатып алған, жеңілдікті мөлшерлемелер бойынша субординациялық обли­гациялар ұсынылған. Мұның бәрі жойылады, енді болмайды. Біз одан бас тарттық. Мұның сыртын­да банктің акционерлері, бір жа­ғынан, мемлекеттен қаржылай қол­дау алып, оны қайтармай қоя­тын, екінші жағынан, олар банкке ары қарай да иелік етуін жалғас­ты­ра беретін. Бұл тетіктен де құ­тыл­­дық. Жаңа тетік бойынша Ұлт­тық банк тек қана өтімділікті қол­дау шараларын ұсына алады, бұл мемлекеттік қолдауды бюд­жет­ке қайтару міндетті болады, – деді агенттік төрағасы.  

Қайтармаса ше? Онда банк ал­дымен жаңа инвесторға мәж­бүр­леп сатылады, сатып алушы та­былмаса, бүкіл мүлкі аукционға шы­ғарылады. Тағы бір жаңашыл­дық бар: егер банкрот болған банк­ті жаңа инвестор сатып алса, алайда сатудан түскен қаражат мем­лекеттік қолдауды өтеуге жет­песе, екі ортадағы айырманы банк сек­торы өтеуге тиіс. Осы мақсатта на­рықта қалған әрбір банктен тиіс­ті жарна жинау тетігі іске қо­сы­лады. 

– Банк секторындағы әрбір банк­тен жиналатын жарна сомасы банктің көлеміне байланысты бо­лады. Ұсақ банктерден – аз, ор­та­ша­дан – орташа, ірілерінен ірі со­ма талап етіледі. Қаражат жинау үшін арнайы қор құрудың қажеті болмайды. Біздің ұсынуымызша, бұл Қаржы министрлігінің қазы­на­шылық шоты арқылы жүзеге асырылады. Егер күйреген банкті жаңа инвесторға өткізу нәти­же­сінде мемлекет оған салған ақша­сын қайтара алмаса, қалған сома банк­тер арасында бөліске салы­на­ды, олар өзіне бекітілген соманы бел­­гілі бір уақыт үдерінде Қазы­на­­­­­шылықтағы шотқа жарна ре­тін­де енгізуге міндеттеледі. Бұл тетік­ті біз «постфактум-алым» (сбор пост­фактум) деп атадық, – деді Қаржы нарығын реттеу агентті­гі­нің төрағасы.   

Ұқсас тәжірибе өзге елдерде бар екені алға тартылды. Осы орай­да қаржыгерлер дағ­да­ры­с­тың туындауын, қандай да бір банк­тің жайрап қалуын күтіп отыр­май, Қазынашылық қорына қа­зірден қаржы жинай бастауды ұсынды. Оның мысалы өз елімізде бар: Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры банктерден бү­гінде қаражат жинайды. Соның есебінен ертең қандай да бір банк жабылса, ондағы жеке тұлғалар­дың 20 миллион теңгеге дейінгі жинағын қор қайтарып береді. 

Алайда бұл ұсынысқа банкир­лер өре қарсы шыққан. «Әрине, өзге елдерде банктерден жарнаны кү­ні бұрын, алдын ала жинайды. Де­сек те, ондай тетік банк секто­ры­на қымбатқа түседі. Біз де са­рап­шылық қауымдастыққа алдын ала алым тетігі жарамайтынын түсіндірдік. Банктерден бүгіннен жарна енгізе бастауды талап етсек, онда банктердің үлкен капиталы ай­налымнан босқа алып қойы­ла­ды, келесі дағдарыс басталғанға дейін Қазынашылықтың есебінде текке жатады», – деді Мәдина Әбіл­қасымова. 

Қырсыз қожайын қуылады

Қалай болғанда, сарапшылар жалпы алғанда жаңа реформаны қолдайды және дер кезінде қолға алы­нып жатыр деп санайды. Өйт­кені әлемді тұрақсыздық жайлай бас­тады, біраз алпауыт ел эконо­ми­касының өсу орнына, кері кет­кені байқалады. 

– Алмағайып заман келе жат­қа­ны жасырын емес. Осы кезде мем­лекеттің банктерді бюджеттен ақ­ша құю арқылы жаппай құт­қа­ра­тын кесірлі тәжірибеден ау­лақ­тағаны дұрыс. Банктердің проб­лемасы үшін мемлекет жауапты бол­мағаны маңызды. Ең алдымен, мұ­ның жауапкершілігін ірі, ма­жо­ритарлы акционерлері, креди­тор­лары арқалағаны абзал. Әйтпесе, жағ­дайы қиындаса, Үкімет кө­мек­те­седі деп ауыз ашып отыруға бан­кирлер жаман үйреніп алды, – де­ді экономист Бауыржан Шор­­манов.

Сарапшы қазір пайыздық сыйақысы тым жоғары­ла­тыл­ған кредитті банктердің жап­пай үлестіріп жатқанына алаң­да­ды. Банктер бизнес субъектілеріне жыл басынан бері 14,7 трлн теңге не­сие берген. 2025 жылғы қыр­күйек­­тің қорытындысы бойынша, банктердің бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берген кредиттері бойынша сыйақының орташа став­касы рекордтық 21,6%-ды құ­ра­ған. Және бір ғана айда 0,1 пайыз­дық тармаққа тағы ұлғайды. Мұндай удай қымбат несиені кә­сіпорындардың көбі қайтара ал­май қалуы мүмкін. Себебі келесі жы­лы жаңа Салық кодексі бизнес­ке салықтық ауыртпалықты арт­тыра­ды, біраз субъект жабылып қал­мақ. Қарыз қайтарылмаса, банк­­тің жағдайы да нашар­лай­тыны даусыз. 

Жоғарыда «жүйелік маңызы бар» банктер үшін ғана мемле­кет­тік қолдау болатыны айтылды. Қар­­жылық реттеушінің мәлім­де­уін­­ше, жүйе құраушы банкті рет­­теу кезінде бірінші кезекте ак­ционерлік ка­питал есептен шы­ғарылады. Яғни, қаржылық ұйым­ды ауыр жағдайға жеткізген топ-менеджерлер қуы­лады, ак­цио­нер­лері қожайын болу­дан қалады – банкке иелік ету құқығымен толығымен жоғал­та­ды. 

Содан соң аталған тетік шең­берінде кредиторлардың барлық міндеттемесі есептен шығары­ла­ды. Тиісінше, банкрот банк оларға бо­рышты болмайды, қарыз қамы­ты­нан құтылады. Егер осы шара­лар да қаржылық орнықтылығын қал­пына келтіруге жеткіліксіз бол­са, тек сонда мемлекеттің банк ка­питалына кіруі мәселесі қара­лады.

Бұған қатысты ақырғы ше­шім­ді мемлекеттік Қаржылық тұ­рақ­тылық жөніндегі кеңес қа­был­дайды. Кеңес өз жиынында бұл банкті бюджеттен демемей, жауып тастаса, бұдан Қазақ­стан­ның қаржылық тұрақтылығына қандай әсері болатынын, сондай-ақ күйіп кетуі мүмкін халық пен биз­нес жинақтарының көлемін ба­ғамдайды.  

Мемлекеттің банкке қатысуы уақытша, өтеулі және көлемі бойын­ша шектеулі болады. Банк ак­ционерлері мен басшылығын ауыс­тыру, оларға дивидендтер мен бонустар төлеуге тыйым салу, тәуе­келді операцияларды шектеу жә­не қаржылық қалпына келтіру жос­парын іске асыру сияқты ша­ралар қабылдануға тиіс. Қар­жы­лық орнықтылығы қалпына кел­геннен кейін банк жаңа ин­вес­торға сатылады, ал салынған мемлекеттік қаражат бюджетке қайтарылады. Жаңа реформа мен тың тетіктер қар­жы секторын сауықтыруға бас­тай ма, жоқ па, оны уақыт пен ке­­­­лесі дағдарыс көрсетпек.

Елдос СЕНБАЙ

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:101
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қараша 2025 09:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see159

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see152

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see144

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see143

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see141

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see140

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see137

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see122

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see121

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see119

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see119

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see118

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see117

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see116

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see113

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see112

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see110

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see109

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see108

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары