Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Бақыт құшағында Парижде Үздік дебют атанды

Бақыт құшағында Парижде Үздік дебют атанды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

29 қазан мен 2 қараша аралығында  Франциядағы жетінші рет өтіп отырған  Festival du Film Kazakh қазақ киносы фестивалінде «Үздік дебют» аталымын жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Фильмнің Франциядағы таныстырылымы аталған фестивальдің жабылу салтанатында өтті. Фестиваль киногерлер, киносыншылар, эксперттер мен халықаралық киносүйер қоғамның басын қосты. Көрермен қатарында Париж қаласындағы қонақтар мен жерлестеріміз де көп болғанын айта кету керек. Көрермендер тарапынан джубокс мюзиклге ерекше баға берілді. Осылайша, рухани құндылықтар мен маңызды тақырыптарды көтерген картина халықаралық жүлдеге ие болды.

Айта кететін тағы бір ақпарат, қазақ киносы тарихындағы тұңғыш джубокс мюзикл фильм «Бақыт құшағында» Нью Йоркте тұрып жатқан отандастарымыздың назарына ұсынылды. Әлем елдерінде Unknowntalks шарасын ұйымдастыратын Диас Камерединов пен Әйгерім Ализакова мерекеге орай осы кинотуындыны көрерменге ұсынған. Фильмді тамашалаған көрерменнің мюзиклдегі Шәмші Қалдаяқовтың әндерін қосыла шырқап, сюжеттегі оқиғаларға бір жылап, бір күліп әсерленгенін байқауға болады. 

«Бақыт құшағында» фильмі  2025 жылдың 23 қазанында қазақтың ұлы композиторы Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығы аясында үлкен экрандарға жол тартқан еді. Қазір прокатта.  Кинотуындыны тамашалаған көрерменнің әлеуметтік желідегі кері байланысынан  фильмдегі композитор әндерін қосыла шырқау, көз жасқа ерік беру, күлу мен көңілді билеу сәттерін байқауға болады. Картина сюжетінде көтерілетін өзекті тақырыптар да көрерменге өз әсерін бергенін байқау қиын емес.  Фильмде  қоғам үшін маңызды тақырыптар көтеріліп, отбасы институты үшін мәні зор мәселе ашылады, анаға құрмет, ер азаматтың міндеттері мен адал жауапкершілік  тақырыптары да терең тарқатылады.

«Бақыт құшағында» джубокс мюзикл фильмі толықтай Шәмші Қалдаяқовтың әндері негізінде түсірілген. Композитор туындыларының ұрпақтар сабақтастығындағы рөлі ерекше.

Фильм үшін арнайы Ш.Қалдаяқовтың 12 әні симфониялық оркестр сүйемелімен жазылып, саундтрек ретінде ұсынылады. Фильмнің шығармашылық тобына композитордың ұлы Мұхтар Қалдаяқов пен келіні Ботагөз Қалдаяқова да қолдау көрсетуде. Фильм түсірілімдері үшін арнайы Голливудтың әйгілі кинотуындыларын түсірген инновациялық кинокамера алдырылды.

Режиссер С.Шапашовтың мәліметінше, фильм бір айдың ішінде толығымен қазақ тілінде елорданың көркем жерлерінде түсірілген. «Бақыт құшағында» jukebox мюзиклі үшін бір түсірілім алаңына 230  актер билейтін ең үлкен массалық эпизодтар бар. Сонымен қатар фильмде 80 адам бірден қатысқан массалық көріністер де түсірілген болатын. Арнайы хореограф фильмдегі билерді бір ай көлемінде арнайы қойып, дайындықтан өткізді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:225
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қараша 2025 15:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see165

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see161

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see126

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see125

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see111

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see110

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see110

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see109

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see108

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see108

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see107

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see103

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see103

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see103

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары